UKIMET » публикация №24161
Еліміздегі мәдениет және өнер саласын қолдау шаралары Елімізде мәдениет пен өнерді қолдау мемлекеттікті нығайтуға, сондай-ақ дарынды, отансүйгіш әрі білімді жастардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасауға бағытталған жүйелі реформалардың маңызды құрамдас бөлігіне айналуда. Жаңа Конституцияда тарихи-мәдени мұраны сақтау жөніндегі маңызды норма бекітілген. Бұл мәдениет саласын дамытуға айрықша мән үстеп, қолдауды мемлекеттің басым міндеттерінің бірі ретінде айқындайды. Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес, мәдени инфрақұрылымды жаңғырту, сала қызметкерлерінің әлеуметтік кепілдіктерін күшейту, шығармашылық білім беруді дамыту және жас таланттарды қолдаудың жаңа мүмкіндіктерін қалыптастыру жөніндегі жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Аталған шаралар мәдени қызметтер сапасын арттыруға, ұлттық мұраны сақтау мен отандық өнерді елімізде әрі халықаралық деңгейде кеңінен дәріптеуге бағытталған. ➖ Меры поддержки в сфере культуры и искусства в Казахстане В Казахстане поддержка культуры и искусства становится важной частью системных преобразований, направленных на укрепление государства и создание условий для развития талантливой, патриотичной и образованной молодежи. В новой Конституции закреплена важная норма о сохранении историко-культурного наследия, что придает развитию сферы культуры особое значение и делает ее поддержку одной из обязанностей государства. С учетом поручений Главы государства последовательно модернизируется культурная инфраструктура, усиливаются социальные гарантии работников отрасли, развивается творческое образование и создаются новые возможности для молодых талантов. Эти меры направлены на повышение качества культурных услуг, сохранение национального наследия и продвижение отечественного искусства в Казахстане и за рубежом. 📱 @KZgovernment
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























