ТҮРКІСТАНДЫҚ ЗІЛТЕМІРШІЛЕР ҚР ЧЕМПИОНАТЫНДА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАРҒА ИЕ БОЛДЫ

Түркістан облысының ауыр атлетшілері Алматы қаласында өткен 2010-2011 жылдары туылған ұлдар мен қыздар арасындағы ауыр атлетикадан ҚР чемпионатында жүлделі орындарға ие болды.

Атап айтқанда, 57 келі салмақ дәрежесінде қатысқан облысымыздың спортшысы Лесбек Райян жүлделі II орынға ие болды. Ол жұлқа көтеруден 63 келі, серпе көтеруден 82 келіні көтеріп, қоссайыс нәтижесінде 145 келіні бағындырды. Және 61 келі салмақта бақ сынаған Өмірзақ Кәусар жұлқа көтеруден 71 келі, серпе көтеруден 84 келіні көтеріп, қоссайыс нәтижесінде 155 келіні бағындырды. Кәусар өз салмағында ҚР чемпионы атанды.

Сонымен қатар, 85 келі салмақта Максим Бақболсын жұлқа көтеруден 107 келі, серпе көтеруден 125 келіні көтеріп, қоссайыс нәтижесінде 232 келіні бағындырды. Нәтижесінде, ҚР чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Түркістан облысының спорт саласында, оның ішінде ауыр атлетиканың дамуына үлес қосып, жүлделі орынға ие болған спортшылар мен олардың жаттықтырушыларын нәтижелі жеңістерімен құттықтаймыз!