ТҮРКІСТАН: ОТЫРАР АУДАНЫНДА ЖҮГЕРІ ОРУ НАУҚАНЫ ҚЫЗУ ЖҮРІП ЖАТЫР

Отырар ауданында биылғы жылы ауыл шаруашылығы саласында егін жинау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Биыл аудан көлемінде жалпы 72 900 гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылып, оның ішінде 12 173 гектар жерге жүгері дақылы егілді. Қазіргі таңда шаруалар үшін жауапты науқанның бірі – жүгері ору жұмыстары басталып, егістік алқаптарында еңбек қыза түсті. Диқан қауым егістікті уақытылы әрі ысырапсыз жинап, өнімді қамбаға түсіруге күш салуда.

Егін ору науқанына қажетті ауыл шаруашылығы техникалары жұмылдырылып, жұмыстарды белгіленген агротехникалық талаптарға сәйкес жүргізуге басымдық берілуде. Шаруалар өнімділікті арттырумен қатар, жиналған өнімді сақтау және тиімді пайдалану бағытында да жұмыстар атқаруда.

Ауданның ауыл шаруашылығы саласы үшін жүгері өндірісінің маңызы зор. Бұл дақылдың жоғары өнім беруі шаруалардың табысын арттыруға, мал азығы қорын толықтыруға және өңірдің агроөнеркәсіптік әлеуетін нығайтуға мүмкіндік береді.

Берекелі еңбектің нәтижесі – мол өнім. Диқандардың маңдай терімен өсірген егінін ысырапсыз жинап, ел ырысын еселеу – басты міндет.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі