«Тең мүмкіндіктер»: Ұлытаулық оқушылар республикалық фестивальде бірінші орын алды

Ұлытау облысының оқушылары «Тең мүмкіндіктер» республикалық балалар инклюзивті спорт фестивалінде жеңімпаз атанды. Жаңаарқа ауданындағы С. Сейфуллин атындағы мектептің 7-8-сынып оқушылары командалық есепте бірінші орын иеленді.

Еліміздің әр өңірінен 15 команда қатысқан жарыста Серік Рамазан, Секен Нұрсұлтан және Есен Аяладан құралған команда үздік нәтиже көрсетті.

Сондай-ақ аталған мектептің 5-6-сынып оқушыларынан жасақталған команда төртінші орынға ие болды. Команда құрамында Қаппаров Асыл, Серік Арайлым және Мансұр Аслан өнер көрсетті.

Бұдан бөлек, 5-6-сынып оқушыларының командасы белсенділігі үшін арнайы марапатқа ие болды.

«Тең мүмкіндіктер» фестивалі балаларды спортқа тартуға, инклюзивті ортаны дамытуға және олардың қабілеттерін көрсетуіне тең мүмкіндік жасауға бағытталған.