Мемлекет басшысы Қазақстан Ұлттық банкінің есебін қабылдады 🟦Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк басшылығының 2025 жылы атқарған жұмыс қорытындысы мен 2026 жылға арналған жоспары туралы есебін тыңдады. 🟦Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов ақша-несие саясатында қол жеткізген нәтижелер, қаржы секторы, алтын-валюта резерві, Ұлттық қор мен БЖЗҚ зейнетақы активтерінің жағдайы, сондай-ақ қаржы жүйесінің цифрлық трансформациялануы жөнінде мәлімет берді. 🟦Президентке былтыр инфляция деңгейі 12,3 пайызға дейін бәсеңдегені баяндалды. Инфляцияның төмендеуі биыл да жалғасуда, мамыр айының мәліметіне сәйкес – 10,4 пайыз. 🟦Ұлттық банк Үкіметпен бірге инфляция деңгейін баяулату бағытында кешенді жұмыс жүргізуде. 🟦Мемлекет басшысына Ұлттық банктің сенімгерлік басқаруына берілген Ұлттық қор мен БЖЗҚ активтерінің жай-күйі жөнінде ақпарат ұсынылды. 🟦Ұлттық банктің алтын-валюта резерві былтыр рекордтық деңгейге жетіп, 65,4 миллиард долларды құрады. Ұлттық қордың валюталық активтері 5,1 миллиард долларға өсіп, 63,9 миллиард долларға жетті. БЖЗҚ активтерінің көлемі 2,7 триллион теңгеге артып, 25,1 триллион теңгеге ұлғайды. 🟦Қасым-Жомарт Тоқаевқа цифрландыру және цифрлық жобаларды дамыту жайында айтылды. 2025 жылы цифрлық активтерге арналған арнайы құқықтық режим қолданысқа еніп, оның базасында нақты активтерді токендеу, ақшаға байланған стейблкоиндер шығару, криптопровайдер мен крипто-фиат арналарын ұйымдастыру сияқты 30-дан астам пилоттық жоба жүзеге асырылды. 🟦Қазақстан өңірдегі алғашқы Ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымын іске қосты. Бұл қауіпсіз биометрия, банкаралық есеп айырысуларды жүргізу, қаржылық ақпарат алмасу жүйесі, цифрлық теңге, алаяқтықтан қорғау және заманауи цифрлық сервистер секілді тетіктерді біріктіреді. 📌Кездесу соңында Мемлекет басшысы Ұлттық банкке қаржы жүйесінің орнықтылығын қамтамасыз етуді, сондай-ақ Үкіметпен бірлесе инфляцияны тежеу және макроэкономикалық тұрақтылықты қолдау жөнінде үйлесімді саясат жүргізуді тапсырды. ❗️Сонымен қатар қаржы нарығындағы озық цифрлық инфрақұрылымды одан әрі дамытудың маңызы айрықша атап өтілді. t.me/aqorda_resmi
Aqorda — страница 9
Архив материалов источника Aqorda, страница 9. Более ранние публикации этого издания в ленте Life News. Свежие — на первой странице.
Арье Лайтстоун поздравил Президента и народ Казахстана с Днем государственных символов, пожелав мира и процветания нашей стране ✔️Собеседник также передал Касым-Жомарту Токаеву теплые слова приветствия Президента США Дональда Трампа. ✔️Представитель Совета мира высоко оценил активное участие Казахстана в работе данной организации и других международных инициативах, в том числе решение о присоединении к Авраамским соглашениям. ✔️Собеседники обсудили перспективы сотрудничества в транспортно-логистической сфере, включая инициативу TRIPP и взаимодействие в рамках Среднего коридора. Подчеркнута заинтересованность Казахстана в укреплении межрегиональной взаимосвязанности и диверсификации международных транспортных маршрутов. ✔️По итогам встречи была подтверждена обоюдная готовность к дальнейшему углублению сотрудничества по широкому спектру вопросов двусторонней и многосторонней повестки дня. t.me/aqorda_resmi
Арье Лайтстоун Қазақстан Президенті мен халқын Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтап, елімізге бейбітшілік және бақ-береке тіледі ✔️Сондай-ақ ол Мемлекет басшысына АҚШ Президенті Дональд Трамптың ыстық ықыласы мен лебізін жеткізді. ✔️Бейбітшілік кеңесінің өкілі Қазақстанның осы және басқа да халықаралық ұйымдар жұмысына белсене қатысатынын, соның ішінде Ибраһим келісімдеріне қосылу жөнінде шешім қабылдағанын жоғары бағалады. ✔️Қасым-Жомарт Тоқаев пен Арье Лайтстоун көлік-логистика саласындағы ынтымақтастық, TRIPP және Орта дәліз аясындағы ықпалдастық перспективасын талқылады. Қазақстанның өңіраралық өзара байланысты нығайтуға және халықаралық көлік бағдарын әртараптандыруға қызығушылық танытатыны атап өтілді. ✔️Кездесу соңында Президент пен Ұйым өкілі екіжақты және көпжақты күн тәртібіндегі ауқымды мәселелер бойынша ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге дайын екенін растады. t.me/aqorda_resmi
Глава государства принял старшего советника Совета мира Арье Лайтстоуна ✔️Касым-Жомарт Токаев отметил значимость участия Казахстана в Совете мира и подчеркнул приверженность нашей страны выстраиванию плодотворного сотрудничества в рамках организации. – В качестве одного из сооснователей Совета мира мы убеждены, что данный институт будет эффективно содействовать укреплению глобального мира и безопасности, – сообщил Президент. ✔️В ходе встречи были обсуждены инициативы Казахстана, направленные на содействие стабилизации ситуации в секторе Газа, которые включают участие в проектах по восстановлению социальной инфраструктуры, реализацию инициатив в сфере образования, здравоохранения и поддержку продовольственной безопасности. t.me/aqorda_resmi
Мемлекет басшысы Бейбітшілік кеңесінің Аға кеңесшісі Арье Лайтстоунды қабылдады ✔️Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Бейбітшілік кеңесіне қатысуының маңызын атап өтіп, ұйым аясында нәтижелі ынтымақтастық орнатуға бейіл екенін жеткізді. – Біз Бейбітшілік кеңесінің негізін қалаушылардың бірі ретінде аталған институттың жаһандық қауіпсіздік пен диалогты нығайтуға тиімді ықпал ететініне сенімдіміз, – деді Мемлекет басшысы. ✔️Кездесуде Газа секторындағы ахуалды тұрақтандыруға үлес қосуды көздейтін Қазақстан бастамалары талқыланды. Бұл әлеуметтік инфрақұрылымды қалпына келтіру, білім беру және денсаулық сақтау жобаларын жүзеге асыру, азық-түлік қауіпсіздігін қолдау бағыттарын қамтиды. t.me/aqorda_resmi
🇰🇿Мемлекеттік туды көтеру рәсімі **** 🇰🇿Церемония поднятия Государственного флага 🎦 t.me/aqorda_resmi
Ішкі істер министрлігінің Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының түлегі Никита Кадочников Конституция құндылықтарын сақтау жолында адал қызмет етуге ант етті **** Выпускник Карагандинской академии МВД им. Б. Бейсенова Никита Кадочников торжественно пообещал верно служить делу сохранения конституционных ценностей 🎦 t.me/aqorda_resmi
Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясының түлегі Санжар Ақбергенов алдағы қызметінде Заң мен тәртіп қағидатын ұстануға дайын екенін жеткізді **** Выпускник Академии Комитета национальной безопасности Санжар Акбергенов заявил о готовности придерживаться в своей деятельности принципа «Закон и Порядок» 🎦 t.me/aqorda_resmi
В рамках мероприятия звание «старший лейтенант» было присвоено лучшим выпускникам Военного института Сухопутных войск им. С. Нурмагамбетова, Академии КНБ, Пограничной академии КНБ, Карагандинской академии МВД имени Б. Бейсенова, Академии Национальной гвардии и Академии гражданской защиты имени М. Габдуллина. t.me/aqorda_resmi
Іс-шара аясында С. Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институты, Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясы, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара академиясы, Ішкі істер министрлігінің Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы, Ұлттық ұлан академиясы, М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының үздік түлектеріне «аға лейтенант» шені тапсырылды. t.me/aqorda_resmi
⚡️Касым-Жомарт Токаев: «Честь и доблесть настоящего офицера измеряются не погонами, а безупречной службой во благо Родины» «В прошлом году я выступил с инициативой поддержать лучших выпускников военных учебных заведений. Тогда я подчеркнул, что им следует присваивать звание «старшего лейтенанта», а не «лейтенанта», как это было принято. Соответствующее поручение мною было дано, и сегодня оно будет воплощено в жизнь. Вы станете первыми выпускниками, которым будет присвоено звание «старший лейтенант». Безусловно, это огромное доверие и высокая ответственность, возложенная на вас. Легендарному казахскому герою Сагадату Нурмагамбетову принадлежат слова: «Атақты алғаннан оны арқалап жүру қиын» («Не так сложно получить звание, как достойно нести его»). В конечном счете, честь и доблесть настоящего офицера измеряются не погонами, а безупречной службой во благо Родины. Наше подрастающее поколение искренне восхищается вами, видя в вас достойный пример для подражания. Уверен, что все вы будете верны присяге, гордо храня офицерскую честь. Сегодня в торжественной церемонии принимают участие родители лучших выпускников. Выражаю вам искреннюю благодарность, вы воспитали истинных патриотов Казахстана. Поздравляю молодых офицеров с присвоением первого воинского звания! Желаю вам успехов в службе! Пусть всегда высоко реет наш бирюзовый стяг! Пусть будет вечным наше государство!». t.me/aqorda_resmi
⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев: «Нағыз сарбаздың абырой-беделі, ең алдымен, Отан алдындағы мінсіз қызметіне қарай өлшенеді» «Мен былтыр әскери оқу орындарының үздік түлектерін қолдау жөнінде бастама көтердім. Оларға қалыптасқан дәстүрге сай «лейтенант» емес, «аға лейтенант» шенін тапсыру қажет екенін айттым. Соған сәйкес нақты тапсырма бердім. Міне, бүгін осы бастама нақты жүзеге асырылмақ. Сіздер оқуды бітіріп, бірден «аға лейтенант» шенін алатын тұңғыш түлек боласыздар. Бұл – өздеріңізге артылған зор сенім және үлкен жауапкершілік. Қазақтың біртуар батыры Сағадат Нұрмағамбетовтың «атақты алғаннан оны арқалап жүру қиын» деген сөзі бар. Шын мәнінде, нағыз сарбаздың абырой-беделі оның шенімен емес, ең алдымен, Отан алдындағы мінсіз қызметіне қарай өлшенеді. Көптеген жастарымыз сіздерге қарап бой түзейді, үлгі алады. Бәріңіз де антқа адал болып, қазақ сардары деген атаққа әрдайым лайық боласыздар деп сенемін. Бүгін алқалы жиынға озат түлектердің ата-аналары да қатысып отыр. Сіздер Қазақстанның дәл осындай отаншыл азаматтарына тәлім-тәрбие бердіңіздер. Баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін. Жас офицерлердің алғашқы әскери шені құтты болсын! Қызметтеріңізге табыс тілеймін! Туымыз әрдайым көкте желбіресін! Қазақ елі мәңгі болсын!» t.me/aqorda_resmi
⚡️Президент: «Мы избрали путь развития как единая и созидательная нация» «Сегодня Казахстан обновляет модель своей государственности. Мы избрали путь развития как единая и созидательная нация. Есть все основания говорить, что последние годы для нашей страны стали периодом исторического поворота. Масштабные реформы дают новый импульс во всех сферах. Особенно глубокие изменения происходят в общественном сознании. Обновились содержание и подходы во внутренней политике. В стране утверждаются такие ценности, как солидарность, трудолюбие, дисциплинированность, бережливость, меняются мировоззрение и модели поведения граждан. Наши соотечественники стремятся жить в Справедливой, Культурной, Чистой и Безопасной стране. Именно поэтому в нашем обществе утверждается нетерпимость к любым правонарушениям и противоправным действиям. Впереди нас ждет большая работа. Уверен, что общими силами мы успешно справимся с поставленными задачами». t.me/aqorda_resmi
⚡️Президент: «Біз біртұтас әрі жасампаз ұлт ретінде дамудың даңғыл жолына түстік» «Қазір Қазақстан жаңа тұрпатты елге айналды. Біз біртұтас әрі жасампаз ұлт ретінде дамудың даңғыл жолына түстік. Кейінгі жылдарды еліміз үшін тарихи бетбұрыс кезеңі деуге толық негіз бар. Ауқымды реформалар барлық салаға тың серпін беруде. Түбегейлі өзгерістер, әсіресе, қоғамдық санаға зор сілкініс әкелді. Ішкі саясаттың мазмұны жаңарды, бағыт-бағдары айқындала түсті. Ел ішінде жанашырлық, еңбекқорлық, ұқыптылық, үнемшілдік қасиеттері орныға бастады. Азаматтарымыздың көзқарасы және ұстанымы өзгеруде. Халқымыз Әділетті, Мәдениетті, Таза және Қауіпсіз елде өмір сүруді қалайды. Сондықтан жұртымыз тәртіп бұзушылыққа, заңсыздыққа тұтас қоғам болып тосқауыл қоюда. Алайда, алдымызда тұрған жұмыс – өте ауқымды. Бұл жұмысты бәріміз бір ел, біртұтас халық болып міндетті түрде ойдағыдай орындаймыз». t.me/aqorda_resmi
⚡️Глава государства: «Тотальная цифровизация и искусственный интеллект породили новое бескрайнее пространство, дающее уникальные возможности для невиданных форм и способов развития. Таким редчайшим историческим шансом смогут воспользоваться только энергичные, сильные, устремленные в будущее народы. Верю – эта задача по плечу нашему подрастающему поколению. В основе устойчивого прогресса Казахстана лежит неразрывная связь нашего великого прошлого и не менее великого настоящего и, главное, – великого будущего». t.me/aqorda_resmi
⚡️Мемлекет басшысы: «Жаппай цифрландыру және жасанды интеллект технологиялары дамудың бұрын-соңды болмаған үлгісі мен тәсілдеріне жол ашатын жаңа әрі шексіз кеңістік қалыптастырды. Мыңның біріне берілетін дәл осы тарихи мүмкіндікті тек қуатты, күшті, болашаққа бағдар түзеген халықтар пайдалана алады. Бұл міндетті еңсеру біздің өскелең ұрпақтың қолынан келеді. Мен бұған сенімдімін. Қазақстанның орнықты дамуының негізінде ұлы тарихымыз, одан кем түспейтін қазіргі сәт және, ең бастысы, жарқын болашақ арасындағы ажырамас байланыс жатыр». t.me/aqorda_resmi
⚡️Касым-Жомарт Токаев: «Современная президентская модель власти, прочно утвердившаяся в Казахстане, восходит к политической системе, созданной во времена Золотой Орды» «В новой Конституции четко обозначена неразрывная связь прошлого казахского народа с тысячелетней историей Великой степи. В столице скоро начнется возведение грандиозного сооружения в честь достижений цивилизации Великой степи. Недавно в Астане при поддержке ЮНЕСКО мы провели международный симпозиум, посвященный изучению наследия Золотой Орды. Безусловно, все эти шаги внесут значительный вклад в укрепление устоев нашей государственности. Золотая Орда выступала в роли великой средневековой державы с собственными институтами власти, дипломатической службой, системой связи и таможни, признанной в мире валютой и передовыми для своего времени технологиями. Современная президентская модель власти, прочно утвердившаяся в Казахстане, восходит к политической системе, созданной во времена Золотой Орды. Главное наследие Золотой Орды – ее незыблемые ценности, которые в рамках общего свода правил гармонично объединяли в огромном государстве людей разных религий, языков, культур и традиций. Славный путь наших предков всегда будет служить нам образцом и стратегическим ориентиром. Достижения Золотой Орды являются общим достоянием многих современных народов Евразии. Поэтому, обращаясь к ее наследию, мы выступаем за единую и процветающую Евразию, где все страны живут в мире, заботятся об общей безопасности, созидают во благо своих народов. Наша задача – не бездумное копирование или пропаганда устаревших практик и чуждых идей, не участие в пустопорожних дискуссиях, а вдумчивое осмысление и качественная модернизация ценностей ушедшей великой эпохи, их адаптация к реалиям современной цивилизации». t.me/aqorda_resmi
⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазір Қазақстанда берік орныққан президенттік басқару үлгісі Алтын Орда кезінде құрылған саяси жүйеден бастау алады» «Бұдан бөлек, біз жаңа Конституцияда қазақ елінің төл шежіресі Ұлы даланың мыңдаған жылдық тарихымен сабақтас екенін айқын көрсеттік. Елордамызда Ұлы дала өркениетіне арналған зәулім ғимарат салынады. Жақында Астанада ЮНЕСКО-ның аясында Алтын Орда мұрасын зерттеу ісіне арналған халықаралық симпозиум өткізілді. Мұның бәрі мемлекеттігіміздің тұғырын нығайта түсуге зор ықпал етеді. Алтын Орда өзінің басқару институттары, дипломатиялық қызметі, байланыс және кеден жүйесі, әлемде мойындалған валютасы, озық инновациялары бар орта ғасырдағы алып ел болды. Қазір Қазақстанда берік орныққан президенттік басқару үлгісі Алтын Орда кезінде құрылған саяси жүйеден бастау алады. Алтын Орданың ең басты мұрасы – оның мызғымас құндылықтары. Себебі алып мемлекетте діні, тілі, мәдениеті, дәстүрі бөлек адамдар ортақ ережелер аясында тату-тәтті өмір сүрді. Бабаларымыздың осындай тағылымды жолы біз үшін өшпес өнеге және басты стратегиялық бағдар болып қала береді. Алтын Орданың жетістігі Еуразиядағы көптеген халықтың ортақ игілігі саналады. Сондықтан Ұлық Ұлыстың мұрагері ретінде біз Еуразияның біртұтастығын, өсіп-өркендегенін, ондағы мемлекеттердің барлығы тату-тәтті ғұмыр кешіп, ортақ қауіпсіздікті сақтап, халықтарының игілігі үшін қызмет еткенін құптаймыз. Біздің мақсатымыз – өзгелердің таптаурын болған тәжірибелері мен идеяларын үлгі-өнеге етпеу, өнбейтін дау-дамайдан бойды аулақ салу. Сонымен бірге өткен ұлы дәуірдің құндылықтарын ой елегінен өткізіп, сапалы түрде жаңғыртып, заманауи өркениетке қарай бейімдеу». t.me/aqorda_resmi
⚡️Глава государства: «Суверенитет и Независимость страны – наша самая главная, священная ценность» «Как цивилизованная и прогрессивная нация мы должны быть уверены в своих силах, действовать смело, без оглядки на кого бы то ни было. Другого пути нет. Наши целеустремленные, образованные и сознательные соотечественники глубоко осознают свою ответственность за судьбу государства. Они вступают в ряды волонтеров, занимаются благотворительностью и успешно реализуют важные инициативы. Истинный патриот не создает видимость работы, а упорно трудится во благо интересов страны. В этом и заключается суть созидательного патриотизма. Для государства важна не конъюнктура текущего момента, а долгосрочные приоритеты. Поэтому, следуя завету Абая, мы действуем взвешенно, но уверенно, смотрим только вперед, ставя во главу угла национальные интересы. С уважением относясь к родной истории, мы уделяем особое внимание сохранению преемственности поколений. В этом направлении ведется активная работа. Улытау, где похоронен Джучи хан, присвоен статус отдельной области. Создан институт изучения Улуса Джучи, научный потенциал которого нам предстоит укрепить. В ближайшее время в свет выйдет семитомный научный труд по истории Казахстана, один из томов которого будет полностью посвящен Золотой Орде». t.me/aqorda_resmi
⚡️Мемлекет басшысы: «Еліміздің Егемендігі, Тәуелсіздігі – ең маңызды, ең қастерлі құндылығымыз» «Біз өркениетті әрі озық ойлы ұлт ретінде өзімізге сенімді болуымыз керек. Ешкімге жалтақтамай батыл әрекет етуіміз қажет. Бұдан басқа жол жоқ. Мақсаты айқын, көзі ашық, көкірегі ояу азаматтарымыз мемлекет тағдырына жауапты екенін терең түсінеді. Олар еріктілер қатарына қосылып, қайырымдылық жасап, маңызды бастамаларды табысты іске асырып жүр. Нағыз отаншыл адам көзбояушылыққа бармайды, шын патриот ел мүддесі үшін табанды еңбек етеді. Жасампаз отаншылдық дегеніміз де – осы. Мемлекет үшін бір күннің қамы емес, болашақтың жайы маңызды. Сондықтан біз Абайдың ұлағатына сай «ақырын жүріп, анық басамыз». Ұлт мүддесін бәрінен биік қойып, алысқа көз тігеміз. Төл тарихымызға құрметпен қарап, ұрпақтар сабақтастығын сақтауға баса назар аударамыз. Бұл бағытта белсенді жұмыс істелуде. Жошы хан жерленген Ұлытау аймағына облыс мәртебесі берілді. Елімізде Жошы ұлысын зерттеу институты құрылды. Біз бұл мекеменің ғылыми әлеуетін күшейте береміз. Көп ұзамай Қазақстан тарихының жеті томдық академиялық еңбегі жарыққа шығады. Оның бір томы түгелдей Алтын Орда тақырыбына арналды». t.me/aqorda_resmi
⚡️Касым-Жомарт Токаев: «Нашей главной задачей остается укрепление единства народа» «Мы ни в коем случае не должны останавливаться на достигнутом, нужно постоянно идти вперед, ставить перед собой высокие цели, чтобы превратить нашу Родину в поистине цивилизованное государство. Сегодня в стране формируется яркая созидательная повестка, в нашем обществе появляются новые идеи, новые лица, новое поколение патриотов. Как Глава государства я поддерживаю эту положительную тенденцию. Это прямой результат проведенных преобразований. Нашей главной задачей остается укрепление единства народа – это непременное условие, эффективный, долгосрочный фактор успешного развития страны. На новом этапе реформ все здравые, прогрессивные общественно-политические силы должны консолидироваться вокруг общенациональных ценностей и целей. Только так мы добьемся успехов в построении Справедливого Казахстана, укреплении нашей государственности». t.me/aqorda_resmi
⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев: «Халқымыздың ауызбіршілігін нығайту басты мақсатымыз болып қала береді» «Алайда бұл әр жетістікке мәз болып, жайбарақат отыратын заман емес. Біз биік мақсаттарға ұмтылып, тек қана алға – жарқын болашаққа қарай жүруіміз керек. Келешекке зор сеніммен қарап, Қазақстанды шын мәнінде өркениетті мемлекетке айналдыруымыз қажет. Қазір біз бір ел болып жасампаздық жолына түстік: қоғамымызда жаңа идеялар, жаңа тұлғалар, отаншыл азаматтардың жаңа буыны пайда болуда. Мен Мемлекет басшысы ретінде осындай игі үрдісті қолдаймын. Мұны ел ішінде жасалып жатқан реформалардың айқын көрінісі деп санаймын. Халқымыздың ауызбіршілігін нығайту басты мақсатымыз болып қала береді. Бұл – елдің табысты дамуының бірден-бір шарты, тиімді әрі ұзақмерзімді факторы. Реформалардың бастапқы кезеңінде еліміздегі көзі ашық және прогрессивті қоғамдық-саяси күштер жалпыұлттық құндылықтар мен мақсаттар аясында бірігуі қажет деп санаймын. Сонда ғана Әділетті Қазақстанды құру, мемлекеттілігімізді нығайту ісінде табысқа жете аламыз». t.me/aqorda_resmi
⚡️Президент: «Именно эта Конституция поведет за собой наш народ вперед к новым высотам мировой цивилизации» «Принятая в ходе общенационального референдума Конституция – это, по сути, главный закон нашего государства на многие десятилетия. Именно эта Конституция поведет за собой наш народ вперед к новым высотам мировой цивилизации. В надвигающейся эпохе технологических достижений, политических потрясений, военных конфликтов значение нашего Основного закона как жизненного путеводителя многократно возрастает. Конституция вступит в силу с 1 июля. В августе состоятся выборы в однопалатный Курултай, а в сентябре будет сформирован состав Қазақстан Халық Кеңесі. Таким образом, мы вступаем в период больших изменений. Эволюционирует сам уклад жизни, меняются система ценностей, ментальность, модели поведения граждан. Подавляющее большинство граждан нашей страны выступают в поддержку стратегии уважения к закону и укрепления общественного порядка, активно участвует в акциях «Таза Қазақстан». Но мы ни в коем случае не должны успокаиваться на достигнутом, нужно постоянно идти вперед, ставить перед собой высокие цели, чтобы превратить Казахстан в поистине цивилизованное государство. t.me/aqorda_resmi
⚡️Президент: «Дәл осы Ата заң халқымызды әлемдік өркениеттің жаңа белестеріне бастайды» «Жалпыхалықтық референдумда қабылданған Конституция – Қазақстанның алдағы ондаған жылдарға арналған басты заңы. Дәл осы Ата заң халқымызды әлемдік өркениеттің жаңа белестеріне бастайды. Технологиялық жетістіктер, саяси дүрбелеңдер, әскери қақтығыстар белең алып жатқан қазіргі дәуірде Негізгі заңымыздың жол нұсқаушы темірқазық ретіндегі маңызы еселене түседі. Еліміздің бас құжаты – Конституция 1 шілдеден бастап күшіне енеді. Тамыз айында бір палаталы Құрылтай сайлауы өтеді, ал қыркүйекте Қазақстан Халық Кеңесі құрылады. Осылайша, біз ауқымды өзгерістер кезеңіне аяқ басамыз. Қазірдің өзінде халқымыздың болмысы, құндылықтары, сана-сезімі, тіпті, дүниетанымы өзгеріп жатыр. Азаматтарымыздың басым көпшілігі заңға құрметпен қарау, қоғамдық тәртіпті нығайту стратегиясын қолдайды, сондай-ақ «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысады». t.me/aqorda_resmi
⚡️Глава государства: «Казахстан вышел на магистральный путь устойчивого развития как государство, стремящееся к прогрессу во всех сферах общественной жизни» «В этом году мы отмечаем 35-летие Независимости. Эта историческая веха имеет большое значение с точки зрения критического, глубокого осмысления, всестороннего анализа пройденного пути и разработки стратегических планов на будущее. Эту юбилейную дату мы должны встретить упорным трудом и реальными результатами. Нынешний год проходит под знаком масштабной трансформации всей страны. Казахстан вышел на магистральный путь устойчивого развития как государство, стремящееся к прогрессу во всех сферах общественной жизни». t.me/aqorda_resmi
⚡️Мемлекет басшысы: «Қазақстан қоғамдық өмірдің барлық саласында соны серпіліске ұмтылған ел ретінде орнықты дамудың даңғыл жолына түсті» «Біз биыл Тәуелсіздіктің 35 жылдығын атап өтеміз. Бұл тарихи кезең жүріп өткен жолымызды жан-жақты терең талдауды және болашаққа стратегиялық жоспар құруды мұқият ойластыру тұрғысынан үлкен мәнге ие. Аталған мерейлі датаны қажырлы еңбекпен және нақты нәтижелермен қарсы алуымыз керек. Биыл тұтас еліміз үшін ауқымды өзгерістерге толы жыл болып отыр. Қазақстан қоғамдық өмірдің барлық саласында соны серпіліске ұмтылған ел ретінде орнықты дамудың даңғыл жолына түсті». t.me/aqorda_resmi
⚡️Президент: «В ближайшее время Правительство внесет поправки в постановление, регулирующее использование государственной символики» «Только истинные патриоты ведут страну к прогрессу и стоят на страже ее рубежей. Другими словами, патриотизм служит гарантией безопасности и территориальной целостности нашей страны. Укрепление авторитета национальных символов – это дело государственной важности. В ближайшее время Правительство внесет поправки в постановление, регулирующее использование государственной символики. Почитание наших национальных символов – это общий долг, обязанность каждого гражданина, что, в конечном счете, является проявлением уважения к государству». t.me/aqorda_resmi
⚡️Президент: «Таяу арада Үкімет мемлекеттік рәміздерді орынды пайдалану мәселесі бойынша қаулыға қажетті түзетулерді енгізеді» «Нағыз патриоттар ғана елдің көшін алға бастайды, жердің шетін жаудан қорғайды. Басқа сөзбен айтқанда, отаншылдық дегеніміз – жеріміздің қауіпсіздігі және тұтастығының кепілі. Ұлт рәміздерінің мәртебесін арттыру, бұл – аса маңызды мемлекеттік жұмыс. Таяу арада Үкімет мемлекеттік рәміздерді орынды пайдалану мәселесі бойынша қаулыға қажетті түзетулерді енгізеді. Ұлттық нышандарымызды ұлықтау – ортақ парыз, бұл – әр азаматтың міндеті. Түптеп келгенде, рәміздерді қастерлеу – мемлекетімізді құрметтеу деген сөз». t.me/aqorda_resmi
⚡️Касым-Жомарт Токаев: «Уважение к государственным символам – это высшее мерило патриотического духа» «Как известно, в марте мы как одна страна приняли участие в общенациональном референдуме. Граждане отдали свои голоса в поддержку конституционной реформы. Таким образом, мы приняли новую Конституцию и открыли новую страницу нашей истории. В Основном законе нашли свое отражение многовековые чаяния, цели и идеалы нашего народа. Территориальная целостность, суверенитет страны, права и свободы граждан получили свое закрепление в качестве главных ценностей. Соблюдение Закона и Порядка, развитие образования, науки и новых технологий, сохранение чистоты, защита природы и поддержка волонтерской деятельности были определены как конституционные обязанности. Обретя принципиально новый характер, наш Основной закон стал незыблемым сводом правил Справедливого Казахстана. Конституция гласит, что каждый человек обязан уважать государственные символы. Поэтому их почитание, безусловно, является высшим мерилом патриотического духа». t.me/aqorda_resmi
⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ұлттық нышандарымызды қадірлеу – отаншылдық рухының ең биік өлшемі» «Бәріңізге белгілі, наурыз айында біз біртұтас қоғам болып жалпыұлттық референдумға қатыстық. Азаматтарымыз конституциялық реформаны қолдап, дауыс берді. Осылайша, біз жаңа Конституциямызды қабылдап, төл тарихымыздың жаңа парағын аштық. Ата заңда халқымыздың сан ғасырлық арман-тілегі, мақсат-мұраты көрініс тапты. Кең байтақ жеріміздің тұтастығы, еліміздің егемендігі, азаматтардың құқықтары және бостандықтары басты құндылықтар деп жазылды. Заң мен тәртіпті сақтау, білім мен ғылымды, жаңа технологияларды дамыту, тазалықты дәріптеу, табиғатты қорғау, волонтерлік қызметті қолдау конституциялық міндет ретінде айқындалды. Түбегейлі жаңа сипатқа ие болған Ата заңымыз Әділетті Қазақстанның мызғымас жарғысына айналды. Конституцияда әр адам еліміздің мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге тиіс деп көрсетілді. Себебі ұлттық нышандарымызды қадірлеу отаншылдық рухының ең биік өлшемі екені сөзсіз». t.me/aqorda_resmi
Архив Aqorda — страница 9
Это 9-я страница архива публикаций источника Aqorda. Свежие материалы в этой подборке — на первой странице. Все источники ленты доступны со главной.





























