АРҚАН ТАРТЫСТАН ҚОС АЛТЫН

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы арқан тартыстан тағы бір алтын жүлдені қоржынға салды.

Бүгін арқан тартыстың 4×4 түрінен сынға түскен ұлттық құрама тартысты бәсекеде үздік шығып, жеңімпаз атанды.

Айта кетейік, бұл — құраманың осы ойындардағы екінші алтыны. Кеше дәл осы спортшылар арқан тартыстың 8×8 түрінен де алтын жүлде еншілеген болатын.

Барлық видео материалдар:

https://t.me/+-ZRQoj56tS1mY2My