ЕДІГЕ ҚАСЫМБЕК АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕСІН ЖЕҢІП АЛДЫ

Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында күрес түрлерінен жарыс жалғасып жатыр.

125 келідегі Едіге Қасымбек 3-орын үшін өткен белдесуде Түркіменстан балуаны Зиамухаммет Сапаровтан 14:4 есебімен басым түсті.

19 жастағы түркістандық балуан жарыс барысында Ражат Рухалды (Үндістан) 8:3 есебімен, Хасанбой Рахимовты (Өзбекстан) 14:4 есебімен жеңіп, жартылай финалда 3 дүркін әлем чемпионы, 2 мәрте Олимпиада жүлдегері Амир Хоссейн Зареге (Иран) соңғы секундтарда ғана жол берген еді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Нұрғали Жұмағазы