ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі » публикация №7645
❗️ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы 🔹 ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы сыбайлас жемқорлықты анықтау және жолын кесу бойынша жұмысты жалғастыруда. 🔹 2026 жылдың басынан бері Астана қаласында, Ақмола және Павлодар облыстарында автомектептердің қызметін ұйымдастыру және жүргізуші куәліктерін ресімдеу кезінде заңсыз сыйақы алу және өкілеттіктерді теріс пайдалану фактілері анықталды. 🔹 Астана қаласында Мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО) басшысының бұрынғы орынбасары жүйелі түрде пара алу арқылы азаматтарға емтихан тапсыруға және жүргізуші куәлігін алуға жәрдемдескені үшін әшкереленді. 🔹 Жалпы сомасы 100 млн теңгеден асатын 60-тан астам факті процестік түрде құжатталды. 🔹 Сондай-ақ, Көкшетау қаласындағы Мамандандырылған ХҚКО және Екібастұз қаласындағы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалдары басшыларының заңсыз әрекеттерінің жолы кесілді. Олардың жалған тұлғалар арқылы емтихан тапсыруды ұйымдастырғаны үшін ақшалай қаражат алғаны анықталды. 🔹 Бұдан бөлек, Астана, Шымкент және Тараз қалаларындағы «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалдарында жылжымайтын мүлікті қайта тіркеу және ауыртпалықтарды алып тастау кезінде өз өкілеттіктерін теріс пайдаланған лауазымды тұлғалардың заңсыз баю фактілері анықталды. 🔹 Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. ✔️ ҰҚК баспасөз қызметі ____________________ ❗️ О противодействии коррупции 🔹 СПК КНБ продолжается работа по выявлению и пресечению коррупции в сфере государственных услуг. 🔹 С начала 2026 года в г.Астана, Акмолинской и Павлодарской областях установлены факты получения незаконных вознаграждений и злоупотребления полномочиями при организации деятельности автошкол и оформлении водительских удостоверений. 🔹 Так, в Астане изобличен бывший заместитель главы СпецЦОНа, который на системной основе за взятки оказывал содействие гражданам в сдаче экзаменов и получении водительских прав. 🔹 Процессуально задокументировано более 60 фактов на сумму свыше 100 млн тенге. 🔹 Также пресечена незаконная деятельность руководителей филиалов СпецЦОНа г.Кокшетау и НАО «Государственная корпорация «Правительство для граждан» г.Экибастуз. Установлено, что они получали денежные средства за организацию сдачи экзаменов подставными лицами. 🔹 Кроме того, в филиалах НАО «Государственная корпорация «Правительство для граждан» в Астане, Шымкенте и Таразе выявлены факты незаконного обогащения должностными лицами, злоупотреблявшими своими полномочиями при перерегистрации недвижимого имущества и снятии обременений. 🔹 По указанным фактам проводятся досудебные расследования. Иная информация в соответствии со статьей 201 Уголовно-процессуального кодекса разглашению не подлежит. ✔️ Пресс-служба КНБ
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























