BES.media » публикация №34879
KMF Банк пен ЕҚҚДБ кәсіпкерлікті қолдауға 50 млн доллар тартты Банк бұған дейін де ЕҚҚДБ-мен бірлесіп жеңілдетілген қаржыландыру, білім беру және тәлімгерлік бағдарламаларын жүзеге асырған. 🗣Не болып қалды KMF Банк пен Еуропа қайта құру және даму банкі (ЕҚҚДБ) Қазақстандағы кәсіпкерлікті қолдауға жалпы сомасы 50 млн долларды құрайтын екі келісімге қол қойды, деп хабарлайды KMF Банк. 🗣Мәліметтер Оның ішінде 40 млн доллар микро, шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталса, тағы 10 млн доллар "Бизнестегі әйелдер II" бағдарламасы аясында әйел кәсіпкерлердің мүмкіндіктерін кеңейтуге жұмсалады. 🗣KMF Банктің негізгі көрсеткіштері Қазір KMF Банктің несие портфелінің 90%-дан астамы бизнесті қаржыландыруға, оның ішінде аграрлық сектор мен әйелдер кәсіпкерлігі жобаларына бағытталған. Банктің клиенттік базасының 55%-ын әйелдер құрайды. 🗣Халықаралық қаржы институтымен жаңа кезең KMF Банк басқарма төрағасы Шалқар Жүсіповтің айтуынша, бұл келісімдер банк лицензиясын алғаннан кейін халықаралық қаржы институтымен жасалған алғашқы келісімдер болып табылады және ЕҚҚДБ тарапынан көрсетілген сенімнің белгісі саналады. Материал KMF Банктің баспасөз қызметімен бірлесіп дайындалды. 🔎🔎🔎🔎🔎 читайте в материале на сайте: 👉 https://bes.media/news/kmf-bank-pen-ekkdb-kaspkerlkt-koldauga-50-mln-dollar-tartti-8f4765/ ––– 📢 Если у вас есть чем поделиться или вы стали очевидцем событий, пишите, присылайте фото, аудио и видео, документы в наш анонимный бот @bessimptomno_bot. ––– 💬 https://t.me/bessimptomno





























