POLISIA.KZ » публикация №17220
🚫💊 Абай облысында полицейлер ерекше форматта флешмоб ұйымдастырды 26 мамыр мен 26 маусым аралығында өтетін Халықаралық нашақорлыққа және есірткі бизнесінің заңсыз айналымына қарсы айлықтың ашылуына орай Абай облысы полиция департаменті мен Абай облысының әкімдігі ауқымды флешмоб ұйымдастырды. Бұл жолы жастар жай ғана акцияға қатысқан жоқ — олар қоғамға үн қатты. Бір мақсат, бір үн, бір жүрек болып біріккен мың жас алаң төрінде "STOP" сөзін бейнелеп, есірткіге қарсы батыл ұстанымдарын көрсетті. Аспаннан қарағанда анық көрінетін бұл көрініс — болашаққа жасалған үндеу, өмірді таңдаған жастардың символына айналды. Флешмобтың басты идеясы — "Бір адамның таңдауы — бір тағдыр, ал мыңдаған жастың таңдауы — тұтас ұлттың болашағы" деген маңызды ойды жеткізу. Қазіргі таңда нашақорлық — тек бір адамның мәселесі емес, тұтас қоғамның дерті. Сондықтан бұл бастама жастардың санасына серпіліс беріп, салауатты өмір салтын насихаттаудың тың үлгісіне айналды. #ЗАҢМЕНТӘРТІП *** 🚫💊 Полицейские организовали флешмоб в особом формате в области Абай В честь открытия месячника, приуроченного к международному дню борьбы с наркоманией и незаконным оборотом наркотиков, который проходит с 26 мая по 26 июня, департамент полиции области Абай совместно с акиматом области организовал масштабный флешмоб. В этот раз молодежь не просто участвовала в акции — они обратились к обществу. Около 1000 участников на площади выстроились в слово "STOP", выразив свою решительную позицию против наркотиков. Композиция, хорошо видимая с воздуха, стала символом выбора жизни и обращения к будущему. Главная идея флешмоба — донести мысль: "Выбор одного человека — одна судьба, а выбор тысяч молодых людей — будущее целой нации". Сегодня наркомания — это не проблема одного человека, а проблема всего общества. Поэтому данная инициатива стала эффективным способом привлечения внимания молодежи и популяризации здорового образа жизни. #ЗАКОНИПОРЯДОК 📱 POLISIA.KZ





























