Мәжіліс Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның 2025 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін қарайды Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен өткен Бюро отырысында алдағы жалпы отырыстың күн тәртібінің жобасы нақтыланды. Депутаттар…
🇰🇿 Қорғаныс министрі Бурабайда өтетін «Айбын» халықаралық жиынына дайындық барысын тексерді Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледждің «Амандық» полигонында қорғаныс ведомствосының басшысы авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов қатысушыларды қабылдау мен орналастыру, оған қоса жарыс алаңдарын жабдықтау мәселелерін жан-жақты зерделеді. Инспекциялық іс-шараларға Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов та қатысты. 🇰🇿 Министр обороны проверил готовность объектов к проведению международного сбора «Айбын» в Боровом На полигоне «Амандык» Военного колледжа имени Шокана Уалиханова руководитель оборонного ведомства генерал-лейтенант авиации Даурен Косанов детально изучил вопросы, связанные с приемом и размещением участников, а также обустройством соревновательных площадок. В инспекционных мероприятиях также принял участие аким Акмолинской области Марат Ахметжанов. 🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com
🔹 Қазақстанның ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясының отырысы туралы 🔸 О заседании Национальной комиссии Казахстана по делам ЮНЕСКО и ИСЕСКО 🔹 Meeting of Kazakhstan's National Commission for UNESCO and ICESCO @PressMFAKZ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында Астана, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында TALDAU қоғамдастығының ұйымдастыруымен экологиялық акция өтті. Шара барысында қатысушылар қоғамдық аумақтарды тазалап, қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу мәдениетін насихаттады. Жиналған қоқыс арнайы санаттарға бөлініп, қайта өңдеуге жіберілді. Экологиялық бастамаға Сарапшылар клубының мүшелері, «Талдау мектебінің» түлектері мен белсенді жастар қатысып, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қараудың маңызын көрсетті. Акцияға жалпы саны 200-ге жуық адам атсалысты. 🚀@senate_kz
✅«Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында Қызылорда жүргізушілеріне теміржол өткелдерінен жүру ережелері еске салынды 🔵Қызылорда облысында «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы шеңберінде магистральдық желінің Қызылорда бөлімшесі ұйымдастырған «Қауіпсіз өткел» республикалық профилактикалық акциясы өтті. 🔵Іс-шараға Шиелі ауданы әкімшілік полициясының, желілік полиция бөлімінің қызметкерлері және Байгеқұм ауылдық округі әкімдігінің өкілдері қатысты. 🔵Акция Бигеқұм станциясы ме №20 разъезд арасындағы теміржол өткелінде өтті, ол арқылы күн сайын 50 пойыз өтіп, автомобиль көлігінің қозғалысы жүзеге асырылады. 🔵Акцияға қатысушылар жүргізушілермен профилактикалық әңгімелер өткізіп, теміржол өткелдерін қауіпсіз кесіп өту ережелері мен оларды бұзғаны үшін жауапкершілікті еске салды, сондай-ақ ақпараттық жадынамалар таратты. 🔵Қауіпсіздік мәселелері бойынша нұсқаулықтан 31 жеңіл, жүк және ауыл шаруашылығы көлігінің жүргізушісі өтті. 🔵Мұндай іс-шаралар жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және теміржол өткелдеріндегі қауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған. ➖➖➖ ✅В рамках концепции «Закон и порядок» кызылординским водителям напомнили правила проезда железнодорожных переездов 🔵В Кызылординской области состоялась республиканская профилактическая акция «Безопасный переезд», организованная Кызылординским отделением магистральной сети в рамках концепции «Закон и порядок». 🔵В мероприятии приняли участие сотрудники административной полиции Шиелийского района, линейного отдела полиции и представители акимата Байгекумского сельского округа. 🔵Акция прошла на железнодорожном переезде между станцией Бигекум и разъездом №20, через который ежедневно проходят 50 поездов и осуществляется движение автомобильного транспорта. 🔵Участники акции провели профилактические беседы с водителями, напомнили о правилах безопасного пересечения железнодорожных переездов и ответственности за их нарушение, а также раздали информационные памятки. 🔵Инструктаж по вопросам безопасности прошел 31 водитель легкового, грузового и сельскохозяйственного транспорта. 🔵Подобные мероприятия направлены на предупреждение дорожно-транспортных происшествий и повышение культуры безопасности на железнодорожных переездах.
🙂Сенат Төрағасының орынбасары Жақып Асанов ТМД Парламентаралық Ассамблеясынан халықаралық байқаушылар миссиясының үйлестірушісі ретінде Армениядағы парламенттік сайлауды бақылау жұмысына кірісті. Сапар аясында сенатор Грузия мен Арменияда бірқатар кездесулер өткізіп, тиімді басқару және жобалық менеджмент тақырыбында дәріс оқыды. Батумидегі мұнай терминалы қызметкерлерімен және Армения Үкіметі жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының тыңдаушыларымен кездесуде басқарудағы жобалық тәсілдің артықшылықтарына тоқталды. Жақып Асанов Қазақстанның құқық қорғау және сот жүйесін жаңғырту тәжірибесін таныстырып, жүйедегі артық процестерді қысқарту мен ресурстарды тиімді пайдалану табысты реформалардың басты шарты екенін атап өтті. 🚀@senate_kz
🔹 Қазақстан мен Словения: ұзақ мерзімді серіктестіктің негізіндегі жасанды интеллект 🔸 Казахстан и Словения: ИИ - основа долгосрочного партнерства 🔹 Kazakhstan and Slovenia: AI at the Heart of a Long-Term Partnership @PressMFAKZ
🔹 Қазақстанның Халықаралық су ұйымын құру жөніндегі бастамасы ЮНЕСКО-ның гидрологиялық алаңында таныстырылды 🔸 Инициативу Казахстана по международной водной организации представили на гидрологической платформе ЮНЕСКО 🔹 Kazakhstan’s Initiative for International Water Organization Presented at UNESCO’s Hydrological Platform @PressMFAKZ
✉️Глава государства поздравил Короля Швеции Карла XVI Густава с Национальным днем 🇰🇿🇸🇪В своем поздравительном послании Касым-Жомарт Токаев подчеркнул впечатляющие успехи страны в продвижении повестки устойчивого развития, внедрении инноваций и расширении международного сотрудничества. Президент также отметил высокий уровень казахско-шведских отношений, выразив уверенность в их дальнейшем укреплении во благо народов двух стран. Глава государства пожелал Королю Карлу XVI Густаву и дружественному народу Швеции процветания и благополучия. t.me/aqorda_resmi
✉️ Мемлекет басшысы Швеция Королі XVI Карл Густавты Ұлттық күнмен құттықтады 🇰🇿🇸🇪Қасым-Жомарт Тоқаев хатта аталған елдің орнықты даму, инновацияларды енгізу және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту бағыттарында тамаша табысқа қол жеткізгенін атап өткен. Сондай-ақ Президент жоғары деңгейдегі Қазақстан-Швеция қарым-қатынасы қос халықтың игілігі жолында алдағы уақытта да нығая беретініне сенім білдірді. Мемлекет басшысы Швеция Королі XVI Карл Густавқа және достас швед халқына құт-береке тіледі. t.me/aqorda_resmi
Шығармашыл жастардың шетелдік жоғары оқу орындарында оқуына және тағылымдамадан өтуіне мүмкіндіктер 📌 Қазіргі уақытта қазақстандық шығармашыл жастар «Болашақ», Erasmus+, DAAD, Fulbright, Chevening және басқа да халықаралық бағдарламалар арқылы әлемнің жетекші…
Шығармашыл жастардың шетелдік жоғары оқу орындарында оқуына және тағылымдамадан өтуіне мүмкіндіктер 📌 Қазіргі уақытта қазақстандық шығармашыл жастар «Болашақ», Erasmus+, DAAD, Fulbright, Chevening және басқа да халықаралық бағдарламалар арқылы әлемнің жетекші университеттерінде білім алу мүмкіндігіне ие. «Болашақ» стипендиясы аясында «Креативті индустриялар, шығармашылық, өнер» бағыты бойынша жыл сайын магистратура бағдарламаларына қабылдау жүргізіледі. Бағдарламаларға Royal Conservatoire of Scotland, University of Reading, Regent London, Stanford University, New York Film Academy және басқа да жетекші шығармашылық оқу орындары кіреді. Бұдан бөлек, «Болашақ» бағдарламасы мәдениет саласы қызметкерлеріне арналған тағылымдамаларды, сондай-ақ шығармашылық жоғары оқу орындарының оқытушылары үшін ғылыми тағылымдамаларды да қарастырады. Бұл олардың біліктілігін және зерттеу деңгейін арттыруға бағытталған. Басымдық берілген мамандықтар тізіміне арт-менеджмент, актерлік өнер, музыка және вокал, дирижерлік, дизайн, сәндік-қолданбалы және бейнелеу өнері, кескіндеме, мүсін өнері, операторлық өнер, режиссура, продюсерлік, театр, кино және ТВ, анимация және өнертану кіреді. Үкімет жас орындаушыларға арналған фестивальдер мен байқаулар өткізеді, оның ішінде скрипкашылар, пианистер, балет әртістері, вокалистер және дәстүрлі орындаушылар арасындағы халықаралық жарыстар бар. Мұндай алаңдар жастардың шығармашылық әлеуетін ашуға және кәсіби дамуын қолдауға мүмкіндік береді. Мемлекеттік қолдаудың арқасында қазақстандық әртістер халықаралық беделді байқаулар мен фестивальдерде табысты өнер көрсетіп жүр. Бибігүл Төлегенованың байқауы, Петр Чайковский атындағы байқау, Екатерина Максимова атындағы «Арабеск», Витебск қаласындағы «Славян базары», сондай-ақ World Dance Council, World DanceSport Federation және International Dance Sport Union турнирлері сияқты бірқатар жарыстардың жеңімпаздарына гранттар беріледі және шығармашылық оқу орындарына конкурстан тыс түсуге мүмкіндік қарастырылған. 📱 @KZgovernment
Государственная поддержка творческой молодежи и деятелей культуры 📌 В Казахстане реализуется комплекс мер по поддержке деятелей культуры, литературы и творческой молодежи. С 2023 года вручается специальная литературная премия Президента Республики Казахстан…
Шығармашылық жастар мен мәдениет қайраткерлерін мемлекеттік қолдау 📌Қазақстанда мәдениет, әдебиет қайраткерлері мен шығармашыл жастарды қолдау бойынша кешенді шаралар жүзеге асырылуда. 2023 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Президенті жас жазушылар…
Шығармашылық жастар мен мәдениет қайраткерлерін мемлекеттік қолдау 📌Қазақстанда мәдениет, әдебиет қайраткерлері мен шығармашыл жастарды қолдау бойынша кешенді шаралар жүзеге асырылуда. 2023 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Президенті жас жазушылар…
Шығармашылық жастар мен мәдениет қайраткерлерін мемлекеттік қолдау 📌Қазақстанда мәдениет, әдебиет қайраткерлері мен шығармашыл жастарды қолдау бойынша кешенді шаралар жүзеге асырылуда. 2023 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Президенті жас жазушылар мен ақындарға арналған арнайы әдеби сыйлықты табыстап келеді. Оның лауреаттары болып 12 автор танылды, жалпы берілген сыйлық көлемі 50 млн теңгені құрады. Марапат төрт бағыт бойынша беріледі: проза, поэзия, драматургия және балалар әдебиеті. Ұлттық әдеби «Айбозды» сыйлығы да жалғасып келеді. 2022 жылдан бері оның лауреаттары қатарында 28 қаламгер бар, ал жалпы жүлде қоры 140 млн теңгені құрады. Сыйлық қазіргі әдебиеттің негізгі жанрларын қамтиды, соның ішінде проза, поэзия, драматургия, аударма, балалар әдебиеті, әдеби сын және комикс бар. Оқуға деген қызығушылықты арттыруға ерекше көңіл бөлінуде. 2025 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша алғаш рет республикалық деңгейде Ұлттық кітап күні аталып өтті. Соның аясында еліміз бойынша шамамен 300 іс-шара ұйымдастырылды. Сондай-ақ тоғыз номинациядан тұратын «Ұлттық кітап» байқауы өткізіліп, «Жыл кітабы» Гран-приі табысталды. Жас жазушыларды қолдау мақсатында 2024–2025 жылдары арнайы гранттар 40 авторға беріліп, олардың нәтижесінде кітаптары жарық көрді. Сонымен қатар Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Ерлік пен еңбек дастаны» атты шығармашылық байқау өткізіліп, оның жеңімпаздары ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Дарынды жастарды қолдаудың негізгі құралдарының бірі – ғылым, шығармашылық және спорт салаларындағы жетістіктері үшін берілетін «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы. Бүгінгі күнге дейін 380 адам лауреат атанды. Сыйлық иегерлеріне диплом, төсбелгі және 1 млн теңге көлемінде ақшалай сыйақы табысталады. 2021 жылдан бастап Мемлекет басшысының бастамасымен жыл сайын «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты тағайындалып келеді. Оның мөлшері 3 млн теңгені құрайды. Бұл грант белсенді шығармашыл жастардың жаңа идеялары мен бастамаларын қолдауға бағытталған. Осы уақытқа дейін оның иегері атанғандар саны 153 адамды құрады. Сонымен қатар жыл сайын 75 мәдениет қайраткеріне мемлекеттік стипендия тағайындалады. Биылдан бастап оның мөлшері екі есеге ұлғайып, 5 млн теңгені құрады. Мемлекет басшысының тапсырмасымен дәстүрлі өнер шеберлерін қолдауға және ұлттық мәдени мұраға деген қызығушылықты арттыруға бағытталған «Асыл мұра» ұлттық сыйлығы құрылуда. Бұл марапат Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұсынысы негізінде Президент Жарлығымен мәдениет пен өнер саласындағы ең талантты өкілдерге табысталатын болады. Бір уақытта ведомство шетелде танылған мәдениет өкілдерін ынталандырудың жаңа тетігін әзірлеуде. Қазірдің өзінде республикалық іріктеудің ережелері дайындалып жатыр, оның қорытындысы бойынша кемінде он елдің қатысуымен өтетін халықаралық байқаулар мен фестивальдердің жеңімпаздары мен лауреаттары марапатталады. Марапаттар бірнеше бағыт бойынша беріледі деп жоспарланған: музыка, театр, хореография және балет, бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер, кино және анимация. Қазіргі уақытта бұл шараны 2027 жылдан бастап республикалық бюджет есебінен қаржыландыру мәселесі пысықталуда. Сонымен қатар жоғары нәтижелерге қол жеткізген қатысушылар мен олардың тәлімгерлері ақшалай сыйақылар, гранттар, ведомстволық наградалар және арнайы төлемдер ала алады. Мұндай қолдаудың көлемі мен тәртібі іс-шараның деңгейіне, мекеме мәртебесіне және уәкілетті немесе жергілікті атқарушы органдардың шешімдеріне байланысты болады. Жыл сайын еліміздің мәдениет пен өнер саласының дамуына елеулі үлес қосқан тұлғалар мемлекеттік наградалармен марапатталады. 2026 жылы Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай 120 азамат марапатқа ие болды. Жас дарындарды қолдау шығармашылық мектептер, гранттық бағдарламалар, байқаулар, фестивальдер, білім беру жобалары мен стипендиялар арқылы жүзеге асырылуда. Бұл жұмыста қоғамдық және қайырымдылық қорлар, сондай-ақ шығармашылық одақтар да маңызды рөл атқарады.
Мәдениет саласы қызметкерлерін тұрғын үймен қолдау Мәдениет саласының мамандары тұрғын үйді қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларына жалпы негізде қатыса алады. Сонымен қатар, бірқатар өңірлерде әлеуметтік сала қызметкерлері үшін қосымша қолдау шаралары қарастырылған. Олардың қатарында қызметтік және жалдамалы тұрғын үй беру, сондай-ақ жеңілдетілген шарттармен несие ұсыну тетіктері бар. Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында Мәдениет және ақпарат министрлігі сала қызметкерлерін қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. 2024 жылы министрліктің Астана қаласындағы ведомстволық бағынысты ұйымдарында жұмыс істейтін қызметкерлерге 200 пәтер берілді. Бұл жұмыс 2026 жылы да жалғасын тапты: Алматы қаласындағы мәдениет ұйымдарының қызметкерлеріне қосымша 60 пәтер бөлінді. Пәтер кілттерін табыстау рәсімі Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері бірлесіп ұйымдастырды. Жалпы, Мемлекет басшысының қолдауымен мәдениет саласының қызметкерлеріне 260 пәтер берілді. Бұл шаралар мамандардың әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыруға, саладағы білікті кадрларды тұрақтандыруға және мәдениет саласындағы мамандардың беделін көтеруге ықпал етеді. ➖ Жилищная поддержка работников культуры В ряде регионов для работников социальной сферы предусмотрены дополнительные меры поддержки, включая служебное и арендное жилье, а также льготное кредитование. В рамках поручений Главы государства Правительством и проводится системная работа по обеспечению работников отрасли служебным жильем. В 2024 году 200 квартир были предоставлены сотрудникам организаций культуры, работающим в Астане. Эта работа продолжилась в 2026 году: дополнительно выделено 60 квартир для работников организаций культуры Алматы. Вручение ключей было организовано Министерством совместно с акиматами Астаны и Алматы. В целом при поддержке Главы государства работникам сферы культуры предоставлено 260 квартир. Эти меры способствуют повышению социальной защищенности специалистов, закреплению квалифицированных кадров и росту престижа профессий в сфере культуры. 📱 @KZgovernment
Мәдениет қызметкерлеріне арналған әлеуметтік кепілдіктер Бұл ретте көрнекті мәдениет және өнер қайраткерлерінің жекелеген санаттары үшін қосымша әлеуметтік кепілдіктер көзделген. «Қазақстанның Еңбек Ері», «Халық әртісі», «Халық жазушысы» атақтарын қоса алғанда…
Мәдениет қызметкерлеріне арналған әлеуметтік кепілдіктер Бұл ретте көрнекті мәдениет және өнер қайраткерлерінің жекелеген санаттары үшін қосымша әлеуметтік кепілдіктер көзделген. «Қазақстанның Еңбек Ері», «Халық әртісі», «Халық жазушысы» атақтарын қоса алғанда, жоғары мемлекеттік атақтар мен наградаларға ие болған адамдар, мемлекеттік сыйлықтардың лауреаттары, сондай-ақ ұлттық академиялардың академиктері тегін амбулаториялық-емханалық қызмет алуға және медициналық қамсыздандыруға құқылы. Бүгінде ҚР Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығында осындай құрметті атақтардың 494 иегеріне қызмет көрсетіледі. Бұдан басқа, азаматтардың осы санаттарына және олардың жұбайларына жылына бір рет Қазақстанда тегін санаториялық-курорттық емдеу және сауықтыру демалысы беріледі. Қазақстанда жалпы әлеуметтік кепілдіктермен қатар мамандығы ерекше физикалық жүктемелермен және еңбек жағдайларымен байланысты әртістер үшін де арнайы қолдау шаралары қарастырылған. «Мәдениет туралы» заңға сәйкес кемінде 20 жыл кәсіби өтілі бар және зейнеткерлік жасқа дейін мамандығы бойынша жұмысын аяқтаған балет әртістері ай сайынғы ақшалай төлемдер ала алады. Бүгінде мұндай қолдауды 56 қызметкер алып отыр, олар – hеспубликалық опера және балет театрларының 49 әртісі, сондай-ақ Астана, Алматы және Қарағандыда 7 қызметкер. Жыл сайын осы мақсаттарға республикалық бюджеттен 89 млн теңге бөлінеді. 2024 жылдың қаңтар айынан бері мұндай шара мемлекеттік мекемелердегі халық биі әртістері үшін де, зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлер үшін де қолданылады. Төлем жұмыс беруші соңғы жеті жыл ішінде міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеген жағдайда 55 жастан бастап тағайындалады. Ол зейнеткерлік жасқа толғанға дейін беріледі, жеке табыс салығы салынбайды және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы жүзеге асырылады. 📱 @KZgovernment
Развитие культурной инфраструктуры 📌Государством последовательно реализуются меры по строительству новых культурных объектов, модернизации действующей инфраструктуры и укреплению материально-технической базы учреждений культуры. За последние пять лет в стране…
Мәдени инфрақұрылымды дамыту 📌Мемлекет мәдени нысандар салу, қолданыстағы инфрақұрылымды жаңғырту және мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту шараларын кезең-кезеңімен жүзеге асырып келеді. Соңғы бес жылда елімізде 274 мәдени нысан…
Мәдени инфрақұрылымды дамыту 📌Мемлекет мәдени нысандар салу, қолданыстағы инфрақұрылымды жаңғырту және мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту шараларын кезең-кезеңімен жүзеге асырып келеді. Соңғы бес жылда елімізде 274 мәдени нысан…
Мәдени инфрақұрылымды дамыту 📌Мемлекет мәдени нысандар салу, қолданыстағы инфрақұрылымды жаңғырту және мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту шараларын кезең-кезеңімен жүзеге асырып келеді. Соңғы бес жылда елімізде 274 мәдени нысан салынды, сондай-ақ тағы 1293 нысанға жөндеу жұмыстары жүргізілді. Биыл 64 нысанның құрылысы жалғасын тауып, 130 нысанда жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Театр инфрақұрылымын дамытуға ерекше көңіл бөлінініп отыр. Кейінгі жылдары Астана қаласындағы Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық академиялық музыкалық-драма театры, Түркістан қаласындағы музыкалық-драма театры және Петропавл қаласындағы Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының жаңа ғимараттары пайдалануға берілді. Бұл бағыттағы жұмыстар қазір де жалғасуда. Бүгінгі таңда Ақтөбе және Қонаев қалаларындағы драма театрларында жаңа ғимараттар құрылысы жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар Шымкент қаласында опера театрының, Қызылорда қаласында драма театрының және Семей қаласында музыкалық-драма театрының құрылысын жүзеге асыру жоспарланып отыр. Сонымен қатар қолданыстағы мәдениет мекемелерін жаңғырту жұмыстары жалғасып келеді. Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры мен Наталия Сац атындағы Мемлекеттік академиялық орыс балалар мен жасөспірімдер театры ғимараттарын реконструкциялау жұмыстары жүргізілуде. Демеушілік қаражат есебінен Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында да жөндеу және жаңарту жұмыстары атқарылды. Атап айтқанда, кіреберіс бөлігі қайта жаңғыртылып, залдар мен қызметтік үй-жайлар жаңартылды. Музей және туристік инфрақұрылымды дамыту да басым бағыттардың бірі болып қала береді. 2025 жылы Астана қаласында жаңа Өнер музейі ашылды. Түркістан облысындағы «Сауран» және «Гауһар ана» визит-орталықтары мен Алматы облысындағы «Есік» визит-орталығының құрылысы жалғасуда. Сонымен қатар Бозоқ көне қалашығының археологиялық қазба жұмыстары негізінде құрылған ашық аспан астындағы ұлттық парк аумағында ортағасырлық сәулет үлгісіндегі қоршау салу жобасы жүзеге асырылып жатыр. Бұдан бөлек, демеушілік қаражат есебінен былтыр Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейі ғимаратына күрделі жөндеу жүргізілді. Алматы қаласындағы Орталық мемлекеттік музейдегі желдету және ауа баптау жүйелері жаңартылды. Өңірлердегі мәдениет үйлерінің материалдық-техникалық базасын нығайту бағытындағы жүйелі жұмыс «Қазақстан халқына» қоғамдық қорымен бірлесіп жүзеге асырылуда. Бұл бастама өз кезегінде ауылдық және өңірлік мәдениет ошақтарының мүмкіндіктерін кеңейтіп, халыққа көрсетілетін мәдени қызметтердің сапасын арттыруға ықпал етеді. Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, 2027 жылға дейін кітапханаларды жаңғырту жөніндегі жол картасы жүзеге асырылуда. 2025 жылы Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Түркістан облыстарында 3 жаңа кітапхана салынды. Сондай-ақ 13 кітапханаға күрделі жөндеу, 64 кітапханада ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді және 197 кітапхананың материалдық-техникалық базасы жаңартылды. Шығармашылық білім беру саласында да маңызды инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылуда. Алматыда Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының және Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк колледжінің студенттеріне арналған 500 орындық жатақхананың құрылысы басталды.
Еліміздегі мәдениет және өнер саласын қолдау шаралары Елімізде мәдениет пен өнерді қолдау мемлекеттікті нығайтуға, сондай-ақ дарынды, отансүйгіш әрі білімді жастардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасауға бағытталған жүйелі реформалардың маңызды құрамдас бөлігіне айналуда. Жаңа Конституцияда тарихи-мәдени мұраны сақтау жөніндегі маңызды норма бекітілген. Бұл мәдениет саласын дамытуға айрықша мән үстеп, қолдауды мемлекеттің басым міндеттерінің бірі ретінде айқындайды. Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес, мәдени инфрақұрылымды жаңғырту, сала қызметкерлерінің әлеуметтік кепілдіктерін күшейту, шығармашылық білім беруді дамыту және жас таланттарды қолдаудың жаңа мүмкіндіктерін қалыптастыру жөніндегі жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Аталған шаралар мәдени қызметтер сапасын арттыруға, ұлттық мұраны сақтау мен отандық өнерді елімізде әрі халықаралық деңгейде кеңінен дәріптеуге бағытталған. ➖ Меры поддержки в сфере культуры и искусства в Казахстане В Казахстане поддержка культуры и искусства становится важной частью системных преобразований, направленных на укрепление государства и создание условий для развития талантливой, патриотичной и образованной молодежи. В новой Конституции закреплена важная норма о сохранении историко-культурного наследия, что придает развитию сферы культуры особое значение и делает ее поддержку одной из обязанностей государства. С учетом поручений Главы государства последовательно модернизируется культурная инфраструктура, усиливаются социальные гарантии работников отрасли, развивается творческое образование и создаются новые возможности для молодых талантов. Эти меры направлены на повышение качества культурных услуг, сохранение национального наследия и продвижение отечественного искусства в Казахстане и за рубежом. 📱 @KZgovernment
🗣КТЖ завершило оснащение системой Trip Optimizer более 92% парка тепловозов ТЭ33А ➡️КТЖ продолжает внедрение интеллектуальной системы управления поездом Trip Optimizer. ➡️По состоянию на конец мая на сети КТЖ установлено 393 комплекта интеллектуальной системы автоматизированного управления поездом Trip Optimizer (ТО) из предусмотренных 425. Оснащение оставшихся локомотивов планируется завершить до конца июля текущего года в сервисных центрах Актобе, Макат, Сексеул и Аягоз. ➡️Trip Optimizer представляет собой интеллектуальную систему автоматизированного управления поездом, работающую по принципу круиз-контроля. ➡️Система рассчитывает оптимальный режим ведения поезда с учетом профиля пути, массы состава, характеристик локомотива, действующих ограничений скорости и других эксплуатационных параметров. Это позволяет повысить топливную эффективность, обеспечить соблюдение установленного графика движения и оказать дополнительную поддержку локомотивным бригадам в процессе управления поездом. ➡️На сегодняшний день в промышленную эксплуатацию введено 48 из 65 запланированных участков обращения локомотивов с использованием системы Trip Optimizer. ➡️Параллельно продолжается работа по цифровизации железнодорожной инфраструктуры. ➡️В рамках формирования цифровой карты маршрутов оцифрировано 9 675 км пути из запланированных 10 000 км.
🗣ҚТЖ Тrip Optimizer жүйесімен ТЭ33А тепловоздар паркінің 92% - дан астамын жабдықтауды аяқтады ➡️ҚТЖ Тrip Optimizer пойызды басқарудың зияткерлік жүйесін енгізуді жалғастыруда. ➡️Мамыр айының соңындағы жағдай бойынша ҚТЖ желісінде көзделген 425-тен 393 Тrip Optimizer (ТО) пойызды автоматтандырылған басқарудың зияткерлік жүйесінің жиынтығы орнатылды. Қалған локомотивтерді жарақтандыруды ағымдағы жылдың шілде айының соңына дейін Ақтөбе, Мақат, Сексеуіл және Аягөз сервистік орталықтарында аяқтау жоспарлануда. ➡️Trip Optimizer – круиздік бақылау принципі бойынша жұмыс істейтін интеллектуалды автоматтандырылған пойызды басқару жүйесі. ➡️Жүйе жолдың профилін, құрамның массасын, локомотивтің сипаттамаларын, қолданыстағы жылдамдық шектеулерін және басқа да пайдалану параметрлерін ескере отырып, пойызды жүргізудің оңтайлы режимін есептейді. Бұл отын тиімділігін арттыруға, белгіленген қозғалыс кестесін сақтауға және пойызды басқару процесінде локомотив бригадаларына қосымша қолдау көрсетуге мүмкіндік береді. ➡️Бүгінгі таңда Trip Optimizer жүйесін пайдалана отырып, жоспарланған 65 локомотив айналымының 48-і өнеркәсіптік пайдалануға берілді. ➡️Сонымен қатар теміржол инфрақұрылымын цифрландыру жұмыстары жалғасуда. ➡️Маршруттардың цифрлық картасын қалыптастыру шеңберінде жоспарланған 10 000 км-ден 9 675 км жол цифрландырылды.
🔹 Киберқауіптерден есірткі трафигіне дейін: ШЫҰ елдерінің ішкі істер министрлері қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты күшейтуде Толық ақпарат сайтта. 🔹 От киберугроз до наркотрафика: министры внутренних дел стран ШОС усиливают сотрудничество в сфере безопасности Подробная информация на сайте.
🔹 Ғылыми серіктестіктегі шексіздік: Астанадағы атом дипломатиясының күндері 🔸 Научное партнёрство без границ: дни атомной дипломатии в Астане 🔹 Scientific Partnership without Borders: Days of Atomic Diplomacy in Astana @PressMFAKZ
СҚО-да машина жасау саласының өсу қарқыны бір жарым есе артты: Президент тапсырмалары өңірдің экономикасы мен басты байлығын қалай өзгертуде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлердің тұрақты дамуын қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру…