Aqorda » публикация №32998
Ресей Президенті бүгінгі келіссөздердің іскерлік және конструктивті сипаты екі елдің достық және тату көршілік қарым-қатынасына сай келетінін айтты – Біз саясат, экономика, мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ықпалдастықтың негізгі мәселелерін талқыладық. Халықаралық күн тәртібіндегі өзекті тақырыптарды қозғадық. Қазақстан-Ресей байланысын нығайтудың басым міндеттері бекітілген бірлескен мәлімдемеге қол қойдық. Энергетика, қаржы секторларынан бастап, денсаулық сақтау және білім беру секілді түрлі саланы қамтитын маңызды үкіметаралық және ведомствоаралық құжаттар қабылданды. Келіссөздер барысында экономикалық ықпалдастыққа баса назар аударылды. Былтыр екі елдің тауар айналымы шамамен 29 миллиард долларды құрады. 30 миллиард долларлық межеге батыл қадам басып келеміз. Таяу арада бұл көрсеткішті те еңсеретінімізге еш күмән жоқ. Бүгінгі сапар мен келіссөздер халықтарымыздың игілігі үшін Ресей-Қазақстан сан қырлы ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға серпін береріне сенімдімін, – деді Владимир Путин. t.me/aqorda_resmi





























