Life News Новостной агрегатор

Aqorda » публикация №34048

Источник: Aqorda

Президент цифрлық логистиканы және әлеуеті зор көлік дәліздерін дамытқан жөн деп санайды – Қазақстан Қытайды Орталық Азиямен, Кавказбен, Таяу Шығыспен және Еуропамен байланыстыратын негізгі көлік-логистика хабы болуға тиіс. Бұл – біздің стратегиялық мақсатымыз. Қазір еліміздің аумағы арқылы 13 халықаралық көлік дәлізі өтеді. Қытай мен Еуропа арасындағы теміржол тасымалының шамамен 85 пайызы Қазақстан арқылы жүзеге асырылады. Соңғы он бес жылда мемлекет көлік және логистика инфрақұрылымын дамытуға 35 миллиард доллардан астам инвестиция салды. Біз жаңа теміржол желілерін тартып, Транскаспий көлік бағыты, яғни, Орта дәліз арқылы жүк тасымалдау мүмкіндігін арттырып жатырмыз. XXI ғасырда көлік дәлізінің бәсекеге қабілетін инфрақұрылымның сапасымен өлшеу жеткіліксіз. Қазір мұндай жобалардың табысты болуы, ең алдымен, деректер алмасу жылдамдығына, цифрлық ықпалдастық деңгейіне және логистиканың ашықтығына байланысты. Сондықтан біз халықаралық жүк тасымалына арналған бірыңғай цифрлық экожүйенің негізін қалап жатырмыз. Осы саладағы басты жоба – Smart Cargo платформасы. Бұл – кедендік, логистикалық және коммерциялық қызметтерді бір цифрлық ортаға біріктіретін бірыңғай цифрлық терезе. Басты мақсат – Еуразияның бірыңғай цифрлық көлік кеңістігін қалыптастыру. Бір сөзбен, деректер цифрлық желі арқылы қалай тез жіберілсе, тауарлар да шекарадан дәл сондай жылдам әрі тиімді өтетін кеңістік құруымыз керек. Қазақстан мен Қытай халықаралық сауданың тиімділігін арттыратын жаңа жаһандық стандарттарды бірлесіп орнықтыра алады деп санаймын. Қытайдың технология саласында жұмыс істейтін компанияларын, логистика операторларын және инфрақұрылым саласындағы инвесторларын осы ауқымды бастамаға белсене атсалысуға шақырамын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. ✔️Сондай-ақ Президент аса маңызды минералдарды игеру саласын перспективті бағыт ретінде атады. ✔️Ол Қазақстан стратегиялық ресурстардың қоры бойынша әлемдік көшбасшылар қатарына енетінін және халықаралық серіктестермен бірлесе қосылған құны жоғары өндірісті дамытуды көздейтінін мәлімдеді. t.me/aqorda_resmi

Читать на сайте источника →

#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство


Похожие новости

Aqorda » публикация №34083

Aqorda ·

Глава государства принял сопредседателя cовета директоров CATL Пань Цзяня ✔️Президент Касым-Жомарт Токаев обсудил с сопредседателем cовета директоров Contemporary Amperex Technology Co. Ltd. (CATL) Пань Цзянем перспективы долгосрочного сотрудничества в высокотехнологичных отраслях. ✔️Глава государства приветствовал готовность CATL к строительству в нашей стране завода по выпуску аккумуляторных батарей. ✔️Данное предприятие может стать первым производством подобного масштаба в Центральной Азии. ✔️Президент отметил, что Казахстан имеет все возможности для формирования полного производственного цикла от переработки сырья до выпуска готовой продукции. ✔️В свою очередь Пань Цзянь сообщил, что CATL рассматривает Казахстан как важного и надежного партнера для реализации совместных проектов по ключевым направлениям деятельности компании. ✔️В данном контексте глава СATL отметил, что его компания может оказать содействие Казахстану в достижении стратегической цели – углеродной нейтральности к 2060 году. ➡️Contemporary Amperex Technology (CATL), основанная в 2011 году, является мировым лидером по производству аккумуляторов для электромобилей (40% рынка) и входит в число крупнейших публичных компаний Китая. По итогам 2025 года объем реализации аккумуляторной продукции CATL достиг 661 ГВт/ч, выручка составила 62,6 млрд долларов, чистая прибыль – 10,6 млрд долларов. t.me/aqorda_resmi


Aqorda » публикация №34082

Aqorda ·

Мемлекет басшысы CATL директорлар кеңесінің теңтөрағасы Пань Цзяньды қабылдады ✔️Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Contemporary Amperex Technology Co. Ltd. (CATL) директорлар кеңесінің теңтөрағасы Пань Цзяньмен жоғары технология саласындағы ұзақмерзімді ынтымақтастық перспективасын талқылады. ✔️Мемлекет басшысы CATL компаниясының елімізде аккумулятор батареяларын шығаратын зауыт салу бастамасын құптады. ✔️Бұл кәсіпорын Орталық Азияда осындай ауқымдағы алғашқы өндіріс орнына айналуы мүмкін. ✔️Президент Қазақстанның шикізатты өңдеуден бастап дайын өнім шығаруға дейінгі тұтас өндірістік циклді қалыптастыруға мүмкіндігі толық жететінін атап өтті. ✔️Пань Цзянь CATL Қазақстанды компания қызметінің басты бағыттары бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыратын маңызды әрі сенімді серіктес ретінде қарастыратынын жеткізді. ✔️Сонымен қатар оның компаниясы Қазақстанның 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөніндегі стратегиялық мақсатына жәрдемдесе алатынын айтты. ➡️Contemporary Amperex Technology (CATL) 2011 жылы құрылған, электромобильдерге арналған аккумулятор өндірісі бойынша әлемдік көшбасшы саналады (нарықтың 40 пайызы) және Қытайдағы белгілі әрі ірі компаниялар қатарына кіреді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша CATL аккумулятор өнімдерін сату көлемі 661 ГВт-сағатқа жетіп, табыс 62,6 миллиард долларды, соның ішінде таза пайда 10,6 миллиард долларды құрады. t.me/aqorda_resmi



Aqorda » публикация №34081

Aqorda ·

Глава государства принял партнера и президента Xiaomi Corporation Лу Вэйбина 🟦В ходе беседы с руководством компании, являющейся одним из мировых лидеров в сфере высоких технологий, были обсуждены перспективы взаимовыгодного сотрудничества. 🟦Президент Касым-Жомарт Токаев подчеркнул, что Казахстан уделяет особое внимание формированию современной цифровой экономики, развитию искусственного интеллекта и высокотехнологичной промышленности. 🟦Глава государства отметил растущую популярность бренда Xiaomi в нашем регионе. Учитывая колоссальный опыт компании во внедрении передовых технологий, было предложено изучить потенциал реализации совместных проектов в области ИИ, вычислительных мощностей, облачных технологий и цифровых платформ. 🟦В свою очередь Лу Вэйбин поделился стратегическими планами развития корпорации. 🟦Руководство Xiaomi рассматривает возможности перехода к более упорядоченной дистрибуции на рынке Казахстана и Центральной Азии. 🟦В повестке дня также стоит вопрос о подготовке местных кадров для обслуживания сложных ИИ-систем. 🟦В этом контексте Глава государства отметил заинтересованность нашей страны в налаживании партнерства в области производства электромобилей, аккумуляторов, а также интеллектуальных транспортных систем. 🟦В завершение Касым-Жомарт Токаев подтвердил готовность поддержать инициативы компании Xiaomi, направленные на расширение сферы деятельности на рынке Казахстана и развитие долгосрочного стратегического партнерства. t.me/aqorda_resmi


Aqorda » публикация №34080

Aqorda ·

Мемлекет басшысы Xiaomi корпорациясының президенті Лу Вэйбинмен кездесті 🟦Жоғары технологиялар саласында әлемдік көшбасшылардың бірі саналатын компанияның жетекшісімен әңгімелесу барысында өзара тиімді ынтымақтастық перспективасы талқыланды. 🟦Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның заманауи цифрлық экономика қалыптастыруға, жасанды интеллект пен жоғары технологиялық өнеркәсіпті дамытуға баса мән беріп отырғанын айтты. 🟦Мемлекет басшысы өңірде Xiaomi брендіне сұраныс арта түскенін атап өтті. Компанияның озық технологияларды игеруде тәжірибесі мол екенін ескеріп, жасанды интеллектіні, есептеуіш қуатын, «бұлтты» технологияларды және цифрлық платформаларды дамыту бағытында бірлескен жобаларды іске асыру әлеуетін зерделеп көру ұсынылды. 🟦Лу Вэйбин корпорацияның стратегиялық даму жоспарымен таныстырды. 🟦Xiaomi басшылығы Қазақстан мен Орталық Азия нарығында дистрибуцияны барынша реттеуді жоспарлап отыр. 🟦Сонымен қатар күрделі ЖИ-жүйелерге қызмет көрсету үшін жергілікті мамандарды даярлау мәселесі де күн тәртібінде тұр. 🟦Бұл ретте Президент еліміздің электромобиль, аккумулятор өндірісін жолға қоюға, сондай-ақ интеллектуалдық көлік жүйелерін дамытуға мүдделі екенін жеткізді. 🟦Мемлекет басшысы Xiaomi компаниясының Қазақстан нарығында қызмет аясын кеңейтуге және ұзақмерзімді стратегиялық серіктестікті нығайтуға бағытталған барлық бастамасын қолдауға дайын екенін растады. t.me/aqorda_resmi


POLISIA.KZ » публикация №17555

POLISIA.KZ ·

🚌 Түркістан облысында полицейлер жолда қалған шетелдік жолаушыларға көмек көрсетті Түркістан облысы аумағындағы республикалық маңызы бар Шымкент — Самара автожолында патрульдік полиция қызметкерлері қиын жағдайға тап болған шетел азаматтарына көмек көрсетті. Қызмет атқару барысында Түркістан облысы ПД патрульдік полиция батальонының инспекторы Бақнұр Сәрсенбекұлы жолдың 180-шақырымында техникалық ақауға байланысты тоқтап тұрған автобусты байқаған. Көлік Ресей Федерациясынан Қырғыз Республикасына бағыт алған. Тексеру кезінде жолаушылардың бірінің аптап ыстықтың әсерінен өзін жайсыз сезінгені анықталды. Ер адам жүрек тұсының ауырғанына шағымданған. Полицейлер дереу алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оның жағдайын қалыпқа келтірді. Сонымен қатар қауіпсіздік мақсатында шамамен 50 жолаушы эвакуацияланып, Түркістан қаласының кіреберісіндегі дәмханалардың біріне орналастырылды. Олар автобус толық жөнделгенге дейін сол жерде болды. Осы уақыт аралығында полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, азаматтарға қажетті көмек көрсетіп, жол қозғалысы жағдайын бақылауда ұстады. Автобус жөнделгеннен кейін шетел азаматтары сапарларын аман-есен жалғастырды. БІЗДІҢПОЛИЦИЯ *** 🚌 Полицейские помогли иностранным пассажирам сломавшегося автобуса в Туркестанской области На автодороге республиканского значения Шымкент — Самара сотрудники патрульной полиции департамента полиции Туркестанской области оказали помощь иностранным гражданам, оказавшимся в сложной дорожной ситуации. Во время несения службы инспектор батальона патрульной полиции Бакнур Сарсенбекулы заметил на 180-м километре трассы автобус, остановившийся из-за технической неисправности. Транспортное средство следовало из России в Кыргызстан. При проверке выяснилось, что одному из пассажиров стало плохо из-за сильной жары. Мужчина пожаловался на боли в области сердца. Полицейские незамедлительно оказали ему первую помощь, благодаря чему удалось стабилизировать его состояние. Кроме того, в целях обеспечения безопасности около 50 пассажиров были эвакуированы в безопасное место и размещены в кафе на въезде в Туркестан, где они находились до устранения неисправности автобуса. На протяжении этого времени сотрудники полиции обеспечивали общественный порядок, оказывали гражданам необходимую помощь и контролировали дорожную обстановку. После завершения ремонта автобуса иностранные граждане благополучно продолжили путь. НАШАПОЛИЦИЯ 📱 POLISIA.KZ


MFA Qazaqstan » публикация №25120

MFA Qazaqstan ·

🇰🇿🇨🇳Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың жетекші компаниялары басшыларымен кездесті ✔️ҚХР бизнес өкілдерімен «дөңгелек үстел» форматында өткен кездесуде Президент қытайлық серіктестерге шынайы ризашылығын білдіріп, Қазақстан мен Қытай арасындағы мәңгілік әрі жан-жақты стратегиялық әріптестікке жоғары баға берді. – Екіжақты байланыстарымыз бұрын-соңды болмаған деңгейге көтерілді. Біз Қазақстан-Қытай қарым-қатынасының жаңа «алтын отыз жылдығына» бірге қадам бастық. Елдеріміздің ықпалдастығы мүлде жаңа сапалық деңгейге шықты деп айтуға болады. Халықтарымыздың арасында өзара сенім, шынайы достық және болашаққа деген ортақ ұстаным бар. Орайлы сәтті пайдалана отырып, елдеріміз арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайтуға өлшеусіз үлес қосқаны үшін қадірлі досым, Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин мырзаға зор алғыс айтқым келеді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. t.me/aqorda_resmi


MFA Qazaqstan » публикация №25121

MFA Qazaqstan ·

🇰🇿🇨🇳Касым-Жомарт Токаев встретился с руководителями высокотехнологичных компаний Китая ✔️На встрече с представителями бизнес-сообщества КНР, прошедшей в формате «круглого стола», Президент выразил искреннюю благодарность китайским партнерам и высоко оценил вечное всестороннее стратегическое партнерство между Казахстаном и Китаем. – Наши двусторонние связи поднялись на беспрецедентный уровень. Мы вместе вступили в новое «золотое тридцатилетие» казахско-китайских отношений. Есть все основания утверждать, что взаимодействие наших стран вышло на совершенно новый качественный уровень. Наши народы объединяют взаимное доверие, искренняя дружба и общность взглядов на будущее. Пользуясь случаем, хотел бы выразить глубокую благодарность моему дорогому другу Председателю Китайской Народной Республики г-ну Си Цзиньпину за его личный вклад в укрепление стратегического партнерства между нашими странами, – сказал Касым-Жомарт Токаев. t.me/aqorda_resmi



Aqorda » публикация №34076

Aqorda ·

11. Соглашение о базовых принципах сотрудничества в рамках развития «Долины дата-центров» между АО «Казахтелеком» и компанией HV & Submarine Hengtong Group; 12. Соглашение об эксклюзивном сотрудничестве по проекту «Казахстанско-китайский международный логистический коридор (два парка «Хоргос – восточные ворота»)» между компаниями Harvest Group и Minmetals Logistics Group Co., Ltd.; 13. Договор между АО «Транстелеком» и компанией GuoDong Group по строительству антенно-мачтовых сооружений; 14. Меморандум о сотрудничестве между Qazaq AI Research University и Shanghai Innovation Institute; 15. Соглашение о сотрудничестве в области развития искусственного интеллекта и робототехники в городе Алматы между акиматом г.Алматы, компанией NERO Group и UBTECH Robotics; 16. Соглашение между Казахским национальным университетом им.Аль-Фараби и университетом Сучжоу о создании совместного института; 17. Соглашение о сотрудничестве между Казахским национальным университетом им.Аль-Фараби и компанией Jiangsu Huibo Robot Technology. ✍️ В рамках рабочего визита Главы государства в Шанхай подписано более 70 коммерческих соглашений на общую сумму свыше 15 миллиардов долларов. Заключенные соглашения охватывают сферы искусственного интеллекта и цифровизации, транспортной инфраструктуры, финансов, агропромышленного комплекса, машиностроения и других высокотехнологичных отраслей. t.me/aqorda_resmi


Aqorda » публикация №34072

Aqorda ·

11. «Қазақтелеком» АҚ мен HV & Submarine Hengtong Group компаниясы арасындағы «Дата-орталықтар алқабын» дамыту шеңберіндегі ынтымақтастықтың негізгі қағидаттары туралы келісім; 12. Harvest Group компаниясы мен Minmetals Logistics Group Co., Ltd. компаниясы арасында «Қазақстан-Қытай халықаралық логистикалық дәлізі («Қорғас – Шығыс қақпасы» екі паркі) жобасы бойынша эксклюзивті ынтымақтастық туралы келісім; 13. «Транстелеком» АҚ мен GuoDong Group компаниясы арасында антенналық-діңгекті құрылыстар салу туралы шарт; 14. Qazaq AI Research University мен Shanghai Innovation Institute арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум; 15. Алматы қаласының әкімдігі, NERO Group компаниясы және UBTECH Robotics компаниясы арасында Алматы қаласында жасанды интеллект пен робот техникасын дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы келісім; 16. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Сучжоу университеті арасындағы бірлескен институтты құру туралы келісім; 17. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Jiangsu Huibo Robot Technology компаниясы арасындағы ынтымақтастық туралы келісім. ✍️ Мемлекет басшысының Шанхайға жұмыс сапары аясында жалпы құны 15 миллиард доллардан асатын 70-тен астам коммерциялық келісімге қол қойылды. Бұл құжаттар жасанды интеллект, цифрландыру, көлік инфрақұрылымы, қаржы, агроөнеркәсіп кешені, машина жасау және басқа да жоғары технологиялық салаларды қамтиды. t.me/aqorda_resmi


Aqorda » публикация №34068

Aqorda ·

🤝В рамках круглого стола с руководителями крупных китайских высокотехнологичных компаний состоялась церемония обмена подписанными коммерческими документами: 1. Соглашение о стратегическом партнерстве между Министерством искусственного интеллекта и цифрового развития Республики Казахстан и Huawei Technologies Co., Ltd.; 2. Соглашение о приобретении технологических решений и оборудования между АО «Самрук-Қазына» и компанией Huawei Technologies; 3. Меморандум о взаимопонимании по развитию инфраструктуры электромобилей и применению искусственного интеллекта в автомобильной отрасли Республики Казахстан между АО «Самрук-Қазына», компанией Freedom Holding Corp, акиматом г.Астаны и Geely Auto Group; 4. Соглашение об оказании услуг для эмитентов офшорных облигаций зоны свободной торговли между АО «Банк Развития Казахстана» и компанией China Central Depository & Clearing Co., Ltd.; 5. Соглашение о долгосрочном стратегическом сотрудничестве по реализации инвестиционного проекта «Строительство комплекса коксовых батарей №8 и №9 и системы газоочистки коксового газа» между АО «Qarmet», АО «Банк Развития Казахстана» и компанией Acre Coking & Refractory Engineering Consulting Corporation; 6. Соглашение о промышленном сотрудничестве по реализации проекта производства автомобилей Li Auto в Республике Казахстан между АО «Группа компаний Аллюр» и компанией Li Auto Inc.; 7. Соглашение об инвестициях по проекту «Строительство многофункционального терминала первой очереди порта Курык» между Министерством транспорта Республики Казахстан, акиматом Мангистауской области и компанией Kazakhstan Guoyou Investment; 8. Соглашение о сотрудничестве по вопросам реализации совместных проектов оснащения пунктов пропуска досмотровым оборудованием и развитии промышленной локализации производства на территории Республики Казахстан между Министерством промышленности и строительства Республики Казахстан и компанией NUCTECH Company Limited; 9. Технико-лицензионное соглашение по производству автомобилей OMODA, JAECOO на заводе Astana Motors Manufacturing Kazakhstan между Astana Group и Chery Holding Group; 10. Соглашение о стратегическом сотрудничестве между компаниями Qazbot Technologies и Agibot PTE; t.me/aqorda_resmi


Aqorda » публикация №34064

Aqorda ·

🤝Қытайдың ірі жоғары технологиялық компанияларының басшылары қатысқан дөңгелек үстел барысында қол қойылған коммерциялық құжаттарды алмасу рәсімі өтті: 1. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Huawei Technologies Co., Ltd. компаниясы арасындағы стратегиялық серіктестік туралы келісім; 2. «Самұрық-Қазына» АҚ мен Huawei Technologies компаниясы арасындағы технологиялық шешімдер мен жабдықтарды сатып алу туралы келісім; 3. «Самұрық-Қазына» АҚ, Freedom Holding компаниясы, Астана қаласының әкімдігі және Geely Auto Group компаниясы арасында Қазақстан Республикасында электр көлігі инфрақұрылымын дамыту және автомобиль саласында жасанды интеллектіні қолдану жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум; 4. «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ мен China Central Depository & Clearing Co., Ltd. компаниясы арасында еркін сауда аймағының офшорлық облигациялары эмитенттеріне қызмет көрсету туралы келісім; 5. «Qarmet» АҚ, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ және Acre Coking & Refractory Engineering Consulting Corporation компаниясы арасындағы №8 және №9 кокстық батареялар кешені мен кокс газын тазарту жүйесін салу» инвестициялық жобасын іске асыру жөніндегі ұзақмерзімді стратегиялық ынтымақтастық туралы келісім; 6. «Аллюр компаниялар тобы» АҚ мен Li Auto Inc. компаниясы арасында Li Auto автокөлік өндірісін жүзеге асыру жобасы бойынша өнеркәсіптік ынтымақтастық туралы келісім; 7. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі, Маңғыстау облысы әкімдігі және Kazakhstan Guoyou Investment компаниясы арасында Құрық портының бірінші кезегінде көпфункционалды терминал салу жобасы бойынша инвестициялар туралы келісім; 8. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен NUCTECH Company Limited компаниясы арасында Қазақстан Республикасы аумағында өткізу пункттерін тексеру құралдарымен жабдықтау және өнеркәсіптік локализация өндірісін дамыту жөніндегі бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы келісім; 9. Astana Group және Chery Holding Group арасында Astana Motors Manufacturing Kazakhstan зауытында OMODA және JAECOO автокөліктерін өндіру жөніндегі техникалық-лицензиялық келісім; 10. Qazbot Technologies және Agibot PTE компаниялары арасындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы келісім; t.me/aqorda_resmi


ТРК Президента » публикация №12617

ТРК Президента ·

🇰🇿🇨🇳 Президентіміз Қытайдың жетекші компаниялары басшыларымен кездесті ▫️Біз Қазақстан-Қытай қарым-қатынасының жаңа «алтын отыз жылдығына» бірге қадам бастық ▫️Былтыр екіжақты сауда көлемі 49 миллиард долларға жетті. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Қытай Қазақстан экономикасына 30 миллиард доллардан астам инвестиция салды ▫️Біз біртұтас инновациялық экожүйе қалыптастыруды көздеп отырмыз. Сол арқылы суперкомпьютердің қуаты, жасанды интеллект зертханалары, ғылыми-зерттеу ұйымдары, білім беру бағдарламалары, стартаптар мен экспортқа бағытталған цифрлық қызметтер бір арнаға тоғысады ▫️Қазақстан Қытайды Орталық Азиямен, Кавказбен, Таяу Шығыспен және Еуропамен байланыстыратын негізгі көлік-логистика хабы болуға тиіс ▫️Қазір еліміздің аумағы арқылы 13 халықаралық көлік дәлізі өтеді. Қытай мен Еуропа арасындағы теміржол тасымалының шамамен 85 пайызы Қазақстан арқылы жүзеге асырылады ▫️XXI ғасырда көлік дәлізінің бәсекеге қабілетін инфрақұрылымның сапасымен өлшеу жеткіліксіз. Қазір мұндай жобалардың табысты болуы, ең алдымен, деректер алмасу жылдамдығына, цифрлық ықпалдастық деңгейіне және логистиканың ашықтығына байланысты ▫️Біз ауыл шаруашылығын цифрландыру жұмысын қарқынды жүргізіп келеміз. Әсіресе, дрондарды, спутник арқылы шолу тәсілін, дәлдігі жоғары егіншілік технологияларын кеңінен енгізіп жатырмыз. Қазір елімізде 200-ден астам агроөнеркәсіп «ақылды ферма» қағидаты бойынша жұмыс істейді ▫️Алатау қаласы Smart City шешімдерінің, интеллектуалды көлік, цифрлық төлем жүйелерінің, сондай-ақ энергияны үнемдейтін нысандар мен озық телекоммуникация инфрақұрылымының негізгі алаңына айналуы керек ▫️Қазақстан қытайлық инвесторлар үшін әрдайым қолайлы бизнес орта жасауға дайын. Біз инвестицияларды қорғауға заң жүзінде кепілдік береміз ▫️Мақсатымыз – тек капитал тарту емес. Біз жаңа технологияларды бірлесіп әзірлеуге, ғылыми зерттеу орталықтарын құруға, жаңа өндірістік тізбек қалыптастыруға және болашақтың бағдары – білім экономикасын алға бастайтын адам капиталын дамытуға ұмтыламыз. Бүгінгі басқосуымыз жаңа бірлескен жобаларға, ауқымды инвестицияларға жол ашады деп сенемін! @ptrkkz


ҚТЖ PRESS » публикация №13706

ҚТЖ PRESS ·

🏢Қарағанды облысында Қарағанды-Сұрыптау, Жаңа Қарағанды және Нұра станцияларының вокзалдары жаңартылды, сондай-ақ Қарағанды-Сұрыптау (жұп) және Айса станцияларының жолаушылар платформалары абаттандырылды. ➡️Қарағанды-Сұрыптау станциясының вокзалы 1965 жылы салынған. Станция арқылы Астана, Алматы, Павлодар, Қостанай, Петропавл, Жезқазған, Семей, Шымкент, Қызылорда, сондай-ақ Қырғыз Республикасымен және Ресей Федерациясымен қатынасты қамтамасыз ететін 41 жолаушылар пойызы өтеді. ➡️Жаңа Қарағанды станциясында 1983 жылы салынған вокзал толығымен қайта жөнделді. Станция арқылы 9 пойыз қатынайды. ➡️1971 жылы салынған Нұра станциясында вокзал ғимаратын қайта жаңарту аяқталды. Ескі қабырғалар толық бұзылып, ғимараттың жаңа қаңқасы керамикалық кірпіштен тұрғызылды. Станция арқылы Астана, Қарағанды және Қостанаймен қатынасты қамтамасыз ететін 6 жолаушылар пойызы қатынайды. ➖➖➖ 🏢В Карагандинской области обновили вокзалы станций Караганда-Сортировочная, Жана-Караганда и Нура, а также благоустроили пассажирские платформы станций Караганда-Сортировочная (четная) и Айса. ➡️Вокзал Караганда-Сортировочная построен в 1965 году. Через станцию проходят 41 пассажирский поезд, обеспечивающий сообщение с Астаной, Алматы, Павлодаром, Костанаем, Петропавловском, Жезказганом, Семеем, Шымкентом, Кызылордой, а также с Кыргызской Республикой и Российской Федерацией. ➡️На станции Жана-Караганда полностью реконструировали вокзал 1983 года постройки. Через станцию курсируют 9 поездов. ➡️На станции Нура, построенной в 1971 году, завершена реконструкция здания вокзала. Полностью произвели снос ветхих стен и возведен новый каркас здания из керамического кирпича. Через станцию курсируют 6 пассажирских поездов, обеспечивающих сообщение с Астаной, Карагандой и Костанаем.


ТРК Президента » публикация №12616

ТРК Президента ·

🇰🇿🇨🇳 Мемлекет басшысы Қытайдың жетекші компанияларының басшыларымен кездесті Шанхайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Қытайдың жетекші компанияларының басшыларымен дөңгелек үстелі өтті. Басқосуда жасанды интеллект, цифрлық технологиялар мен инвестициялық ынтымақтастық мәселелері қаралды. @ptrkkz


Aqorda » публикация №34060

Aqorda ·

На встрече выступили министр промышленности и информатизации КНР Ли Лэчэн, председатель Совета директоров компании СITIC Group Си Гохуа, генеральный директор компании 01AI Ли Кай-Фу, член наблюдательного совета, президент департамента по связям с общественностью и корпоративным коммуникациям компании Huawei Technologies Ван Цзяньфэн, председатель совета директоров, главный операционный директор компании Agibot Цзян Циньсун, председатель правления и президент компании Goldcard Smart Group Ян Бин, председатель совета директоров компании Ningbo Hoshine Group Ло Лиго, председатель совета директоров компании YTO Express Юй Хуэйцзяо, председатель совета директоров компании Xinjiang Lihua (Group) Чжан Цихай. t.me/aqorda_resmi


Aqorda » публикация №34056

Aqorda ·

Жиында ҚХР өнеркәсіп және ақпараттандыру министрі Ли Лэчэн, СITIC Group компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Си Гохуа, 01AI компаниясының бас директоры Ли Кай-Фу, Huawei Technologies компаниясы байқаушылар кеңесінің мүшесі, қоғаммен байланыс және корпоративтік коммуникациялар департаментінің президенті Ван Цзяньфэн, Agibot компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы, бас операциялық директоры Цзян Циньсун, Goldcard Smart Group компаниясының басқарма төрағасы және президенті Ян Бин, Ningbo Hoshine Group компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Ло Лиго, YTO Express компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Юй Хуэйцзяо, Xinjiang Lihua (Group) компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Чжан Цихай сөз сөйледі. t.me/aqorda_resmi


Aqorda » публикация №34055

Aqorda ·

Глава государства выразил уверенность в том, что Казахстан и Китай смогут вместе сформировать облик новой технологической эры в Евразии – Казахстан всегда готов обеспечивать благоприятную бизнес-среду для китайских инвесторов. Мы гарантируем законодательную защиту инвестиций, предоставляем современную инфраструктуру и квалифицированные кадры, оказываем всестороннюю государственную поддержку. Наша цель – не просто привлечь капитал. Мы стремимся к совместной разработке новых технологий, созданию научно-исследовательских центров, формированию новых производственных цепочек и развитию человеческого капитала, который будет продвигать ориентир будущего – экономику знаний. Надеюсь, что наша сегодняшняя встреча откроет путь к новым совместным проектам и масштабным инвестициям, – подытожил Президент Казахстана. t.me/aqorda_resmi


Aqorda » публикация №34054

Aqorda ·

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Қытай Еуразиядағы жаңа технологиялық дәуірдің келбетін бірге қалыптастыра алатынына сенім білдірді – Қазақстан қытайлық инвесторлар үшін әрдайым қолайлы бизнес орта жасауға дайын. Біз инвестицияларды қорғауға заң жүзінде кепілдік береміз. Заманауи инфрақұрылым мен білікті кадрлар ұсынып, жан-жақты мемлекеттік қолдау көрсетеміз. Мақсатымыз – тек капитал тарту емес. Біз жаңа технологияларды бірлесіп әзірлеуге, ғылыми зерттеу орталықтарын құруға, жаңа өндірістік тізбек қалыптастыруға және болашақтың бағдары – білім экономикасын алға бастайтын адам капиталын дамытуға ұмтыламыз. Бүгінгі басқосуымыз жаңа бірлескен жобаларға, ауқымды инвестицияларға жол ашады деп сенемін! – деді Қазақстан Президенті. t.me/aqorda_resmi


Aqorda » публикация №34053

Aqorda ·

Касым-Жомарт Токаев: «Уверен, что в дальнейшем город Алатау станет новым центром талантов, технологий и инвестиций в Евразии» ✔️Президент рассказал о перспективах развития города Алатау, который создается по принципу Digital by Default. – Город Алатау должен стать основной площадкой для реализации принципа Smart City, интеллектуальных транспортных, цифровых платежных систем, а также энергоэффективных объектов и передовой телекоммуникационной инфраструктуры. Город также должен стать одним из ведущих цифровых финансовых центров региона. С этой целью мы формируем современную систему правового регулирования для развития цифровых активов, технологий «токенизации», блокчейна и криптоиндустрии. Несомненно, главной опорой в этой работе будут конкурентное право и специальный налоговый режим. Участники проекта «Алатау» смогут воспользоваться возможностями экосистемы Международного финансового центра «Астана». МФЦА работает на принципах английского права и обслуживает около 6 тысяч компаний из более чем 90 стран мира. Уверен, что в дальнейшем город Алатау станет новым центром талантов, технологий и инвестиций в Евразии, – заявил Касым-Жомарт Токаев. t.me/aqorda_resmi


Aqorda » публикация №34052

Aqorda ·

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Алатау қаласы алдағы уақытта Еуразиядағы таланттардың, технологиялар мен инвестициялардың жаңа орталығы болады деп сенемін» ✔️Президент Digital by Default қағидаты бойынша салынатын Алатау қаласының даму перспективасы жөнінде әңгімеледі. – Алатау қаласы Smart City шешімдерінің, интеллектуалды көлік, цифрлық төлем жүйелерінің, сондай-ақ энергияны үнемдейтін нысандар мен озық телекоммуникация инфрақұрылымының негізгі алаңына айналуы керек. Сонымен қатар қала өңірдегі жетекші цифрлық қаржы орталықтарының бірі ретінде қызмет етуге тиіс. Осы мақсатта біз цифрлық активтерді, «токендеу», блокчейн технологияларын және криптоиндустрияны дамытуға арналған заманауи құқықтық реттеу жүйесін қалыптастырып жатырмыз. Бұл жұмыстың басты тірегі бәсекеге қабілетті құқық және салық режимі болатыны сөзсіз. «Алатау» жобасына қатысушылар «Астана» халықаралық қаржы орталығы экожүйесінің мүмкіндіктерін пайдалана алады. Орталық ағылшын құқығы қағидаттары бойынша жұмыс істейді және онда әлемнің 90-нан астам елінен жиналған 6 мыңға жуық компания қызмет етеді. Алатау қаласы алдағы уақытта Еуразиядағы таланттардың, технологиялар мен инвестициялардың жаңа орталығы болады деп сенемін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. t.me/aqorda_resmi


Aqorda » публикация №34051

Aqorda ·

Глава государства: «Мы намерены развивать Казахстан как ведущий агропромышленный хаб в Центральной Азии» ✔️Кроме того, Касым-Жомарт Токаев затронул тему возможностей в сфере AgriTech, искусственного интеллекта и обеспечения пищевой безопасности. – Весь мир сейчас осуществляет трансформацию аграрной сферы. Чтобы быть конкурентоспособным в сельском хозяйстве, недостаточно полагаться только на природные ресурсы. В этой области очень важно, прежде всего, уметь эффективно использовать данные, искусственный интеллект и цифровые технологии. Казахстан два года подряд собирает по 27 миллионов тонн зерна. Это рекордный показатель, достигнутый благодаря применению современных технологий и эффективному управлению. В целом, мы интенсивно ведем работу по цифровизации сельского хозяйства. Особенно широко внедряются беспилотники, спутниковый мониторинг состояния посевов, высокоточные технологии в земледелии. В настоящее время в стране более 200 агропромышленных предприятий работают по принципу «умной фермы». Еще более 650 хозяйств поэтапно внедряют цифровые решения. Мы также разрабатываем национальную систему цифрового отслеживания. Эта система позволяет полностью отслеживать путь сельскохозяйственной продукции от поля до потребителя. Цель – увеличение объемов сельскохозяйственного производства, а также развитие пищевой промышленности с высокой добавленной стоимостью. Тем самым мы намерены развивать Казахстан как ведущий агропромышленный хаб в Центральной Азии. Самый короткий путь к достижению этой цели – внедрение искусственного интеллекта, роботизации и технологии «Индустрия 4.0». Интеллектуальные системы контроля качества, автоматизированные производственные линии и интегрированные цепочки поставок на цифровой основе повышают производительность труда и позволяют работать в соответствии с международными стандартами. Кроме того, мы развиваем передовую инфраструктуру хранения продукции, включая современные логистические центры, автоматизированные и оборудованные холодильниками склады. В целом, в этой сфере происходят кардинальные и масштабные изменения. Приглашаем китайские компании принять активное участие в реализации этих инициатив, – сказал Глава государства. t.me/aqorda_resmi


Aqorda » публикация №34050

Aqorda ·

Мемлекет басшысы: «Қазақстанды Орталық Азиядағы жетекші AgriTech хабы ретінде дамытуды көздеп отырмыз» ✔️Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев AgriTech, жасанды интеллект және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мүмкіндіктер туралы сөз қозғады. – Қазір бүкіл әлем аграрлық салада үлкен өзгерістерді бастан өткеруде. Ауыл шаруашылығында бәсекеге қабілетті болу үшін тек табиғи ресурстарға сенім артып отыру жеткіліксіз. Осы салада, ең алдымен, деректерді, жасанды интеллектіні және цифрлық технологияны тиімді пайдалана білу өте маңызды. Қазақстан екі жыл қатарынан 27 миллион тонна астық жинады. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Мұның бәрі – заманауи технологияның және тиімді басқарудың нәтижесі. Жалпы, біз ауыл шаруашылығын цифрландыру жұмысын қарқынды жүргізіп келеміз. Әсіресе, дрондарды, спутник арқылы шолу тәсілін, дәлдігі жоғары егіншілік технологияларын кеңінен енгізіп жатырмыз. Қазір елімізде 200-ден астам агроөнеркәсіп «ақылды ферма» қағидаты бойынша жұмыс істейді. Тағы 650-ден астам шаруашылық цифрлық шешімдерді кезең-кезеңімен енгізуде. Сонымен қатар біз ұлттық цифрлық қадағалау жүйесін әзірлеп жатырмыз. Бұл жүйе ауыл шаруашылығы өнімдерінің егістіктен бастап тұтынушыға дейінгі жолын толық қадағалауға мүмкіндік береді. Мақсатымыз – ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін арттыру, сондай-ақ қосылған құны жоғары тамақ өнеркәсібін дамыту. Біз сол арқылы Қазақстанды Орталық Азиядағы жетекші AgriTech хабы ретінде дамытуды көздеп отырмыз. Бұл мақсатқа жетудің төте жолы – жасанды интеллект, роботтандыру және Industry 4.0 технологиясын енгізу. Сапаны бақылаудың зияткерлік жүйелері, автоматтандырылған өндіріс желілері және цифрлық негізде біріктірілген жеткізу тізбектері еңбек өнімділігін арттырып, халықаралық стандарттарға сай жұмыс істеуге жол ашады. Бұдан бөлек, біз өнімді сақтаудың озық инфрақұрылымын дамытып жатырмыз. Соның ішінде заманауи логистика орталықтары, автоматтандырылған және тоңазытқышпен жабдықталған қоймалар бар. Жалпы, осы салада түбегейлі әрі ауқымды өзгерістер жасалуда. Бұл іске қытай компанияларын да белсенді қатысуға шақырамыз, – деді Мемлекет басшысы. t.me/aqorda_resmi


Aqorda » публикация №34049

Aqorda ·

Президент считает необходимым развивать цифровую логистику и транспортные коридоры с большим потенциалом – Казахстан должен стать основным транспортно-логистическим хабом, связывающим Китай с Центральной Азией, Кавказом, Ближним Востоком и Европой. Это наша стратегическая цель. Сейчас по территории страны проходит 13 международных транспортных коридоров. Около 85% железнодорожных перевозок между Китаем и Европой осуществляется через Казахстан. За последние пятнадцать лет государство инвестировало более 35 миллиардов долларов в развитие транспортной и логистической инфраструктуры. Мы прокладываем новые железнодорожные линии и увеличиваем возможности транспортировки грузов по Транскаспийскому маршруту, или «Среднему коридору». В XXI веке недостаточно измерить конкурентоспособность транспортного коридора по качеству инфраструктуры. Успех таких проектов в настоящее время зависит, прежде всего, от скорости обмена данными, уровня цифровой интеграции и прозрачности логистики. Поэтому мы закладываем основу единой цифровой экосистемы в сфере международных грузовых перевозок. Главным проектом Казахстана в этой области является платформа Smart Cargo. Это единое цифровое окно, объединяющее таможенные, логистические и коммерческие услуги в общую цифровую среду. Главная цель – формирование единого цифрового транспортного пространства Евразии. Одним словом, мы должны создать пространство, в котором товары будут пересекать границу так же быстро и эффективно, как данные передаются через цифровую сеть. Считаю, что Казахстан и Китай могут совместно установить новые глобальные стандарты, повышающие эффективность международной торговли. Приглашаю китайские компании, работающие в сфере технологий, логистики, и инвесторов в сфере инфраструктуры принять активное участие в реализации этой масштабной инициативы, – подчеркнул Касым-Жомарт Токаев. ✔️Президент также обозначил перспективы сотрудничества в области освоения критически важных минералов. ✔️Он отметил, что Казахстан входит в число мировых лидеров по запасам ряда стратегических ресурсов и намерен развивать производство продукции с высокой добавленной стоимостью совместно с международными партнерами. t.me/aqorda_resmi


POLISIA.KZ » публикация №17554

POLISIA.KZ ·

🔥 Абай облысында орман өрті кезінде полицейлер балаларды қауіпсіз жерге көтеріп алып шықты Абай облысындағы табиғи өрт кезінде полиция қызметкерлері өрт ошағына жақын орналасқан «DosbolLike» балалар лагерінен 190 баланы және 20 қызметкерді қауіпсіз жерге…


Aqorda » публикация №34047

Aqorda ·

Касым-Жомарт Токаев отметил, символичность проведения встречи в Шанхае – одном из мировых центров науки и инноваций – накануне Всемирной конференции по искусственному интеллекту ✔️Он представил участникам приоритеты цифровой трансформации Казахстана и обозначил ключевые направления технологического сотрудничества. ✔️По словам Президента, Казахстан рассматривает искусственный интеллект как один из главных факторов будущего экономического роста и создает современную цифровую инфраструктуру для привлечения международных инвесторов. – Хотел бы особо остановиться на проекте Data Center Valley в городе Экибастузе. Это уникальная стратегическая инициатива нашей страны. Мы считаем, что данный проект станет ключевой опорой цифровой инфраструктуры Казахстана и всей Центральной Азии. Его главная цель – формирование платформы международного уровня для развития центров обработки данных, облачных сервисов и инфраструктуры искусственного интеллекта. Инвесторам будут предоставлены полностью оборудованные площадки и современная инфраструктура. Они смогут работать в рамках специального инвестиционного режима, используя стабильное электроснабжение. Однако масштабная работа в этом направлении не ограничивается строительством дата-центров. Мы стремимся сформировать целостную инновационную экосистему. Благодаря этому в одно русло будут объединены мощности суперкомпьютера, лаборатории искусственного интеллекта, научно-исследовательские организации, образовательные программы, стартапы и ориентированные на экспорт цифровые услуги. Мы заинтересованы в дальнейшем укреплении взаимовыгодного сотрудничества с китайскими партнерами, – сказал Глава государства. t.me/aqorda_resmi


POLISIA.KZ » публикация №17551

POLISIA.KZ ·

🔥 Абай облысында орман өрті кезінде полицейлер балаларды қауіпсіз жерге көтеріп алып шықты Абай облысындағы табиғи өрт кезінде полиция қызметкерлері өрт ошағына жақын орналасқан «DosbolLike» балалар лагерінен 190 баланы және 20 қызметкерді қауіпсіз жерге эвакуациялады. Өрт туралы хабарлама түскен алғашқы минуттардан бастап полицейлер лагерьге жетіп, эвакуация жұмыстарын бастады. Балалар арасында үрей туғызбау үшін оларды сабырмен әрі ұйымдасқан түрде шығарды. Ең кішкентайларын қызметкерлер көтеріп алып шығып, жұбатып, қауіпсіз жерге дейін алып жүрді. Көптеген бала үшін дәл сол сәтте полиция қызметкерлері ең қиын минуттарда қауіпсіздік пен қорғаныш сыйлаған жандарға айналды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері күшейтілген режимде қызмет атқаруда. Қауіпті аумақ қоршауға алынып, өрт ошағына апаратын жолдар жабылды, арнайы техниканың кедергісіз қозғалысы қамтамасыз етілуде. Полицейлер қоғамдық тәртіпті сақтап, эвакуацияланған тұрғындардың мүлкін күзетуде. Жұмыс Төтенше жағдайлар министрлігі, Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Қорғаныс министрлігі және басқа да қызметтермен бірлесіп тәулік бойы жүргізілуде. ⚠️ Ішкі істер министрлігі азаматтарды төтенше жағдайлар қызметі қызметкерлерінің талаптарын қатаң сақтауға, қауіпті аймаққа жақындамауға және арнайы техниканың жұмысына кедергі келтірмеуге шақырады. 📱 POLISIA.KZ


Aqorda » публикация №34046

Aqorda ·

Қасым-Жомарт Тоқаев жаһандық ғылым мен инновация орталықтарының бірі саналатын Шанхай қаласындағы Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясы қарсаңында бас қосудың символдық мәні зор екенін айтты ✔️Сонымен қатар қатысушыларға Қазақстанның цифрлық трансформацияның басымдықтарын таныстырып, технологиялық ынтымақтастықтың негізгі бағыттарына тоқталды. ✔️Президенттің айтуынша, Қазақстан жасанды интеллектіні болашақ экономикалық өсімнің басты факторларының бірі ретінде қарастырады, сондай-ақ халықаралық инвесторларды тарту үшін заманауи цифрлық инфрақұрылым жасақтауда. – Екібастұз қаласындағы Data Center Valley жобасына ерекше тоқталғым келеді. Бұл – еліміздің бірегей стратегиялық бастамасы. Аталған жоба Қазақстан мен бүкіл Орталық Азия цифрлық инфрақұрылымының негізгі тірегі болады деп санаймыз. Басты мақсат – деректерді өңдеу орталықтарын, бұлтты сервистерді және жасанды интеллект инфрақұрылымын дамытуға арналған халықаралық деңгейдегі платформа қалыптастыру. Инвесторларға толық жабдықталған алаңдар, заманауи инфрақұрылым ұсынылады. Олар тұрақты электр қуатын пайдаланып, арнайы инвестициялық режим аясында жұмыс істей алады. Алайда, осы бағыттағы ауқымды шаруа деректерді өңдеу орталықтарын салумен шектелмейді. Біз біртұтас инновациялық экожүйе қалыптастыруды көздеп отырмыз. Сол арқылы суперкомпьютердің қуаты, жасанды интеллект зертханалары, ғылыми-зерттеу ұйымдары, білім беру бағдарламалары, стартаптар мен экспортқа бағытталған цифрлық қызметтер бір арнаға тоғысады. Біз қытайлық серіктестерімізбен өзара тиімді ынтымақтастықты нығайта түсуге мүдделіміз, – деді Мемлекет басшысы. t.me/aqorda_resmi


Aqorda » публикация №34045

Aqorda ·

Касым-Жомарт Токаев: «Китай инвестировал в экономику Казахстана более 30 миллиардов долларов» ✔️По словам Главы государства, высокий уровень политического доверия создает прочную основу для дальнейшего расширения торгово-экономического и инвестиционного сотрудничества. – В прошлом году объем двусторонней торговли достиг 49 миллиардов долларов. Это рекордный показатель. Китай инвестировал в экономику Казахстана более 30 миллиардов долларов. Сейчас в Казахстане успешно работают более 8500 предприятий с участием китайского капитала. Среди них особо стоит отметить такие крупные компании, как CNPC, CITIC и Huawei. Мы высоко ценим весомый вклад китайского бизнеса в модернизацию казахстанской экономики. В прошлые годы наши страны успешно осуществляли многочисленные важные совместные проекты. В результате мы создали рабочие места, внедрили передовые технологии и укрепили сотрудничество в промышленной сфере. Сегодня мы совместно реализуем новые стратегические проекты. В частности, с компанией Sinopec начато строительство крупного газохимического комплекса, с Fufeng Group – завода по глубокой переработке кукурузы, с Lihua Group – современного хлопково-текстильного кластера. Автомобилестроительные предприятия КНР открывают свои производства в Казахстане. В нашей стране выпускаются автомобили брендов HOWO, Yutong и JAC. В прошлом году было запущено мультибрендовое производство автомобилей Changan, Great Wall Motor и Chery. Эти проекты демонстрируют, что наше двустороннее партнерство опирается на инновации, передовые технологии и модернизацию промышленности, – подчеркнул Президент. t.me/aqorda_resmi