ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫ 15 ҚАЗАН МЕН 1 ҚАРАША АРАЛЫҒЫНДА БАСТАЛАДЫ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес, өңірде алдағы 2026-2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізіліп жатыр.

Қолданыстағы тәртіпке сәйкес, сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасы бес тәулік бойы +8°С-тан төмен болады деген болжам қалыптасқан жағдайда, аудан және қала әкімдері тиісті Қаулы қабылдап, жылыту маусымын бастау туралы шешім шығарады. Осыған байланысты облыста жылыту маусымын 15 қазан мен 1 қараша аралығында бастау жоспарланып жатыр.

Жалпы облыстағы 2 332 нысанның 2 331-і жылыту маусымына дайындық паспортын алды. Бұл жалпы нысандардың 99,9 пайызын құрайды.

Жылыту маусымына дайындық аясында жылу желілерін жөндеу бойынша жоспарланған жұмыс көлемі 22 шақырымды құраған. Бүгінде аталған жұмыстардың 24 шақырымы орындалып, жоспар 109 пайызға орындалды.

2026-2027 жылдардағы жылыту маусымына облыс бойынша қажетті көмір көлемі 532,5 мың тоннаны құрайды. Қазіргі таңда 291,7 мың тонна көмір жеткізілді, бұл қажетті көлемнің 55 пайызына тең. Өткен аптамен салыстырғанда жеткізілген көмір көлемі 17,2 мың тоннаға артты. Сонымен қатар 26 кәсіпкерлік субъектісінің қоймаларында шамамен 67,5 мың тонна көмір қоры қалыптастырылған.

Облыстық бюджеттік мекемелерге көмір жеткізіліп, оны тасымалдау жұмыстары жалғасуда. Білім беру нысандарының көмірмен қамтылу деңгейі 98 пайызды құрайды.

Жеке тұрғындарға жылыту маусымына қажетті көмір көлемі – 176 мың тонна.

Бүгінде тұрғындарға 137,9 мың тонна көмір жеткізіліп, жалпы қажеттіліктің 78 пайызы қамтамасыз етілді. Жалпы көмірмен қамту деңгейі 60 пайыздан асты. Өткен аптамен салыстырғанда тұрғындарға жеткізілген көмір көлемі 7,5 мың тоннаға ұлғайды.

Жылыжай шаруашылықтарының алдағы жылыту маусымына қажетті көмір көлемі 271,2 мың тоннаны құрайды. Қазіргі таңда жылыжайларға 70,1 мың тонна көмір жеткізілді. Өткен аптамен салыстырғанда жылыжайларға жеткізілген көмір көлемі 9,7 мың тоннаға артты. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы аудан және қала әкімдіктерімен бірлесіп, жылыжай иелері арасында тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі