ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ
Түркістан қаласында жылыту маусымы кезінде тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өрт пен улы газдан уланудың алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыстар күшейтілді.
Қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы жылыту маусымына дайындық барысымен, арнайы техника мен құрал-жабдықтармен танысып, атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндамаларын тыңдады.
Қала аумағында әлеуметтік жағдайы ерекше назардағы 200-ге жуық тұрғын үй анықталып, газ жабдықтары мен мұржалардың жарамдылығы, жылыту құрылғыларын қауіпсіз пайдалану талаптары түсіндірілді. Тұрғын үйлерге 200-ге жуық газ сигнализаторы орнатылып, қауіпсіздік талаптары жазылған 1000-ға жуық ақпараттық парақша таратылды.
Сондай-ақ, қоғамдық көлік пен такси автокөліктеріне қауіпсіздік шаралары туралы ақпараттық материалдар мен QR-кодтар орналастырылды.
Жылыту маусымы кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау – басты міндет. Қала тұрғындарын алдын алу жұмыстарын жүргізіп, мұқият болуға шақырамыз.