ҚР Парламенті Мәжілісі » публикация №20292
Мәжіліс Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның 2025 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін қарайды Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен өткен Бюро отырысында алдағы жалпы отырыстың күн тәртібінің жобасы нақтыланды. Депутаттар Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Жоғары аудиторлық палатасының 2025 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін талқылайды. Биыл Үкімет есебі алғаш рет жаңа Бюджет кодексінің талаптарын ескере отырып жасалды. Мәліметтерге сүйенсек, Қазақстан экономикасы 2025 жылы 6,5 пайыз деңгейінде жоғары өсім көрсетті, бастапқы болжам 5,6 пайыз деңгейінде болған. Мұндай нәтижеге мұнай өндірісінің ұлғаюы, инвестициялық белсенділіктің жоғарылығы, ішкі сұраныстың өсуі, сондай-ақ құрылыс, көлік, сауда және өңдеу өнеркәсібінің жедел дамуы есебінен қол жеткізілді. Сондай-ақ күн тәртібінде Қазақстан Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті арасындағы екі елдің елшіліктерінің мұқтаждықтары үшін Астана қаласы мен Бішкек қаласындағы ғимараттар мен жер учаскелерін, сондай-ақ Төтенше және Өкілетті Елшілердің резиденцияларын өзара өтеусіз пайдалануға беру туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын қарау ұсынылады. Келісім нормаларында жер учаскелері мен жылжымайтын мүлікті беру тәртібі мен шарттары айқындалады. Бұған қоса, екінші оқылымда депутаттар «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» кодекске енгізілген түзетулерді және экологиялық мәселелер бойынша заңнамалық өзгерістерді қарайды. Толығырақ mazhilis.parlam.kz сайтында. Мәжіліс жаңалықтарынан хабардар болыңыз! Біздің әлеуметтік желілерімізге жазылыңыз. 📱Instagram 📱Facebook 📱YouTube 📱TikTok 📱 Telegram
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























