⚡️Глава государства: «В энергетическом балансе Казахстана традиционно доминируют ископаемые виды топлива – уголь, нефть, газ. Углеводороды остаются основой национальной экономики, они обеспечивают подавляющую часть валютных поступлений в бюджет. Помимо экспортных доходов, углеводородное сырье выполняет роль доступного по цене источника тепла и энергии для наших городов и сел. Поэтому мы планируем ускорить газификацию страны. Поставлена задача увеличить нынешний показатель газификации (почти 65 процентов) до 80 процентов. Наряду с традиционной энергетикой внимание Правительства обращено и на «зеленую» энергетику, доля которой в энергобалансе достигла семи процентов. Для надежного энергоснабжения растущей экономики к 2029 году планируется ввести свыше 13 гигаватт новых мощностей, причем не менее четверти из них – за счет возобновляемых источников. Вместе с тем огромные запасы ископаемого топлива, включая уголь, – это наше естественное конкурентное преимущество, которым мы обязаны воспользоваться в полной мере. Поэтому в марте текущего года был принят Национальный проект по развитию чистой угольной генерации. В трехлетней перспективе в Кокшетау, Семее и Усть-Каменогорске следует построить три новых ТЭЦ с применением технологии, соответствующей высоким экологическим стандартам. Эти станции нужно построить в обязательном порядке, там много разговоров и мало дела. Казахстан лидирует по добыче урана в мире и обладает ядерной инфраструктурой. Поэтому выбор в пользу атомной генерации – абсолютно правильный. Это решение народа в ходе исторического референдума в 2024 году по сути носит цивилизационный характер. Это гарантия энергетического суверенитета страны, надежная база энергоемкой цифровой экономики будущего. В следующем году начнется строительство первой атомной электростанции». t.me/aqorda_resmi
#государство — страница 51
Архив раздела #государство, страница 51. Здесь продолжаются ранее опубликованные материалы по теме. Самые свежие — на первой странице тега.
⚡️Мемлекет басшысы: «Қазақстанның энергетикалық балансында көмір, мұнай, газ секілді отын түрлері басым. Көмірсутегі ұлттық экономиканың негізін құрап, бюджетке валюталық түсімнің қомақты бөлігін қамтамасыз етеді. Мұнай-газ шикізаты – экспорттан пайда әкелуімен қатар қалаларымыз бен ауылдарымызды қамтамасыз ететін бағасы қолжетімді жылу мен қуат көзі. Сондықтан біз елді мекендерге газ құбырын тартуды жеделдетуді жоспарлап отырмыз. Көгілдір отынмен қамту көрсеткішін (қазір 65 пайызға жуық) 80 пайызға дейін арттыру міндеті қойылды. Үкімет дәстүрлі қуат көздерімен бірге «жасыл» энергетикаға баса мән беріп отыр. Оның энергетикалық теңгерімдегі үлесі 7 пайызға жетті. Қарқынды өсіп келе жатқан экономиканы қамтамасыз ету үшін 2029 жылға қарай 13 гигаваттан астам жаңа қуат көздерін іске қосу жоспарланған. Осы орайда, олардың кемінде төрттен бірі жаңартылатын энергия көздері есебінен жүзеге асырылмақ. Әйтсе де пайдалы қазбаларымыз, соның ішінде көмірдің мол қоры – табиғат сыйлаған артықшылығымыз саналады. Мұны толық пайдалануымыз керек. Сондықтан биыл наурыз айында Таза көмір генерациясы жөніндегі ұлттық жоба қабылданды. Алдағы үш жылда Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында жоғары экологиялық стандарттарға сай келетін технологияларды пайдаланатын үш жылу электр станциясын салуымыз керек. Мұны созуға болмайды. Әйтпесе істен гөрі сөз көбейіп кетті. Қазақстан әлемде уран өндіру бойынша көшбасшы және ядролық инфрақұрылымы бар ел саналады. Сондықтан атом генерациясын өте дұрыс таңдадық. 2024 жылғы тарихи референдум кезінде халық қабылдаған шешім, шын мәнінде, өркениетті сипатқа ие. Бұл – елдің энергетикалық дербестігінің кепілі, қуатты көп тұтынатын келешек цифрлық экономиканың сенімді тірегі. Келесі жылы алғашқы атом электр станциясының құрылысы басталады». t.me/aqorda_resmi
Ahead of the official visit of the Minister of Foreign Affairs of the Republic of Kazakhstan, Yermek Kosherbayev, to Turkmenistan we present an infographic highlighting the key areas of 🇰🇿–🇹🇲 cooperation. The infographic outlines the main areas of bilateral engagement, including political dialogue, trade and economic partnership, as well as cultural and humanitarian cooperation. @PressMFAKZ
В преддверии официального визита Министра иностранных дел Республики Казахстан Ермека Кошербаева в Туркменистан. Инфографика отражает ключевые направления 🇰🇿–🇹🇲 сотрудничества, включая политическое взаимодействие, торгово-экономические связи, а также культурно-гуманитарное сотрудничество. @PressMFAKZ
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаевтың Түрікменстанға ресми сапары қарсаңында Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын көрсететін инфографиканы назарларыңызға ұсынамыз. Инфографикада 🇰🇿-🇹🇲 өзара іс-қимылдың негізгі бағыттары, атап айтқанда саяси диалог, сауда-экономикалық серіктестік, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық қамтылған. @PressMFAKZ
🔹 Қақтығыс аймақтарынан оралған қазақстандық әйелдердің дауысы БҰҰ мінберінде жаңғырды 🔸 Голос казахстанских женщин, вернувшихся из зон конфликтов, прозвучал с трибуны ООН 🔹 The Voice of Kazakhstani Women Repatriated from Conflict Zones Heard at the United Nations @PressMFAKZ
⚡️Касым-Жомарт Токаев: «Третье. Укрепление энергетического и инфраструктурного каркаса страны. Переход к новой модели экономического развития требует всестороннего укрепления энергетической, инженерной и транспортно-логистической инфраструктуры. Это несущая опора любого государства, и Казахстан не должен стать исключением из общего правила. Поэтому было принято решение о запуске беспрецедентного по своему масштабу Национального проекта модернизации энергетического и коммунального секторов. Для реализации проекта только в текущем году запланировано выделить свыше одного триллиона тенге. Вместо неэффективного по затратам косметического «обновления фасадов» будет осуществлен переход к реальной реконструкции всех объектов и систем жизнеобеспечения». t.me/aqorda_resmi
⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев: «Үшінші міндет. Еліміздің энергетикалық және инфрақұрылымдық негізін нығайту. Экономиканың жаңа үлгісіне көшу үшін алдымен энергетикалық, инженерлік және көлік-логистикалық инфрақұрылымды толыққанды дамыту қажет. Бұл маңызды үштаған кез келген елдің, соның ішінде Қазақстанның да негізгі тірегі саналады. Сондықтан біз энергетикалық және коммуналдық салаларды жан-жақты жаңғырту жұмысын қолға алдық. Осы мақсатта бұрын-соңды болмаған ауқымдағы Ұлттық жобаны іске асыру туралы шешім қабылданды. Оны жүзеге асыру үшін тек биылдың өзінде 1 триллион теңгеден астам қаржы бөлу жоспарланып отыр. Артық шығынға әкеп соғатын тиімсіз «әрлеу, яғни жөндеу» тәсілінен бас тартып, өмір сүру сапасына тікелей әсер ететін барлық нысандар мен жүйелерді түбегейлі жаңғырту жұмысы жүргізілетін болды». t.me/aqorda_resmi
⚡️Президент: «Я уже говорил о том, что наша страна вступает в новый инвестиционный цикл, который призван стать двигателем диверсификации экономики. Диверсификация – это не просто лозунг или красивое слово, это очень сложная и ответственная задача, к решению которой нельзя подходить поверхностно. В прошлом году валовой приток прямых иностранных инвестиций в Казахстан увеличился на 14 процентов, превысив 20 миллиардов долларов. Примечательно, что капитал все активнее идет в отрасли будущего: обрабатывающую промышленность, транспорт и логистику, цифровую инфраструктуру и финансовый сектор. Это, безусловно, будет способствовать динамичному развитию страны. Особое значение в данном контексте имеет подписанный мною в мае Конституционный закон «О специальном правовом режиме города Алатау». Данный закон открывает широкие возможности для зарубежного и отечественного бизнеса, поэтому следует правильно использовать потенциал этого уникального законодательного акта. Создание цифровых мегаполисов ускоренного развития, инновационных кластеров и высокопродуктивных индустрий нацелено на превращение Казахстана в высокотехнологичный и деловой хаб Евразии. В случае успеха этого невиданного в нашем обширном регионе проекта (а успех должен быть обязательно обеспечен), будет создана совершенно новая модель устойчивого экономического роста». t.me/aqorda_resmi
⚡️Президент: «Мен осыған дейін елімізде жаңа ивестициялық кезең басталатынын айтқан едім. Біз сол арқылы экономикамызды әртараптандыруды көздеп отырмыз. Әртараптандыру (диверсификация) дегеніміз, бұл – жай ғана ұран немесе жағымды сөз емес, бұл – өте күрделі және жауапты міндет, оған үстірт қарауға болмайды. Былтыр Қазақстанға тартылған тікелей шетел инвестициясының көлемі 14 пайызға артып, 20 миллиард доллардан асты. Ең бастысы, капитал негізінен өңдеу өнеркәсібі, көлік-логистика, қаржы және цифрлық инфрақұрылым сынды келешегі зор салаларға бағытталуда. Бұл ел дамуы үшін өте жақсы үдеріс екені сөзсіз. Осы орайда, мен мамыр айында қол қойған «Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы» Конституциялық заңның маңызы зор. Аталған заң шетелдік және отандық бизнес үшін тың мүмкіндіктерге жол ашады. Сондықтан бұл бірегей заңнамалық актінің әлеуетін дұрыс пайдаланған жөн. Дамуы қарқынды цифрлық мегаполистер, инновациялық кластерлер және өнімділігі жоғары индустрия қалыптастыру Қазақстанды Еуразияның технологиялық тұрғыдан өркендеген іскерлік хабқа айналдыруды көздейді. Кең байтақ өңірімізде бұрын-соңды болмаған бұл жоба табысты іске асқан жағдайда (Ал біз мұны сәтті жүзеге асыруға міндеттіміз), орнықты экономикалық өсімнің мүлдем жаңа моделі пайда болады». t.me/aqorda_resmi
⚡️Глава государства: «Кроме того, в стране были приняты принципиально новые Строительный и Водный кодексы. Эти документы имеют особое значение для регулирования отраслей стратегической важности. В прошлом году в Казахстане было построено более 20 миллионов квадратных метров жилья. Это также самый высокий показатель в нашей истории. Самое главное заключается в том, что тысячи семей обрели собственные дома и квартиры. Наряду с благоустройством городов последовательно повышается качество жизни в сельской местности. В текущем году планируется завершить 12 крупных проектов, что позволит обеспечить чистой питьевой водой свыше полумиллиона человек в сельской местности. Беспрецедентную по масштабу государственную поддержку получили сельхозпроизводители. В прошлом году на льготное финансирование агропромышленного комплекса был привлечен один триллион тенге кредитных ресурсов. Фермеры впервые получили доступ к «длинным» деньгам под пять процентов годовых, что способствовало существенной модернизации сельскохозяйственной отрасли. Благодаря этим мерам валовая продукция АПК достигла почти десяти триллионов тенге, а экспорт вырос в 1,3 раза, достигнув самого высокого за последнее десятилетие показателя в 7 миллиардов долларов. Динамично развиваются высокотехнологические отрасли. Есть достижения и в отечественной фармацевтике. По оценке Всемирной организации здравоохранения, Казахстан стал первой страной в СНГ по уровню доверия к фармацевтической индустрии. Объем рынка лекарств и медикаментов превысил триллион тенге, а иностранные инвестиции в отрасль за последние три года выросли более чем в три раза. Однако мы не можем довольствоваться этими результатами. Перед нами стоят сложные задачи, и мы обязательно должны достичь поставленных целей». t.me/aqorda_resmi
⚡️Мемлекет басшысы: «Сонымен қатар елімізде түбегейлі жаңа Құрылыс және Су кодекстері қабылданды. Стратегиялық маңызы айрықша салаларды ретке келтіру үшін қабылданған құжаттардың маңызы зор. Былтыр Қазақстанда 20 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй салынды. Бұл да – тарихымыздағы ең жоғары көрсеткіш. Ең басты нәтиже – мыңдаған отбасы баспаналы болды. Біз қалаларды абаттандырумен қатар, ауылдардың жағдайын жақсартуға басымдық беріп келеміз. Биыл шалғай елді мекендерде тұратын жарты миллионнан астам адамды ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін 12 ірі жоба іске қосылады. Мемлекет ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге бұрын-соңды болмаған ауқымда қолдау көрсетіп жатыр. Өткен жылы агроөнеркәсіп саласына жеңілдетілген несие беру үшін 1 триллион теңге қаржы тартылды. Осылайша, шаруалар алғаш рет жылына 5 пайыздық мөлшермен «ұзақмерзімді» қаражат алу мүмкіндігіне ие болды. Мұндай қадам ауыл шаруашылығы саласын жаңғыртуға ықпал еткені сөзсіз. Осындай шаралардың арқасында агроөнеркәсіп кешеніне тиесілі жалпы өнім құны шамамен 10 триллион теңгеге жетті. Ал экспорт көлемі 1,3 есе артып, 7 миллиард доллар табыс түсті. Бұл – соңғы он жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Озық технологиялар саласы да қарқынды дамып келеді. Әсіресе, отандық фармацевтика бағытында біраз жетістіктеріміз бар. Фармацевтика индустриясына сенім деңгейі бойынша Қазақстан Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдері арасында көш бастап тұр. Мұндай бағаны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы беріп отыр. Отандық дәрі-дәрмек нарығының көлемі 1 триллион теңгеден асты. Кейінгі үш жылда бұл салаға тартылған шетелдік инвестиция көлемі үш еседен астам ұлғайды. Алайда, бұған мәз болып отыра беруге болмайды, алдымызда тұрған міндет аз емес, қойылған мақсаттарға міндетті түрде жетуіміз керек». t.me/aqorda_resmi
⚡️Касым-Жомарт Токаев: «В стране открываются современные заводы по производству автомобилей, бытовой техники, грузовых вагонов, строительных материалов и другой высококачественной продукции. Только с 2023 по 2025 годы реализовано 540 индустриальных проектов на сумму 3,7 триллиона тенге. В ближайшие два года ожидается запуск еще более 200 новых производств с привлечением инвестиций в объеме около трех триллионов тенге. Это означает увеличение поступлений в бюджет, внедрение передовых технологий и, самое главное, открытие новых рабочих мест. Благодаря уже запущенным проектам создано почти 50 тысяч постоянных рабочих мест. Ввод в строй планируемых объектов откроет возможность для трудоустройства еще свыше 20 тысяч человек. Государство направляет колоссальные средства на поддержку и защиту отечественных предпринимателей. В целом, около половины трудоспособных граждан Казахстана задействованы в малом и среднем бизнесе. За последние 5 лет число людей, работающих в этом секторе, достигло 4,5 миллиона человек. Рекордных показателей достигла и доля малого и среднего бизнеса в структуре ВВП, уверенно перешагнув рубеж в 40 процентов. В 2025 году через холдинг «Байтерек» предпринимателям была оказана поддержка на сумму в восемь триллионов тенге». t.me/aqorda_resmi
Ahead of the official visit of the Minister of Foreign Affairs of the Republic of Kazakhstan, Yermek Kosherbayev, to Turkmenistan we present an infographic highlighting the key areas of 🇰🇿–🇹🇲 cooperation. The infographic outlines the main areas of bilateral engagement, including political dialogue, trade and economic partnership, as well as cultural and humanitarian cooperation. @PressMFAKZ
В преддверии официального визита Министра иностранных дел Республики Казахстан Ермека Кошербаева в Туркменистан. Инфографика отражает ключевые направления 🇰🇿–🇹🇲 сотрудничества, включая политическое взаимодействие, торгово-экономические связи, а также культурно-гуманитарное сотрудничество. @PressMFAKZ
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаевтың Түрікменстанға ресми сапары қарсаңында Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын көрсететін инфографиканы назарларыңызға ұсынамыз. Инфографикада 🇰🇿-🇹🇲 өзара іс-қимылдың негізгі бағыттары, атап айтқанда саяси диалог, сауда-экономикалық серіктестік, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық қамтылған. @PressMFAKZ
⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев: «Елімізде көлік, тұрмыстық техникалар, жүк вагондарын, құрылыс материалдарын және басқа да сапалы өнімдер шығаратын заманауи зауыттар ашылып жатыр. Тек 2023-2025 жылдардың ішінде 540 индустриялық жоба жүзеге асырылды. Олардың жалпы құны 3,7 триллион теңге болды. Алдағы екі жылда тағы 200-ден астам өндіріс орны іске қосылмақ. Осы мақсатқа шамамен 3 триллион теңге инвестиция тартылады. Бұл – қазынаға түсетін салық көлемі артады, өндіріске озық технологиялар енгізіледі және ең бастысы, жаңа жұмыс орындары ашылады деген сөз. Іске қосылған жобалардың арқасында қазірдің өзінде 50 мыңға жуық тұрақты жұмыс орны пайда болды. Қалған жобалар жүзеге асқан соң тағы 20 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылады. Мемлекет отандық кәсіпкерлерді қолдауға баса мән беруде. Осы мақсатқа қомақты қаржы бөлініп жатыр. Жалпы, Қазақстандағы жұмысқа жарамды азаматтардың жартысына жуығы табысын шағын және орта бизнестен тауып отыр. Соңғы бес жылда осы секторда еңбек ететін адам саны 4,5 миллионға жетті. Жалпы ішкі өнімнің 40 пайыздан астамы шағын және орта бизнес саласына тиесілі. Мұны рекордтық көрсеткіш деп айтуға толық негіз бар. Былтыр «Бәйтерек» холдингі арқылы кәсіпкерлерге 8 триллион теңге көлемінде қолдау көрсетілді». t.me/aqorda_resmi
⚡️Президент: «Второе. Переход на новую экономическую модель. Это стратегическая задача особого значения. Для ее оперативного решения необходимо выработать новые подходы, новые позиции. Очевидно, что прежние методы работы не будут эффективными. Ранее я уже говорил, что с каждым годом происходит ухудшение глобальной ситуации, международной обстановки в целом. Перед нами стоит множество различных конфликтов и вызовов. Но, несмотря на это, мы проводим взвешенную политику и уверенно движемся вперед. Мы и впредь будет следовать этому курсу. По итогам прошлого года рост национальной экономики составил 6,5 процента, что является высоким показателем на фоне общемировых темпов развития. Валовой внутренний продукт Казахстана впервые в истории преодолел рубеж в 300 миллиардов долларов, а ВВП на душу населения с 2019 года увеличился в полтора раза – до 15 тысяч долларов. Это один из самых высоких результатов среди стран СНГ. Нам удалось замедлить инфляцию: по итогам пяти месяцев текущего года она снизилась до 10,4 процента. Но необходимо работать над дальнейшим снижением этого показателя. Обеспечена стабильность финансовой системы страны. Национальная валюта надежно защищена от внешних рисков. В целом, можно говорить о продуктивном взаимодействии Парламента с Правительством и Национальным банком. Самый актуальный на данный момент вопрос – базовая процентная ставка Национального банка. К решению этого вопроса необходимо подойти взвешенно. Принятые вами новые Бюджетный и Налоговый кодексы полностью перезагрузили всю экономическую систему и изменили сами подходы к управлению государственными финансами. Таким образом, заложен фундамент для формирования новой модели казахстанской экономики». t.me/aqorda_resmi
⚡️Президент: «Екінші мәселе. Қазақстан экономикасын жаңа үлгіге көшіру. Бұл – аса маңызды стратегиялық міндет. Оған жедел түрде қол жеткізу үшін жаңа көзқарас, жаңа ұстаным қажет. Бұрынғы жұмыс тәсілдері мен әдістері тиімді болмайтыны анық. Бұған дейін де айттым: жаһандағы жағдай, жалпы халықаралық ахуал жыл өткен сайын ушығып барады. Түрлі қақтығыстар мен сын-қатерлер аз емес. Бірақ біз соған қарамастан, салиқалы саясат жүргізіп, нық сеніммен алға қадам басып келеміз. Біз бұл саясатты берік ұстануымыз қажет. Былтыр экономикамыз 6,5 пайызға өсті. Мұны әлем елдерінің даму қарқынымен салыстырғанда жоғары көрсеткіш деуге болады. Жалпы ішкі өнім ел тарихында алғаш рет 300 миллиард доллардан асты. Оның жан басына шаққандағы үлесі 15 мың доллардан асып, 2019 жылдан бері бір жарым есе артты. Бұл – Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдері арасындағы ең жоғары нәтиженің бірі. Инфляция бағамы төмендеді: биылғы бес айдың қорытындысы бойынша оның деңгейі 10,4 пайызға дейін түсті. Бірақ бұл көрсеткішті әлі де төмендету керек. Қазақстанның қаржы жүйесі тұрақты. Ұлттық валютамыз да өз тұғырында нық тұр, сыртқы қауіп-қатерлерден сенімді түрде қорғалған деп айтсақ, қате болмайды. Жалпы, Парламент Үкіметпен және Ұлттық банкпен бірлесіп, тиімді жұмыс атқарды. Қазіргі таңдағы ең өзекті мәселе – Ұлттық банктің негізгі пайыздық ставкасы. Бұл мәселені пайымдап шешу керек. Өздеріңіз қабылдаған Бюджет және Салық кодекстеріне сәйкес еліміздің экономикалық жүйесі толығымен қайта жаңғырды және мемлекет қаржысын басқаруға қатысты ұстаным түбегейлі өзгерді. Осылайша, Қазақстан экономикасының жаңа келбетіне жол ашуға қажетті негіз қалыптасты». t.me/aqorda_resmi
⚡️Глава государства: «Действительно, Передовое и Справедливое государство невозможно построить без эффективно функционирующих общественных институтов. Именно поэтому я предложил учредить новый конституционный орган – Қазақстан Халық Кеңесі, который объединит представителей маслихатов, общественных советов, экспертных площадок и организаций гражданского общества. Халық Кеңесі возьмет на себя и функционал, который ранее находился в ведении Ассамблеи народа Казахстана. Таким образом, меняется структурный формат, но ни в коем случае не сама суть общенационального единства – магистрального направления нашей внутренней политики. Халық Кеңесі – это первая в нашей истории диалоговая платформа конституционного уровня, символ уникального многообразия Казахстана. Разрозненные ранее структуры объединятся в Высший консультативный орган, наделенный правом законодательной инициативы. Это значит, что голос всего народа станет главной неотъемлемой частью государственной политики. Самый ценный результат реформ – это участие граждан в процессе принятия важнейших государственных решений. Почти тридцать лет пролежавший без дела механизм прямого народного волеизъявления превратился в политическую практику. С 2022 года проведено три общенациональных референдума по судьбоносным для страны вопросам. Моя принципиальная позиция неизменна: именно народ должен быть творцом происходящих в стране перемен. Но конкретные инициативы могут и должны исходить от власти. Уже сейчас можно сказать: реализованные в нашей стране реформы создали устойчивую систему сдержек и противовесов властных институтов, повысили качество государственного управления. Но главная цель всех преобразований – рост благосостояния народа и качества жизни людей в каждом регионе страны – требует дополнительных усилий со стороны Правительства, законодателей, всего общества». t.me/aqorda_resmi
⚡️Мемлекет басшысы: «Шын мәнінде, тиімді жұмыс істейтін қоғамдық институттары болса ғана, Озық және Әділетті мемлекет қалыптасады. Сол себепті, мен жаңа конституциялық орган – Қазақстан Халық Кеңесін құруды ұсындым. Қазақстан Халық Кеңесі мәслихаттардың, қоғамдық кеңестердің, сарапшылар алаңы мен азаматтық қоғам ұйымдары өкілдерінің басын біріктіреді. Бұрын Қазақстан халқы ассамблеясына тиесілі болған қызметтік міндеттер енді Халық кеңесіне өтеді. Осылайша, құрылым форматы өзгергенімен, жалпыұлттық бірлігіміздің мәні ішкі саясатымыздың маңызды бағыты ретінде сақталады. Халық Кеңесі – тарихымызда алғаш рет конституциялық деңгейде құрылған диалог алаңы. Көпұлтты және әралуан Қазақстанымыздың символы. Бұрын шашыраңқы болған құрылымдар заң шығару бастамасын көтеру құқығына ие болатын Жоғары консультативтік органның аясына бірігеді. Демек, халықтың үніне құлақ асу мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігіне айналады. Елімізде жүргізілген реформалардың ең басты нәтижесі – азаматтардың маңызды мемлекеттік шешімдерді қабылдау үдерісіне қатыса алуы. Халықтың өз ықтиярын тікелей білдіру тетігі отыз жылға жуық уақыт бойы қолданылмай келді. Тек соңғы жылдары ғана саяси тәжірибемізге енді. 2022 жылдан бері ел тағдырына әсер ететін маңызды мәселелер бойынша үш рет жалпыұлттық референдум өтті. Бұл орайда менің ұстанымым бұрынғыдай: елдегі өзгерістердің иесі халық болуға тиіс. Алайда билік нақты бастамалар көтере алады әрі солай болуы керек. Қазірдің өзінде елімізде жүзеге асырылған реформалар билік институттарының орнықты тежемелік және теңгерім жүйесін қалыптастарды, мемлекеттік басқару сапасын арттырды деп сеніммен айта аламыз. Алайда реформалардың басты мақсаты – халықтың әл-ауқатын арттыру, өңір тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсарту. Бұл үшін Үкімет, заң шығарушы орган, тұтас қоғам жұмыла еңбек етуі қажет». t.me/aqorda_resmi
⚡️Касым-Жомарт Токаев: «Надеюсь на то, что Курултай сможет стать ведущим фактором технологического прогресса. На первом заседании рабочей группы по парламентской реформе в октябре прошлого года мной поднимался вопрос о внедрении полноформатной системы e-Parliament. Если по уровню развития e-Government Казахстан в глобальных рейтингах уже входит в мировой Топ-25, то становление и развитие Электронного Парламента потребует серьезных усилий. Вновь избранным депутатам предстоит по-новому подойти к нормотворчеству с опорой на прогнозную аналитику, моделирование экономических последствий и социальных рисков с помощью управления Большими данными. Важные законопроекты следует выносить на дискуссии с участием экспертов и ответственных активистов. При этом необходимо использовать цифровые инструменты, что позволит значительно расширить количество участников дискуссий, превратить их в по-настоящему общественные дебаты. Курултай призван стать платформой для открытого общенационального диалога, мгновенно реагируя на актуальные вопросы, волнующие общество. Это означает, что необходимо в первую очередь учитывать конкретные запросы граждан, отдавая поручения государственным органам в рамках конкретных нормативно-правовых актов». t.me/aqorda_resmi
⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев: «Құрылтай технологиялық прогрестің жетекші факторы болады деп үміттенемін. Былтыр қазан айында өткен Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының алғашқы отырысында мен толыққанды e-Parliament жүйесін енгізу мәселесін көтерген едім. Қазақстан e-Government, яғни Электрондық үкіметтің даму деңгейі бойынша жаһандық рейтингте әлемдегі үздік 25 елдің қатарына кірді. Енді Электрондық Парламентті қалыптастыруға және дамытуға көп күш-жігер жұмсауымыз қажет. Жаңадан сайланған депутаттар заң шығару ісінде болжамды сараптамаға, Үлкен дерекқорды басқару арқылы кез келген шешімнің экономикалық салдары мен әлеуметтік тәуекелдерін модельдеуге баса мән беруі керек. Маңызды заң жобаларын сарапшылармен және жауапты қоғам белсенділерімен бірге талқылаған жөн. Цифрлық құралдарды пайдалану қажет. Бұл пікірталасқа қатысушылар санын көбейтіп, мәселені нағыз қоғамдық талқыға салуға мүмкіндік береді. Құрылтай жалпыұлттық деңгейдегі ашық диалог алаңы ретінде қызмет етіп, қоғамды толғандырған өзекті мәселелерге дер кезінде назар аударуы қажет. Бұл – азаматтардың дәйекті өтініштері міндетті түрде ескеріліп, нақты нормативтік-құқықтық актілерді қабылдау арқылы мемлекеттік мекемелерге тиісті тапсырмалар берілуі керек деген сөз». t.me/aqorda_resmi
⚡️Глава государства: «В результате наша базовая формула государственной власти «Сильный Президент – Влиятельный Курултай – Подотчетное Правительство» обрела полноценное институциональное воплощение. В обновленном балансе ветвей власти Президент сохранил свою ключевую роль как символа Независимости и единства государства, гаранта соблюдения Конституции, законных прав и свобод граждан. Крайне важно понимать и учитывать, что Казахстан остается президентской республикой, где Президент является главным должностным лицом государства, Верховным Главнокомандующим Вооруженных сил, назначает на должности руководителей всех правоохранительных органов, определяет основные направления внутренней и внешней политики страны, представляет наше государство на международной арене. Вместе с тем, модернизация предусматривает дальнейшую трансформацию парламентской системы. Курултаю предстоит ликвидировать все препятствия в виде бюрократических процедур, повысить скорость и качество законотворчества, организовать эффективную деятельность квалифицированных экспертов и консультантов. В эпоху тотальной цифровизации и искусственного интеллекта Курултаю придется работать в ускоренном темпе для оперативной адаптации национального законодательства к стремительно меняющимся реалиям в цифровой матрице. Это критически важная задача, поскольку она будет определять готовность Казахстана к участию в глобальной конкуренции». t.me/aqorda_resmi
⚡️Мемлекет басшысы: «Нәтижесінде мемлекеттік биліктің «Күшті Президент – ықпалды Құрылтай – есеп беретін Үкімет» деген базалық формуласы толыққанды институционалдық мәнге ие боды. Жаңарған билік тармақтарының теңгерімді жүйесінде Президент Тәуелсіздік пен мемлекет тұтастығының символы, Конституцияны және азаматтардың заңды құқықтары мен бостандықтарын сақтаудың кепілі ретінде бұрынғыдай басты рөл атқарады. Қазақстан президенттік республика болып қала береді. Мұны түсіну, ескеру өте маңызды. Яғни Президент – мемлекеттің ең жоғары лауазымды тұлғасы, Қарулы күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы, барлық құқық қорғау органдарының басшыларын тағайындайды, елдің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайды, Қазақстан атынан халықаралық аренада өкілдік етеді. Сонымен қатар жаңғырту жұмыстары парламенттік жүйені одан әрі трансформациялау тетіктерін де қарастырады. Құрылтайдың алдында барлық бюрократиялық рәсім түріндегі кедергілерді жою, заң шығару ісінің жеделдігі мен сапасын арттыру, білікті сарапшылардың және консультанттардың қызметін тиімді ұйымдастыру міндеті тұр. Жаппай цифрландыру және жасанды интеллект дәуірінде Құрылтайға ұлттық заңнаманы тез өзгеріп жатқан цифрлық матрица жағдайына шұғыл бейімдеу үшін қарқынды жұмыс істеуге тура келеді. Бұл – өте маңызды. Қазақстанның жаһандық бәсекеге қаншалықты дайын екені осыдан көрінеді». t.me/aqorda_resmi
⚡️Касым-Жомарт Токаев: «Первое. Формирование новой архитектуры государственной власти Как было сказано выше, Парламент этого созыва запомнится высоким качеством законотворческой работы и невиданной ранее результативностью деятельности депутатского корпуса. Вы внесли особый вклад в начавшийся процесс построения Справедливого Казахстана, а также в разработку и принятие Конституции. Почти каждый из вас, депутатов, может сказать следующим поколениям политиков и общественных деятелей, детям и внукам: «Мне довелось принять непосредственное участие в работе над Конституцией 2026 года». Поддержав парламентскую реформу, депутатский корпус в полной мере показал всему миру свою политическую и гражданскую ответственность, глубокое понимание общенациональных интересов. Многие из находящихся в этом зале депутатов работали в составе Конституционной комиссии, встречались с гражданами, давали им исчерпывающие разъяснения сути реформ, которые сформируют облик нашего государства, его экономический потенциал на долгие годы вперед. После принятия Основного закона на всенародном референдуме вы сумели качественно и в кратчайшие сроки привести правовую систему нашего государства в соответствие с новыми конституционными реалиями. В частности, Парламент оперативно разработал и принял девять пакетов законов, в том числе шесть конституционных законов». t.me/aqorda_resmi
⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев: «Бірінші. Мемлекеттік биліктің жаңа құрылымын қалыптастыру. Әлгінде айтып өткенімдей, осы шақырылымдағы Парламент депутаттары заң шығару ісінде сапалы жұмыс атқаруымен есте қалады. Депутаттар корпусы өз қызметінде бұрын-соңды болмаған нәтиже көрсетті. Сіздер Әділетті Қазақстанның негізін қалау үдерісіне, сондай-ақ Конституцияны әзірлеп, қабылдауға зор үлес қостыңыздар. Кез келген депутат саясаткерлер мен қоғам қайраткерлерінің келесі буынына, балалары мен немерелеріне: «Мен 2026 жылы қабылданған Конституцияны дайындауға тікелей қатысқанмын» деп еш ұялмай айта алады. Жалпы, депутаттық корпус парламенттік реформаны толық қолдады. Сол арқылы саяси және азаматтық жауапкершілік танытып, ұлт мүддесі бәрінен биік тұратынын бүкіл әлемге паш етті. Осында отырған біраз депутат Конституциялық комиссия құрамында болды. Сіздер азаматтармен кездесіп, мемлекетіміздің тұрпатын өзгертетін, экономикалық әлеуетін күшейтетін реформалардың мән-маңызын жұртшылыққа жан-жақты түсіндіріп бердіңіздер. Сіздер жалпыхалықтық референдумда Ата заңымыз қабылданған соң мемлекетіміздің құқықтық жүйесін жедел әрі сапалы жаңарту жұмысын жүргіздіңіздер. Өте қысқа мерзімде еліміздің заңнамасын жаңа Конституция нормаларына сай өзгерту жұмысын атқардыңыздар. Атап айтқанда, Парламент 9 заң топтамасын, соның ішінде 6 конституциялық заңды шұғыл әзірлеп, қабылдады». t.me/aqorda_resmi
⚡️Президент: «Как известно, уже завтра будет дан старт глубокой модернизации всей системы государственного управления. Это не очередная административная реформа. Это, по сути, запуск нового исторического времени, начало беспрецедентных по своему значению и последствиям преобразований. Другими словами, планируется провести капитальный ремонт всего «здания» казахской государственности. Обеспечивая сохранность и незыблемость фундамента и несущих конструкций Независимости страны, мы обязаны качественно улучшить систему государственного управления. Это критически важная задача, требующая напряжения усилий всех сопричастных к этому делу лиц, представляющих государственную службу, академические институты, научные и политологические центры, НПО, международные организации. Поставленную в прошлогоднем Послании задачу в течение трех лет превратить Казахстан в развитое цифровое государство никто не отменял. От выполнения данной задачи во многом зависит будущее нашей страны. Надо всегда помнить, что вопросы, касающиеся надежного обеспечения Независимости и суверенитета Казахстана, еще полностью не решены, и следует ожидать нарастания угроз и вызовов. Наша главная цель – поднять благосостояние, обеспечить безопасность и улучшить качество жизни граждан, сделать данный показатель и саму тенденцию необратимыми. Мы не имеем права почивать на лаврах. Масштаб и сложность стоящих перед нами задач требуют упорной и результативной работы. В этой связи считаю важным подвести основные итоги совместной деятельности, сформулировать направления дальнейшего развития». t.me/aqorda_resmi
⚡️Президент «Бәріңізге белгілі, ертең мемлекеттік басқару жүйесін түбегейлі жаңғырту жұмысы ресми түрде бастау алады. Мұны кезекті әкімшілік реформа деп түсінуге болмайды. Себебі, бұл – еліміз үшін мүлде жаңа тарихи кезең басталады, яғни мақсаты да, мағынасы да мүлде бөлек, бұрын-соңды болмаған өзгерістер іске асады деген сөз. Басқаша айтсақ, біз қазақ мемлекеттігінің «ғимаратына» күрделі жөндеу жүргізуді көздеп отырмыз. Біз ел Тәуелсіздігінің мызғымас тұғыры мен іргетасын көздің қарашығындай сақтап, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіре түсуге міндеттеміз. Бұл – аса маңызды міндет. Оған мемлекеттік қызметте, академиялық институтта, ғылыми және саяси зерттеулер орталықтарында, үкіметтік емес секторда, халықаралық ұйымдарда қызмет ететін, осы іске қатысы бар азаматтардың барлығы атсалысуы қажет. Былтырғы Жолдауымда Қазақстанды үш жылдың ішінде дамыған цифрлық мемлекетке айналдыру жөнінде міндет қойғанымды білесіздер. Еліміздің келешегі осы мақсатты қалай іске асыратынымызға байланысты. Біз Қазақстанның Тәуелсіздігі мен Егемендігін сенімді түрде қорғау мәселесін әлі түбегейлі шешкен жоқпыз. Мұны ешқашан естен шығармайық. «Жау жоқ деме жар астында» деген тәмсілді әрқашан қаперде ұстаған жөн. Біздің басты мұратымыз – халықтың әл-ауқатын арттырып, қауіпсіздігін қамтамасыз ету, азаматтардың тұрмыс сапасын жақсарту. Бұл көрсеткіштерді ұдайы көтеріп, осы үрдісті үздіксіз жалғастыра беруіміз қажет. Сондықтан біздің мұндай кезде қол қусырып отыруға құқымыз жоқ. Алдымызда тұрған аса ауқымды әрі күрделі міндеттерді табысты жүзеге асыру үшін табанды, нәтижелі еңбек етуіміз керек. Осы тұста бірлесіп атқарған жұмысты қорытындылап, алдағы даму жоспарымызды айқындап алу қажет деп санаймын». t.me/aqorda_resmi
⚡️Глава государства: «Международная ситуация, как вам известно, ухудшается, становится непредсказуемой, что сильно осложняет перспективы развития мировой экономики. Согласно прогнозам МВФ и специализированных агентств ООН, в предстоящие два года мировое сообщество и отдельные страны столкнутся со значительными трудностями в реализации планов экономического развития. Тем не менее нам нельзя впадать в отчаяние и тем более в панику. Правительству предстоит нарастить усилия по обеспечению устойчивого развития страны. В повестке дня такие острые вопросы, как сдерживание инфляции и снижение ее уровня до максимально возможных значений, недопущение падения темпов роста экономики. Более того, необходимо работать над повышением ключевых показателей». t.me/aqorda_resmi
Архив #государство — страница 51
Это 51-я страница подборки «государство» в ленте Life News. Вернуться к свежим публикациям по тегу — первая страница. Все темы — на главной.