Олжас Бектенов Өскемен титан-магний комбинаты директорлар кеңесінің төрағасы Сильван Гелермен Қазақстанның титан өнеркәсібін дамыту мәселесін талқылады 📌 Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Сильван Гелермен кездесті. Жүздесу барысында кәсіпорынның орнықты дамуы, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру және Қазақстанның жаһандық титан нарығындағы ұстанымын одан әрі нығайту мәселелері қаралды. «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ – шикізат өндіруден бастап дайын өнім шығаруға дейінгі толық өндірістік циклді қамтитын әлемдегі ең ірі тігінен интеграцияланған титан өндірушілердің бірі. 2025 жылдың қорытындысы бойынша шамамен 87 млрд теңгеге 12 мың тонна титан сатылды. Биыл титан құймалары мен қорытпалары өндірісі 7%-ға өседі деп болжануда. Кәсіпорын өнімдері аэроғарыш саласында, мұнай-химия және атом өнеркәсібінде, медицина мен кеме жасау өндірісінде қолданылады. Қазақстандық титанның аэроғарыш саласының жаһандық нарығындағы үлесі шамамен 20%-ды құрайды. Өскемен титан-магний комбинаты Boeing, Airbus, Safran, Rolls-Royce, TIMET, Howmet Aerospace, Dynamet, PCC және POSCO сияқты жетекші халықаралық өнеркәсіптік корпорациялардың бекітілген жеткізушісі болып саналады. ӨТМК-нің 2033 жылға дейінгі инвестициялық бағдарламасына назар аударылды. Оған жалпы сомасы 255,5 млрд теңге болатын 25 жоба кіреді. Олардың ішінде, кәсіпорынның жобалық қуатын жылына 10 мың тоннаға ұлғайта отырып, кеуекті титан өндіру бойынша жаңа цех салу, газ тазарту жабдығын жаңғырту, бірыңғай өнеркәсіптік MES-жүйесін енгізу, сондай-ақ өндірістік деректерді, энергияны тұтынуды, технологиялық бақылауды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті талдау үшін жасанды интеллект мен талдау платформасын іске қосу бар. Осы жобаларды жүзеге асыру өнімнің өзіндік құнын төмендетуге, энергия тиімділігін арттыруға және кәсіпорынның өндірістік қуатын кеңейтуге мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, шикізат базасын қамтамасыз ету, халықаралық өнеркәсіптік кооперацияны дамыту, экспорттық әлеуетті сақтау және сыртқы нарықтарда титан өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері қаралды. Олжас Бектенов ӨТМК-ні дамыту Мемлекет басшысының өңдеу өнеркәсібін нығайту, жоғары қайта бөлу өнімдерін шығару және Қазақстанды жаһандық өндірістік тізбектерге енгізу бойынша қойған міндеттеріне сәйкес келетінін атап өтті. 📱@KZgovernment
Глава государства принял председателя Агентства по финансовому мониторингу Жаната Элиманова ✔️Касым-Жомарт Токаев заслушал отчет об основных итогах работы Агентства за первое полугодие 2026 года и задачах на предстоящий период. Жанат Элиманов: ➤ доложил, что завершено расследование 496 уголовных дел, потерпевшим возмещен ущерб на сумму 22,6 млрд тенге, нейтрализованы 7 преступных групп, в том числе 4 транснациональные, а также 44 сети по незаконному обналичиванию денежных средств с оборотом свыше 176 млрд тенге. ✔️Ликвидированы 12 теневых криптообменников, использовавшихся для отмывания доходов от наркобизнеса и мошенничества, а также выявлено 36 дропперских ячеек, через счета которых проведены операции на 113 млрд тенге. ➤ проинформировал о том, что впервые в СНГ изобличена деятельность лиц, использовавших спецоборудование для имитации работы операторов сотовой связи и массовой рассылки фишинговых СМС с целью незаконного завладения персональными данными. ➤ рассказал о мерах по мониторингу бюджетных расходов. ✔️Предотвращены необоснованные траты по 52 инфраструктурным проектам на 279 млрд тенге. ✔️Выявлены риски хищений госсредств на 10 млрд тенге при коммерциализации научных разработок, а также раскрыта схема фиктивного прикрепления 140 тыс. граждан для незаконного получения частными клиниками финансирования из ФСМС. ✔️Кроме того, в рамках превентивной работы заблокирован доступ к 9 тыс. сайтам и аккаунтам с признаками нелегального игорного бизнеса, прекращена деятельность 2,3 тыс. мошеннических ресурсов и 25 групповых чатов с общей аудиторией более 35 тыс. человек. ✔️Мероприятиями по повышению финансовой грамотности охвачено свыше 245 тыс. граждан. ✔️Благодаря совершенствованию законодательства в сфере финансового мониторинга повышен рейтинг Казахстана по четырем ключевым рекомендациям ФАТФ. 📌Глава государства дал ряд конкретных поручений по ключевым направлениям деятельности Агентства. t.me/aqorda_resmi
Мемлекет басшысы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады ✔️Қасым-Жомарт Тоқаевқа Агенттіктің биылғы бірінші жартыжылдықта атқарған жұмысының негізгі қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған міндеттер туралы есеп берілді. Жанат Элиманов: ➤ 496 қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталып, жәбірленушілерге 22,6 миллиард теңгенің зардабы өтелгенін жеткізді. ➤ Сондай-ақ 7 қылмыстық топтың (оның ішінде төртеуі – трансұлттық топ) және 176 миллиард теңгеден астам қаражатты заңсыз түрде қолма-қол ақшаға айналдырған 44 желінің қызметіне тосқауыл қойылғанын атап өтті. ✔️Есірткі бизнесі мен алаяқтықтан түскен кірісті жылыстату үшін пайдаланылған 12 астыртын криптоайырбастау пункті жойылған. ✔️Бұдан бөлек, өз есепшоттары арқылы 113 миллиард теңгені өткізген 36 дропперлік топ анықталды. ➤ ТМД елдері аумағында алғаш рет дербес деректерді заңсыз иемдену мақсатында ұялы байланыс операторларының жұмысын имитация жасайтын және фишинг SMS-хабарламаларды жаппай тарататын арнайы құрылғыны пайдаланған адамдар ұсталғанын баяндады. ➤ бюджет шығыстарына мониторинг жүргізу шаралары туралы айтты. ✔️Мәселен, 52 инфрақұрылымдық жоба бойынша 279 миллиард теңге қаржының негізсіз жұмсалуына жол берілген жоқ. ✔️Ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру кезінде 10 миллиард теңге көлемінде мемлекет қаржысын жымқыру ықтималдығы анықталды. ✔️Сондай-ақ Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан заңсыз қаржы алу үшін жеке клиникалардың 140 мың азаматтың жалған тіркеу мәліметтерін көрсеткені белгілі болды. ✔️Бұдан бөлек, алдын алу жұмыстары аясында заңсыз ойын бизнесінің белгілері бар 9 мың сайт пен аккаунт бұғатталды. Алаяқтық пиғылымен ашылған 2,3 мың ресурстың және 35 мыңнан аса мүшесі бар 25 чаттың қызметі тоқтатылды. ✔️Қаржылық сауатты арттыру бағытындағы іс-шараларға 245 мыңнан астам азамат қатысты. ✔️Салалық заңнаманы жетілдірудің нәтижесінде Қазақстанның рейтингтегі орны ФАТФ-тың төрт негізгі ұсынымы бойынша жоғарылады. 📌Мемлекет басшысы Агенттік қызметінің негізгі бағыттарына қатысты бірқатар нақты тапсырма берді. t.me/aqorda_resmi
🟢АҢДАТПА 📍Сейсенбі, 28 шілде күні, 10:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібі — «Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын жүзеге асыру барысы. Отырыс қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өтеді. Спикерлер: ⚫️ҚР ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаев; ⚫️ҚР өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков; ⚫️ҚР энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті төрағасының м.а. Ернар Хасенов; ⚫️«Бәйтерек» ҰИХ» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Нұрболат Айдапкелов. БАҚ өкілдерін аккредиттеу 27 шілде, сағат 18:30-ға дейін жалғасады (электронды пошта: press.ukimet@mail.kz). 📢📢 Үкімет отырысының тікелей таратылымы PrimeMinister.kz сайтында, YouTube ресми арнасында, Facebook әлеуметтік желісінде, сондай-ақ UKIMET Telegram-каналында жүреді. ➖ 🟢АНОНС 📍Во вторник, 28 июля, в 10:00 часов в Үкімет үйі состоится заседание Правительства. Повестка заседания — ход реализации Национального проекта «Модернизация энергетического и коммунального секторов». По итогам заседания состоится пресс-конференция. Спикеры: ⚫️вице-министр национальной экономики РК Асан Дарбаев; ⚫️вице-министр промышленности и строительства РК Олжас Сапарбеков; ⚫️И.о председателя Комитета государственного энергетического надзора и контроля Министерства энергетики РК Ернар Хасенов; ⚫️первый заместитель председателя правления АО "НИХ "Байтерек" Нурболат Айдапкелов. Аккредитация представителей СМИ продлится до 18:30 часов 27 июля (адрес электронной почты press.ukimet@mail.kz). 📢📢 Заседание Правительства будет транслироваться в режиме онлайн на сайте PrimeMinister.kz, официальном YouTube-канале, в социальной сети Facebook, на Telegram-канале UKIMET. 📱 @KZgovernment
🚗 Қандай көлік құралдары жеке пайдалануға арналған көлік құралдарына жатады? Көлік құралын әкелу кезінде оның жеке пайдалануға арналған көлік құралдары санатына жататынын білу маңызды. Өйткені бұл кедендік ресімдеу тәртібі мен қолданыстағы нормалардың қолданылуына әсер етеді. Толығырақ ақпаратты карусельден көре аласыз. —— 🚗 Какие транспортные средства относятся к транспортным средствам для личного пользования? При ввозе транспортного средства важно понимать, подпадает ли оно под категорию транспортных средств для личного пользования. От этого зависят особенности таможенного оформления и применения соответствующих норм. 📌Подробнее в карусели.
✔️ Өз кезегінде, омандық дипломат Қазақстанда жинаған тәжірибесін ерекше атап өтіп, достық пен өзара түсіністікке негізделген екіжақты және көпжақты ынтымақтастық одан әрі дами беретініне сенімділігін жеткізді. Елші М.Әл-Бахрани Астана мен Масқат арасындағы қарым-қатынастарды дамытуға Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың рөлін, сондай-ақ оның өңірлік жанжалдардың реттеудегі бітімгершілік бастамаларын ерекше атап өтті. ✔️ В свою очередь, оманский дипломат особо отметил приобретенный опыт в Казахстане, и выразил уверенность в дальнейшем развитии двустороннего и многостороннего сотрудничества между странами, основанного на дружбе и взаимопонимании. Посол М. Аль-Бахрани отдельно подчеркнул роль Президента Республики Казахстан Касым-Жомарта Токаева в развитии отношений между Астаной и Маскатом, а также его миротворческие инициативы по урегулированию региональных конфликтов. ✔️ The Omani diplomat highlighted the valuable experience gained in Kazakhstan and expressed confidence in further development of bilateral and multilateral cooperation based on friendship and mutual understanding. Ambassador Al-Bahrani particularly highlighted the role of the President of the Republic of Kazakhstan Kassym-Jomart Tokayev in fostering relations between Astana and Muscat, as well as his peacekeeping initiatives in resolving regional conflicts. @PressMFAKZ
🇰🇿🇴🇲 Қазақстан CІМ басшысы дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай Оман Елшісін қабылдады Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев еліміздегі дипломатиялық миссиясы аяқталуына байланысты Оман Сұлтандығының Елшісі Мұхаммед Әл-Бахраниді қабылдады. Министр Қазақстан мен Оман арасындағы ынтымақтастық деңгейін жоғары бағалап, өзара тиімді серіктестікті нығайтуға қосқан үлесі үшін М. Әл-Бахраниге ризашылық білдірді. 🇰🇿🇴🇲 Глава МИД Казахстана принял Посла Омана по случаю завершения его дипломатической миссии Министр иностранных дел Республики Казахстан Ермек Кошербаев принял Посла Султаната Оман Мухаммеда Аль-Бахрани по случаю завершения его дипломатической миссии в нашей стране. Министр высоко оценил уровень сотрудничества между Казахстаном и Оманом, а также выразил признательность М. Аль-Бахрани за его усилия по укреплению взаимовыгодного партнерства. 🇰🇿🇴🇲 Kazakh Foreign Minister Received the Omani Ambassador upon Completion of His Diplomatic Mission Minister of Foreign Affairs of the Republic of Kazakhstan Yermek Kosherbayev received the Ambassador of the Sultanate of Oman Mohammed Al-Bahrani on occasion of the completion of his diplomatic mission. The Minister highly commended the level of cooperation between Kazakhstan and Oman, expressing gratitude to Ambassador Al-Bahrani for his contribution to strengthening the mutually beneficial partnership. @PressMFAKZ
ҚТЖ төтенше жағдайларға дайындықты және өрт қауіпсіздігі шараларын күшейтеді 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Төтенше жағдайлар департаменті теміржол объектілері мен жылжымалы құрамға өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуына 43 мың тексеру жүргізді. 21 мыңнан астам қызметкер қатысқан 9 мыңнан астам өртке қарсы нұсқаулық өткізілді. 4,9 мыңнан астам қызметкер өрт-техникалық минимум бағдарламасы бойынша оқудан өтті. Ол үшін 473 оқу сабағы ұйымдастырылды. ҚТЖ ТЖМ бөлімшелерімен бірлесіп 131 өрт-тактикалық оқу-жаттығуларын өткізді. Жаттығу кезінде өрттерді жою және төтенше жағдайларға ден қою бойынша іс-шаралар пысықталды. Өрт қауіпті маусымда ҚТЖ Қазақстан аумағында орман және дала өрттерінің туындау қаупін азайту жөніндегі жоспарға сәйкес профилактикалық іс-шаралар кешенін іске асырады. Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлардың алдын алу саласында басқару органдарының, күштер мен құралдардың ықтимал оқиғаларға жедел ден қоюға дайындығы қамтамасыз етілді. Өрт сөндіру пойыздары мен азаматтық қорғау құралымдарының жазғы тасымалдау және өрт қауіпті маусымдағы жұмысқа дайындығына ерекше назар аударылады. ҚТЖ сондай-ақ Қазақстан Республикасының ТЖМ және аумақтық төтенше жағдайлар департаменттерімен өзара іс-қимыл жасайды. Өрт жағдайын бақылау үшін тәуекелдерді уақтылы анықтауға және қажетті шараларды жедел қабылдауға мүмкіндік беретін спутниктік мониторинг жүйелері пайдаланылады. ➖➖➖ КТЖ усиливает меры пожарной безопасности и готовность к чрезвычайным ситуациям По итогам первого полугодия 2026 года Департаментом по чрезвычайным ситуациям АО «НК «Қазақстан темір жолы» проведено 43 тыс. проверок железнодорожных объектов и подвижного состава на соблюдение требований пожарной безопасности. Проведено более 9 тыс. противопожарных инструктажей, в которых приняли участие свыше 21 тыс. работников. Еще более 4,9 тыс. сотрудников прошли обучение по программе пожарно-технического минимума. Для этого организовано 473 учебных занятия. КТЖ совместно с подразделениями МЧС провело 131 пожарно-тактическое учение. Во время тренировок отрабатывались действия по ликвидации пожаров и реагированию на чрезвычайные ситуации. В пожароопасный сезон КТЖ реализует комплекс профилактических мероприятий в соответствии с Планом по снижению рисков возникновения лесных и степных пожаров на территории Казахстана. В сфере гражданской обороны и предупреждения чрезвычайных ситуаций обеспечена готовность органов управления, сил и средств к оперативному реагированию на возможные происшествия. Особое внимание уделяется готовности пожарных поездов и формирований гражданской защиты к работе в период летних перевозок и пожароопасного сезона. КТЖ также взаимодействует с МЧС Республики Казахстан и территориальными департаментами по чрезвычайным ситуациям. Для контроля пожарной обстановки используются спутниковые системы мониторинга, которые позволяют своевременно выявлять риски и оперативно принимать необходимые меры.
От имени Главы государства Премьер-министр поздравил Токтара Аубакирова с 80-летием 📌 Премьер-министр Республики Казахстан Олжас Бектенов от имени Главы государства поздравил с 80-летием первого казахского космонавта, Халық қаһарманы, генерал-майора авиации Токтара Аубакирова. «Вы пользуетесь глубоким уважением нашего народа как прославленный космонавт, выдающийся общественный деятель и истинный патриот. Ваш жизненный путь отмечен многими яркими достижениями. Ваша многолетняя служба в качестве летчика-испытателя военных самолетов – истинный пример мужества и бесстрашия. Вы стали первым казахом, покорившим космос. Неоценим Ваш вклад в повышение авторитета нашей страны на мировой арене, укрепление международного сотрудничества, а также развитие национальной аэрокосмической и оборонной промышленности. На посту депутата Мажилиса Парламента Вы направили свои глубокие знания и жизненный опыт на совершенствование отечественного законодательства. Пусть Ваш неустанный труд и впредь приносит заслуженное признание и всенародное уважение. Желаю Вам крепкого здоровья, долгих лет жизни, а Вашей семье – мира и благополучия», — говорится в поздравительном письме Президента Касым-Жомарта Токаева. Премьер-министр отметил, что 1 июля вступила в силу новая Конституция Республики Казахстан, которая закрепляет концепцию построения Справедливого государства и определяет ориентиры дальнейшего развития страны. «Вы неизменно поддерживаете курс Президента и вносите весомый вклад в формирование нового качества нации, определенного новой Конституцией. Ваше особое место как преданного сына народа и истинного героя страны особенно важно в воспитании у молодежи таких качеств, как патриотизм, справедливость, уважение к закону и порядку, мужество и трудолюбие», — подчеркнул Олжас Бектенов. В торжественном мероприятии приняли участие представители аэрокосмической отрасли, Вооруженных Сил и Совета генералов, а также отечественные и зарубежные летчики-космонавты, летчики-испытатели, инженеры и конструкторы. Обращаясь к участникам мероприятия руководитель Правительства отметил значимый вклад космической отрасли в технологическое развитие Казахстана. В стране действуют национальные спутниковые системы связи и дистанционного зондирования Земли, совершенствуется обработка данных для нужд сельского хозяйства, экологии и других сфер, расширяются возможности обработки данных и доступа к интернету в отдаленных населенных пунктах. Отдельно отмечено значение успешного тестового запуска ракеты-носителя «Сункар» с космодрома Байконур, открывшего новый этап в развитии отечественной космической отрасли. 📱 @KZgovernment
Премьер-министр Мемлекет басшысының атынан Тоқтар Әубәкіровті 80 жылдық мерейтойымен құттықтады 📌 Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Мемлекет басшысының атынан қазақтың тұңғыш ғарышкері, Халық қаһарманы, авиация генерал-майоры Тоқтар Әубәкіровті 80 жылдық мерейтойымен құттықтады. «Халқымыз өзіңізді әйгілі ғарышкер, көрнекті қоғам қайраткері, отансүйгіш азамат ретінде айрықша қадірлейді. Сіздің еңбек жолыңыз жарқын белестерден тұрады. Біраз жыл кәсіби ұшқыш болып, жаңа әскери ұшақтарды сынақтан өткізіп, ерен ерліктің үлгісін көрсете білдіңіз. Сіз зеңгір көкке көтерілген қазақтың тұңғыш ғарышкері атандыңыз. Еліміздің әлем алдындағы мәртебесін арттыруға, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға, ұлттық аэроғарыш, қорғаныс өнеркәсібі салаларының дамытуына қосқан үлесіңіз өте мол. Парламент Мәжілісінің депутаты болған кезіңде терең біліміңіз бен өмірлік тәжірибеңізді отандық заңнаманы жетілдіру ісіне арнадыңыз. Алдағы кезеңде еселі еңбегіңіздің жемісін көріп, ел-жұрттың сый-құрметіне бөлене беруіңізге тілектестігімді білдіремін. Сізге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға бақ-береке тілеймін», — делінген Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатында. — делінген Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатында. Премьер-министр 1 шілдеде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы күшіне енгенін атап өтті. Аталған құжат Әділетті мемлекет құру тұжырымдамасын бекітіп, еліміздің одан әрі даму бағдарын айқындайды. «Бүгінде Президентіміздің «Әділетті Қазақстан» бастамасына әрдайым қолдау білдіріп, жаңа Конституцияда айқындалған ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру ісіне де аянбай атсалысып жүрсіз. Өйткені, отаншылдық, әділдік, заң мен тәртіп, ерлік пен еңбекқорлық сияқты асыл қасиеттерді жастардың бойына сіңіруде Алаш жұртының адал перзенті, халқымыздың хас батыры ретінде Сіздің алатын орныңыз ерекше», — деп атап өтті Олжас Бектенов. Салтанатты іс-шараға аэроғарыш саласының, Қарулы күштер мен Генералдар кеңесінің өкілдері, сондай-ақ отандық және шетелдік ғарышкер-ұшқыштар, сынақшы-ұшқыштар, инженерлер мен конструкторлар қатысты. Жиынға қатысушылар алдында сөз сөйлеген Премьер-министр ғарыш саласының Қазақстанның технологиялық дамуына қосып отырған маңызды үлесін атап өтті. Елімізде ұлттық спутниктік байланыс және Жерді қашықтан зондтау жүйелері жұмыс істейді, ауыл шаруашылығы, экология және өзге де салалардың қажеттілігі үшін деректерді өңдеу жүйесі жетілдірілуде, сонымен қатар деректерді өңдеу мүмкіндіктері кеңейтіліп, шалғайдағы елді мекендердің интернетке қолжетімділігі артып келеді. Сондай-ақ Байқоңыр ғарыш айлағынан «Сұңқар» зымыран-тасығышының сәтті сынақтық ұшырылуы отандық ғарыш саласының дамуындағы жаңа кезеңнің басталуына жол ашқаны ерекше атап өтілді. 📱 @KZgovernment
Глава государства принял акима области Улытау Есета Байкена 🟦Президенту было доложено о ходе социально-экономического развития области Улытау и планах на предстоящий период. 🟦Касым-Жомарт Токаев был проинформирован о работе по развитию инфраструктуры региона, привлечению инвестиций, укреплению промышленного потенциала, модернизации инженерных сетей и обеспечению жителей качественными социальными услугами. 🟦Также были представлены предложения по реализации приоритетных проектов. 🟦В завершение Глава государства дал ряд поручений, направленных на обеспечение устойчивого развития области, повышение ее инвестиционной привлекательности и улучшение качества жизни граждан. t.me/aqorda_resmi
Мемлекет басшысы Ұлытау облысының әкімі Есет Байкенді қабылдады 🟦Президентке Ұлытау облысының әлеуметтік-экономикалық даму барысы және алдағы кезеңге арналған жоспарлар жөнінде баяндалды. 🟦Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірдегі инфрақұрылымды дамыту, инвестиция тарту, өнеркәсіп әлеуетін көтеру, инженерлік желілерді жаңғырту және тұрғындарға сапалы әлеуметтік қызмет көрсету жұмыстары туралы мәлімет берілді. 🟦Сондай-ақ басым жобаларды жүзеге асыру жөнінде ұсыныстар айтылды. 📌Кездесу соңында Мемлекет басшысы облыстың орнықты дамуын қамтамасыз етуге, өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға және азаматтардың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған бірқатар тапсырма берді. t.me/aqorda_resmi
🔹 Сенегал Қазақстанның Халықаралық су ұйымын құру бастамасын қолдайды 🔸 Сенегал поддерживает инициативу Казахстана по созданию Международной организации по воде 🔹 Senegal Supports Kazakhstan's Initiative to Establish the International Water Organization @PressMFAKZ
🔹 Қазақстан мен Албания екіжақты ынтымақтастықты дамыту бойынша одан арғы қадамдарды айқындады 🔸 Казахстан и Албания наметили дальнейшие шаги по развитию двустороннего сотрудничества 🔹 Kazakhstan and Albania Outlined Further Steps to Develop Bilateral Cooperation @PressMFAKZ
Премьер-министр Мемлекет басшысының атынан Тоқтар Әубәкіровті 80 жылдық мерейтойымен құттықтады 📌 Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Мемлекет басшысының атынан қазақтың тұңғыш ғарышкері, Халық қаһарманы, авиация генерал-майоры Тоқтар…
Премьер-министр Мемлекет басшысының атынан Тоқтар Әубәкіровті 80 жылдық мерейтойымен құттықтады 📌 Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Мемлекет басшысының атынан қазақтың тұңғыш ғарышкері, Халық қаһарманы, авиация генерал-майоры Тоқтар Әубәкіровті 80 жылдық мерейтойымен құттықтады. «Халқымыз өзіңізді әйгілі ғарышкер, көрнекті қоғам қайраткері, отансүйгіш азамат ретінде айрықша қадірлейді. Сіздің еңбек жолыңыз жарқын белестерден тұрады. Біраз жыл кәсіби ұшқыш болып, жаңа әскери ұшақтарды сынақтан өткізіп, ерен ерліктің үлгісін көрсете білдіңіз. Сіз зеңгір көкке көтерілген қазақтың тұңғыш ғарышкері атандыңыз. Еліміздің әлем алдындағы мәртебесін арттыруға, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға, ұлттық аэроғарыш, қорғаныс өнеркәсібі салаларының дамытуына қосқан үлесіңіз өте мол. Парламент Мәжілісінің депутаты болған кезіңде терең біліміңіз бен өмірлік тәжірибеңізді отандық заңнаманы жетілдіру ісіне арнадыңыз. Алдағы кезеңде еселі еңбегіңіздің жемісін көріп, ел-жұрттың сый-құрметіне бөлене беруіңізге тілектестігімді білдіремін. Сізге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға бақ-береке тілеймін», — делінген Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатында. — делінген Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатында. Премьер-министр 1 шілдеде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы күшіне енгенін атап өтті. Аталған құжат Әділетті мемлекет құру тұжырымдамасын бекітіп, еліміздің одан әрі даму бағдарын айқындайды. «Бүгінде Президентіміздің «Әділетті Қазақстан» бастамасына әрдайым қолдау білдіріп, жаңа Конституцияда айқындалған ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру ісіне де аянбай атсалысып жүрсіз. Өйткені, отаншылдық, әділдік, заң мен тәртіп, ерлік пен еңбекқорлық сияқты асыл қасиеттерді жастардың бойына сіңіруде Алаш жұртының адал перзенті, халқымыздың хас батыры ретінде Сіздің алатын орныңыз ерекше», — деп атап өтті Олжас Бектенов. Салтанатты іс-шараға аэроғарыш саласының, Қарулы күштер мен Генералдар кеңесінің өкілдері, сондай-ақ отандық және шетелдік ғарышкер-ұшқыштар, сынақшы-ұшқыштар, инженерлер мен конструкторлар қатысты. Жиынға қатысушылар алдында сөз сөйлеген Премьер-министр ғарыш саласының Қазақстанның технологиялық дамуына қосып отырған маңызды үлесін атап өтті. Елімізде ұлттық спутниктік байланыс және Жерді қашықтан зондтау жүйелері жұмыс істейді, ауыл шаруашылығы, экология және өзге де салалардың қажеттілігі үшін деректерді өңдеу жүйесі жетілдірілуде, сонымен қатар деректерді өңдеу мүмкіндіктері кеңейтіліп, шалғайдағы елді мекендердің интернетке қолжетімділігі артып келеді. Сондай-ақ Байқоңыр ғарыш айлағынан «Сұңқар» зымыран-тасығышының сәтті сынақтық ұшырылуы отандық ғарыш саласының дамуындағы жаңа кезеңнің басталуына жол ашқаны ерекше атап өтілді. 📱 @KZgovernment
🔹 Алакөл жағалауында есірткіге қарсы профилактикалық акция өткізілді Абай облысы полиция департаментінің қызметкерлері "Алакөл алаулары" мерекелік іс-шарасы аясында есірткі қылмыстарының алдын алуға бағытталған акция ұйымдастырды. Шара барысында демалушыларға есірткінің адам өміріне, отбасы мен қоғамға тигізетін зияны туралы бейнеролик көрсетіліп, полиция қызметкерлері заңсыз сақтау, тасымалдау, өндіру және тарату үшін қарастырылған қылмыстық жауапкершілік туралы түсіндірді. Қатысушыларға есірткі қылмыстарына қатысты заң талаптары көрсетілген 2 мыңға жуық ақпараттық жадынама таратылды. Акцияға республикамыздың әр өңірінен келген 4 мыңға жуық қонақ қатысты. Іс-шараның мақсаты – құқықтық сауаттылықты арттырып, есірткісіз қоғам қалыптастыруға ортақ жауапкершілікті насихаттау. ЗАҢМЕНТӘРТІП *** 🔹 Масштабная антинаркотическая акция прошла на побережье Алаколя В период летнего сезона, когда побережье озера Алаколь посещают тысячи отдыхающих, сотрудники департамента полиции области Абай провели профилактическое мероприятие, направленное на предупреждение наркоправонарушений. Акция состоялась в рамках праздничного мероприятия "Алакөл алаулары". Отдыхающим и гостям показали видеоролик о последствиях употребления наркотиков для здоровья, семьи и общества. Сотрудники полиции провели разъяснительные беседы, рассказали об уголовной ответственности за незаконное хранение, перевозку, изготовление и распространение наркотических средств. Участникам мероприятия раздали около 2000 информационных буклетов с правовой информацией. Главной особенностью акции стало проведение профилактической работы в месте массового отдыха людей. Мероприятие посетили около 4 тысяч гостей из разных регионов страны. ЗАКОНИПОРЯДОК 📱 POLISIA.KZ
Глава государства принял акима Атырауской области Болата Акчулакова ✔️Касым-Жомарту Токаеву было доложено о текущей социально-экономической ситуации в регионе и приоритетных задачах на предстоящий период. ✔️Была представлена информация о реализации крупных инвестиционных проектов, развитии нефтегазохимической отрасли, строительстве объектов социальной и инженерной инфраструктуры. ✔️Отдельное внимание было уделено вопросам диверсификации экономики, модернизации инженерных сетей, совершенствования транспортной инфраструктуры, улучшения экологической ситуации и реализации проектов, требующих поддержки на республиканском уровне. 📌По итогам встречи Президент дал ряд поручений, направленных на дальнейшее обеспечение устойчивого социально-экономического развития Атырауской области и повышение качества жизни населения. t.me/aqorda_resmi
Мемлекет басшысы Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақовты қабылдады ✔️Қасым-Жомарт Тоқаевқа аймақтағы әлеуметтік-экономикалық жағдай және алдағы кезеңге арналған басым міндеттер туралы баяндалды. ✔️Президентке облыстағы ірі инвестициялық жобалардың іске асырылуы, мұнай-газ химиясы саласының дамуы, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым нысандарының құрылысы жөнінде есеп берілді. ✔️Кездесуде экономиканы әртараптандыру, инженерлік желілерді жаңғырту, көлік инфрақұрылымын жетілдіру, экологиялық ахуалды оңалту және республикалық деңгейде қолдауды қажет ететін жобаларды іске асыру мәселелеріне айрықша назар аударылды. 📌Мемлекет басшысы Атырау өңірінің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге және халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған бірқатар тапсырма берді. t.me/aqorda_resmi
🇰🇿🇬🇧Президент Касым-Жомарт Токаев поздравил Эндрю Бернема с вступлением в должность Премьер-министра Соединенного Королевства Великобритании и Северной Ирландии ✉️В своем послании Глава государства отметил высокий уровень казахско-британских отношений и подтвердил готовность к совместной работе по дальнейшему укреплению политического диалога, торгово-экономического и инвестиционного сотрудничества в интересах народов двух стран. Касым-Жомарт Токаев пожелал Эндрю Бернему успехов в ответственной государственной деятельности, а дружественному народу Соединенного Королевства – благополучия и процветания. t.me/aqorda_resmi
🇰🇿🇬🇧Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Эндрю Бернемді Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Премьер-министрі қызметіне кірісуімен құттықтады ✉️Мемлекет басшысы құттықтау жеделхатында Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы қарым-қатынас деңгейі жоғары екенін атап өтіп, екі ел халықтарының мүддесі үшін саяси диалогты, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі нығайту бағытында бірлесе жұмыс істеуге дайын екенін растады. Қасым-Жомарт Тоқаев Эндрю Бернемнің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, достас Біріккен Корольдік халқына бақ-береке тіледі. t.me/aqorda_resmi
☄️ Той кортежі: Ұлытау облысында жол ережесін өрескел бұзған жүргізушілер жауапқа тартылды Ақпарат сайтта. ЗАҢМЕНТӘРТІП *** ☄️ Свадебный кортеж: водители, грубо нарушившие ПДД, привлечены к ответственности в области Улытау Информация на сайте. ЗАКОНИПОРЯДОК 📱 POLISIA.KZ
🏢В Карагандинской области завершена реконструкция вокзала Сарыбель ▶️В Карагандинской области завершена реконструкция вокзала Сарыбель, построенного в 1965 году. После реконструкции открыт современный одноэтажный вокзальный комплекс площадью 487,4 кв. м. ▶️Обновление объекта выполнено в рамках программы модернизации железнодорожной инфраструктуры во исполнение поручения Главы государства при поддержке Правительства Республики Казахстан, Министерства транспорта, акимата Карагандинской области и АО «Самрук-Қазына». ▶️В здании обновлены кровля, фасад и внутренние помещения, полностью заменены инженерные сети водоснабжения, канализации, теплоснабжения и электроснабжения. Реконструирован пассажирский перрон, благоустроена прилегающая территория, установлены новое оборудование и мебель. ▶️Вокзал Сарыбель относится к объектам 1 типа. Через станцию ежедневно проходят 12 пассажирских поездов, связывающих регион с Астаной, Карагандой, Семеем, Жезказганом, Кызылордой, Костанаем и Павлодаром. ▶️Проект реализован за счет собственных средств АО «НК «ҚТЖ». ▶️Модернизация вокзала позволит повысить качество обслуживания пассажиров, создать более комфортные условия для ожидания поездов и улучшить транспортную инфраструктуру региона.
Исполнение поручений Президента: в регионах Казахстана модернизируют инфраструктуру и развивают социальную сферу 📌 В рамках исполнения поручений Главы государства Касым-Жомарта Токаева в регионах страны продолжается системная работа по повышению качества…