ТҮРКІСТАНДА ҚОҒАМДЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Түркістан облысы әкімдігінің мәжіліс залында облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаевтың төрағалығымен қоғамдық-саяси ахуал бойынша штаб отырысы өтті. Жиынға облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары, аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары, облыстық басқарма басшылары және салаға жауапты мамандар қатысты.

Жиын барысында өңірдегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы өзекті мәселелер қаралды. Атап айтқанда, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл тәртібі, сондай-ақ футбол матчтары кезінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Кеңес қорытындысы бойынша жауапты мекемелерге қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және өңірдегі қауіпсіздік шараларын күшейту бағытында нақты тапсырмалар берілді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі