Aqorda » публикация №33011
7. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі мен Ресей Федерациясы Орталық банкі арасындағы қазақстандық теңге/ресейлік рубль валюталық своп туралы екіжақты келісім; 8. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі мен Ресей Федерациясы Орталық банкі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум; 9. Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы Көлік министрліктері арасындағы көліктегі цифрландыруды дамыту саласы бойынша ведомствоаралық ынтымақтастық жөніндегі іс-шаралар жоспары; 10. Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі мен Ресей Федерациясы Экологиялық, технологиялық және атомдық қадағалау федералды қызметі арасында Ядролық және радиациялық қауіпсіздікті реттеу саласы бойынша ведомствоаралық ынтымақтастық жөніндегі 2026-2030 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары; 11. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Ресей Федерациясы Тұтынушылардың құқықтарын және адамның әл-ауқатын қорғау саласындағы федералдық қадағалау қызметі арасындағы ынтымақтастық бойынша нақты іс-шаралар жоспары; 12. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен «Ресей темір жолы» АҚ темір жолмен жүк тасымалын цифрландыруды дамыту бойынша бірлескен іс-шаралар жоспары. ✍️Сондай-ақ сапар барысында келесі құжаттарға қол қойылды: 1. Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасына қарасты «Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені» ШЖҚ РМК мен «TATMEDIA» АҚ арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум; 2. «Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы мен «Ресей Федерациясы Экономикалық даму министрлігінің Бүкілресейлік сыртқы сауда академиясы» Федералдық мемлекеттік бюджеттік жоғары оқу орны арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум. t.me/aqorda_resmi





























