ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДА ОТАНДЫҚ ТРАНСФОРМАТОРЛАР ӨНДІРІЛІП ЖАТЫР

Түркістан облысының Кентау қаласында электр энергетикасы саласын дамытуға бағытталған жаңа өндірістік жоба жүзеге асырылуда. «Кентау» күштік трансформатор зауыты ЖШС «TURAN» арнайы экономикалық аймағында орналасып, отандық күштік трансформаторлар өндірісін қолға алды.

Кәсіпорынның негізгі бағыты – электр энергиясын таратуға және электр желілерінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге арналған күштік трансформаторлар шығару. Зауытта қуаты 25 кВА-дан 630 кВА-ға дейінгі майлы күштік трансформаторлар өндіріледі дейінгі майлы трансформаторлар өндіріледі. Олар өндірістік нысандарда, ауыл шаруашылығында, әлеуметтік және коммерциялық инфрақұрылымда пайдалануға арналған.

Биылғы қыркүйек айында кәсіпорын алғашқы трансформаторын өндіріп, жаңа өндірістік кезеңге қадам басты. Жобаның іске қосылуы Кентау қаласында электр техникалық өнімдер өндірісін дамытуға және отандық өнім үлесін арттыруға мүмкіндік береді.

Зауыттың жобалық өндірістік қуаты айына 50 трансформаторға дейін жетеді. Кәсіпорын алдағы уақытта өндірістік әлеуетін арттырып, сапалы әрі бәсекеге қабілетті өнім шығаруды көздейді. Зауыттың жұмысын жолға қоюға «TÚRKISTAN» Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының мамандары да қолдау көрсетті. Атап айтқанда, кәсіпкерге бизнес-жобаны әзірлеу және қажетті құжаттарды рәсімдеу бойынша сүйемелдеу жұмыстары жүргізілді.

Өндіріс орны технологиялық базаны кеңейтуге және Қазақстанның энергетикалық инфрақұрылымын дамытуға үлес қосуды мақсат етеді. Моно каладағы жаңа өндіріс – өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін арттыруға және отандық электр энергетикасы саласын дамытуға бағытталған маңызды бастама.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі