✉️Глава государства направил письмо Премьер-министру Пакистана Шахбазу Шарифу 🇰🇿🇵🇰Касым-Жомарт Токаев поздравил Премьер-министра Исламской Республики Пакистан Шахбаза Шарифа с успешными результатами дипломатических усилий, которые способствовали подписанию Меморандума о взаимопонимании между США и Ираном. Президент высоко оценил конструктивную роль Пакистана в содействии достижению этого исторического соглашения, отметив дальновидное лидерство Шахбаза Шарифа и его последовательную приверженность принципам мирного урегулирования конфликтов. Глава государства подчеркнул особое значение достигнутых договоренностей для обеспечения долгосрочной стабильности на Ближнем Востоке и в мире в целом. Он также выразил уверенность, что Исламабад продолжит вносить весомый вклад в укрепление региональной безопасности и доверия между государствами. В завершение Президент подтвердил готовность Казахстана к дальнейшему расширению многопланового сотрудничества с Пакистаном и пожелал Премьер-министру успехов в его ответственной деятельности. t.me/aqorda_resmi
Aqorda — страница 4
Архив материалов источника Aqorda, страница 4. Более ранние публикации этого издания в ленте Life News. Свежие — на первой странице.
✉️Мемлекет басшысы Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шарифке хат жолдады 🇰🇿🇵🇰Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Ислам Республикасының Премьер-министрі Шахбаз Шарифті АҚШ пен Иран арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандумның қол қойылуына дәнекер болған дипломатиялық әрекетінің нәтижелі аяқталуымен құттықтады. Президент осы тарихи келісімге қол жеткізуге ықпал еткен Пәкістанның конструктивті рөлін жоғары бағалап, Шахбаз Шарифтің көреген көшбасшылығын және оның қақтығыстарды бейбіт жолмен шешу қағидатын дәйекті түрде жақтайтынын атап өтті. Мемлекет басшысы аталған уағдаластық Таяу Шығыста және тұтас әлемде ұзақмерзімді тұрақтылықты қамтамасыз ету тұрғысынан айрықша мәнге ие екеніне назар аударды. Сондай-ақ Президент Исламабад өңірлік қауіпсіздік пен мемлекеттер арасындағы сенімді нығайтуға елеулі үлес қосуын жалғастыра беретініне үміт артатынын жеткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Пәкістанмен сан қырлы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге дайын екенін растап, Премьер-министрдің жауапты қызметіне табыс тіледі. t.me/aqorda_resmi
Глава государства Касым-Жомарт Токаев по телефону заслушал доклады акимов Атырауской, Жамбылской, Мангистауской областей и области Ұлытау ✔️Акимы отчитались перед Президентом об основных показателях социально-экономического развития регионов и планах на предстоящий период. Руководители областей также доложили о ходе исполнения поручений Главы государства. ✔️Касым-Жомарт Токаев обратил внимание Серика Шапкенова, Ербола Карашукеева, Нурдаулета Килыбая и Дастана Рыспекова, что развитие регионов требует новых подходов. ✔️Глава государства поручил акимам принять конкретные меры, направленные на укрепление экономического потенциала соответствующих областей, решение социальных вопросов, затрагивающих интересы граждан. ✔️Президент поставил задачу ускорить строительство объектов социальной инфраструктуры для детей и юношества, детских реабилитационных центров, поликлиник и больниц. Критически важно продолжить масштабную работу в рамках общественно-политической акции «Таза Қазақстан». ✔️Касым-Жомарт Токаев указал на необходимость постоянного контакта с гражданами и своевременного реагирования на возникающие проблемы. Кроме того, руководству регионов поручено держать на контроле экологическую ситуацию, решительно бороться с криминогенными явлениями, преднамеренными нарушениями закона. t.me/aqorda_resmi
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев телефон арқылы Атырау, Жамбыл, Маңғыстау және Ұлытау облыстары әкімдерінің баяндамасын тыңдады ✔️Әкімдер Президентке өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты негізгі көрсеткіштер мен алдағы кезеңге арналған жоспарлары туралы есеп берді. Сондай-ақ облыс жетекшілері Мемлекет басшысы тапсырмаларының орындалу барысы жөнінде баяндады. ✔️Қасым-Жомарт Тоқаев Серік Шәпкеновке, Ербол Қарашөкеевке, Нұрдәулет Қилыбайға және Дастан Рыспековке аймақтарды дамытудың жаңа тәсілдері қажет екенін ескертті. ✔️Сонымен қатар облыстардың экономикалық әлеуетін арттыру және азаматтар мүддесіне қатысты әлеуметтік мәселелерді шешу үшін нақты шаралар қабылдауды тапсырды. ✔️Президент балалар мен жасөспірімдерге арналған әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының, балаларды оңалту орталықтарының, емханалар мен ауруханалардың құрылысын жеделдету міндетін жүктеді. Сондай-ақ «Таза Қазақстан» қоғамдық-саяси акциясы аясында ауқымды жұмыс жүргізу аса маңызды екенін атап айтты. ✔️Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтармен ұдайы байланыста болып, туындаған түйткілдерді уақтылы шешу қажеттігіне айрықша назар аударды. Бұдан бөлек, өңір басшыларына экологиялық ахуалды бақылауда ұстау, криминогендік құбылыстармен, заңды қасақана бұзу әрекеттерімен батыл түрде күрес жүргізу жөнінде тапсырма берілді. t.me/aqorda_resmi
Президент провел встречу с главным исполнительным директором Air Products Эдуардо Менезесом 🟦В ходе встречи с руководителем американской компании Air Products, специализирующейся на переработке природного газа и производстве промышленных газов, были рассмотрены перспективы развития сотрудничества в данной отрасли. 🟦Глава государства отметил, что Соединенные Штаты являются одним из крупнейших экономических партнеров Казахстана, и наша страна заинтересована в расширении взаимовыгодных связей. 🟦В свою очередь Эдуардо Менезес сообщил, что его компания рассматривает возможность инвестирования в экономику Казахстана. Так, Air Products выражает заинтересованность в реализации проектов в сферах газопереработки и газохимии, а также глубокой переработки угля. 🟦В этой связи Касым-Жомарт Токаев приветствовал данную инициативу и подтвердил готовность казахстанской стороны оказать необходимую поддержку. ➡️Компания Air Products входит в число крупнейших компаний США и является одним из международных лидеров в сфере переработки природного газа и производстве промышленных газов (азот, водород, кислород). t.me/aqorda_resmi
Президент Air Products бас атқарушы директоры Эдуардо Менезеспен кездесу өткізді 🟦Табиғи газ өңдеу және өнеркәсіптік газ өндірісіне маманданған америкалық компания жетекшісімен кездесу барысында аталған саладағы ынтымақтастықты дамыту перспективасы қаралды. 🟦Мемлекет басшысының айтуынша, Құрама Штаттар – Қазақстанның ірі экономикалық серіктестерінің бірі және еліміз өзара тиімді байланысты кеңейтуге мүдделі. 🟦Эдуардо Менезес компанияның Қазақстан экономикасына инвестиция құю мүмкіндігін қарастыратынын жеткізді. Өйткені Air Products газ өңдеу мен газ химиясы, сондай-ақ көмірді терең өңдеу салаларындағы жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытады. 🟦Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев аталған бастаманы құптап, Қазақстан тарапы оған қажетті қолдау көрсетуге дайын екенін растады. ➡️Air Products компаниясы АҚШ-тың ірі компанияларының қатарына кіреді. Көгілдір отын өңдеу, өнеркәсіптік газ (азот, сутегі, оттегі) өндірісі бойынша халықаралық көшбасшылардың бірі саналады. t.me/aqorda_resmi
Жиында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиев сөз сөйледі **** В ходе встречи также выступил председатель Верховного суда Республики Казахстан Асламбек Мергалиев t.me/aqorda_resmi
Касым-Жомарт Токаев проинформировал участников встречи о масштабных реформах, реализуемых в нашем государстве в последние годы – Совсем скоро, первого июля, вступит в силу новый Основной закон Казахстана. Конституция – это незыблемая опора нашей государственности. В соответствии с Основным законом защита суверенитета, независимости и территориальной целостности страны является ключевым конституционным положением. В качестве основополагающих принципов деятельности нашего государства также обозначены соблюдение прав и свобод граждан, обеспечение верховенства закона, а также неизменное стремление к миру и дружбе со всеми странами. В новой Конституции развитие человеческого капитала, образования, науки и инноваций признано стратегическим направлением деятельности государства. В нашем Основном законе впервые появилась норма о защите персональных данных граждан, в том числе их личных сведений в цифровом пространстве. Кроме того, была добавлена отдельная статья об адвокатуре. В целях реализации положений Конституции недавно были подписаны пять конституционных законов. Кроме того, внесены поправки в более чем 70 кодексов и законов. В августе пройдут выборы в Курултай. Будет сформирован состав Қазақстан Халық Кеңесі. В целом, система государственного управления будет полностью модернизирована, – подчеркнул Президент. ✔️Наряду с этим Глава государства рассказал о масштабной работе по реформированию судебной и правоохранительной сфер. t.me/aqorda_resmi
Қасым-Жомарт Тоқаев бауырлас елдердің өкілдеріне соңғы жылдары мемлекетімізде жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформалар жөнінде мәлімет берді – Көп ұзамай, яғни, бірінші шілде күні Қазақстанның жаңа Ата заңы күшіне енеді. Конституция – мемлекеттігіміздің мызғымас тірегі. Бас құжатқа сәйкес еліміздің егемендігін, тәуелсіздігін және жеріміздің тұтастығын қорғау негізгі конституциялық міндет саналады. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау, заң үстемдігін қамтамасыз ету, сондай-ақ әрдайым бейбітшілікке ұмтылып, барлық елмен достық қарым-қатынас орнату мемлекетіміздің мызғымас қағидаты ретінде айқындалды. Жаңа сипатқа ие болған Конституцияда адам капиталын, білім мен ғылымды, инновацияны дамыту еліміздің стратегиялық бағыты деп танылды. Ата заңымызда алғаш рет азаматтардың дербес деректерін, соның ішінде цифрлық кеңістіктегі жеке мәліметтерін қорғау туралы норма көрініс тапты. Бұған қоса адвокатура туралы арнайы бап қосылды. Конституция ережелерін жүзеге асыру мақсатында жақында бес конституциялық заңға қол қойылды. Бұған қоса, 70-тен астам Кодекс пен Заңға түзетулер енгізілді. Тамыз айында елімізде Құрылтай сайлауы өтеді. Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы жасақталады. Жалпы, мемлекеттік басқару жүйесі толық жаңғыртылады, – деді Президент. ✔️Сонымен қатар Мемлекет басшысы сот және құқық қорғау саласын реформалау бойынша атқарылған ауқымды жұмысқа тоқталды. t.me/aqorda_resmi
Приветствуя гостей, Глава государства отметил особую роль ОТГ в развитии сотрудничества между тюркскими странами – Необходимо подчеркнуть, что взаимодействие государств – участников этой организации в судебной и правоохранительной сферах неуклонно укрепляется. Наглядным подтверждением тому станет авторитетный форум, который завтра пройдет в Туркестане. Судебная система имеет огромное значение для прогресса и процветания любой цивилизованной страны. Поэтому углубление взаимосвязей между верховными судами в полной мере отвечает общим интересам наших братских народов, – сказал Касым-Жомарт Токаев. ✔️Президент подчеркнул, что сегодня многие страны встали на путь динамичного развития, стремясь соответствовать вызовам времени и не отстать от темпов глобальных технологических изменений. – Нам необходимо объединить усилия и действовать сообща в этом направлении. На завтрашней конференции в Туркестане будут всесторонне обсуждены вопросы цифровизации судебной сферы, защиты прав инвесторов и другие важные темы. Можно сказать, что такая повестка дня весьма своевременна и актуальна. Обмен мнениями по данной проблематике, несомненно, придаст большой импульс развитию нашей организации и укреплению ее авторитета. Как известно, Казахстан поддерживает все добрые начинания в рамках ОТГ и продолжит делать это в будущем, – заявил Глава государства. t.me/aqorda_resmi
Президент меймандарға ілтипат білдіріп, бауырлас елдер ынтымақтастығын нығайтуда Түркі мемлекеттері ұйымының рөлі айрықша екенін айтты – Осы тұста ұйымға мүше мемлекеттердің сот және құқық қорғау саласындағы ықпалдастығы күшейіп келе жатқанын атап өту қажет. Ертең Түркістан төрінде өтетін алқалы жиын соның айқын көрінісі болмақ. Әрбір өркениетті елдің өсіп-өркендеуі үшін сот жүйесінің маңызы зор. Сондықтан жоғарғы соттар арасындағы өзара тығыз байланысты тереңдету бауырлас елдеріміздің ортақ мүддесіне толық сай келеді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. ✔️Мемлекет басшысы қазір көптеген елдер жаһандық технологиялық өзгерістер көшінен қалып қоймау үшін заман талабына қарай қарқынды даму жолына түсіп жатқанына назар аударды. – Осы бағытта біз де күш-жігер біріктіріп, жұмыла әрекет етуіміз керек. Ертең Түркістанда өтетін конференцияда сот саласын цифрландыру мәселесі жан-жақты талқыға түседі. Сондай-ақ инвесторлардың құқықтарын қорғау және басқа да маңызды мәселелер қаралады. Мұндай күн тәртібі өте орынды және өзекті деп айтуға болады. Осы мәселелер бойынша пікір алмасу біздің ұйымның одан әрі дамуына және оның беделінің күшеюіне үлкен серпін берері сөзсіз. Баршаңызға белгілі, Қазақстан Түркі мемлекеттері ұйымы аясындағы барлық игі бастамаларды қолдайды, алдағы уақытта да солай болмақ, – деді Мемлекет басшысы. t.me/aqorda_resmi
Президент встретился с председателями верховных судов стран – участниц Организации тюркских государств Касым-Жомарт Токаев принял председателя Верховного суда Азербайджанской Республики Инама Керимова, председателя Верховного суда Кыргызской Республики Медербека Сатыева, председателя Кассационного суда Турецкой Республики Омера Керкеза, председателя Государственного совета Турецкой Республики Зеки Йигита и первого заместителя председателя Верховного суда Республики Узбекистан Алишера Усманова, которые прибыли для участия во второй конференции верховных судов стран – участниц ОТГ. t.me/aqorda_resmi
📸 t.me/aqorda_resmi
Президент Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Жоғарғы сот төрағаларымен кездесті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің жоғарғы соттарының екінші конференциясына қатысу үшін арнайы келген Әзербайжан Республикасының Жоғарғы сот төрағасы Инам Керимовты, Қырғыз Республикасының Жоғарғы сот төрағасы Медербек Сатыевты, Түркия Республикасының Кассациялық сот төрағасы Омер Керкезді, Түркия Республикасының Мемлекеттік кеңес төрағасы Зеки Йигитті, Өзбекстан Республикасының Жоғарғы сот төрағасының бірінші орынбасары Алишер Усмановты қабылдады. t.me/aqorda_resmi
📢18-20 июня по приглашению Главы государства Касым-Жомарта Токаева Президент Черногории Яков Милатович посетит Казахстан с официальным визитом 🇰🇿🇲🇪19 июня состоятся переговоры на высшем уровне, в ходе которых стороны обсудят перспективы укрепления политического диалога, а также расширения торгово-экономического, инвестиционного и культурно-гуманитарного сотрудничества. t.me/aqorda_resmi
📢 18-20 маусым күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Черногория Президенті Яков Милатович Қазақстанға ресми сапармен келеді 🇰🇿🇲🇪19 маусымда тараптар жоғары деңгейде келіссөздер жүргізіп, саяси диалогты нығайту, сондай-ақ сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық перспективасын талқылайды. t.me/aqorda_resmi
Медицина қызметкері күніне арналған салтанатты жиын 📍Ақорда **** Торжественное мероприятие по случаю Дня медицинского работника 📍Акорда 🎦 t.me/aqorda_resmi
Мемлекет басшысы медицина қызметкерлерімен суретке түсті Совместное фото Главы государства с работниками медицины 📸 t.me/aqorda_resmi
Президент вручил государственные награды ряду медицинских работников t.me/aqorda_resmi
📸 t.me/aqorda_resmi
📸 t.me/aqorda_resmi
Президент бір топ медицина қызметкеріне мемлекеттік наградалар тапсырды t.me/aqorda_resmi
⚡️Касым-Жомарт Токаев подчеркнул самоотверженный труд врачей на примере спасенного ребенка «Прогресс и процветание нашей Родины невозможны без обеспечения физического и ментального благополучия наших сограждан. Это общеизвестная истина. Вы самоотверженно трудитесь ради достижения этой благородной цели. Казахская мудрость гласит: «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» («О доброте хорошего человека скажи ему в лицо, пусть озарится оно лучами радости») Ежедневно я получаю сотни писем, в которых наши соотечественники выражают свои чаяния, предложения и пожелания. Сегодня я хотел бы немного подробнее остановиться на письме, которое недавно получил от жителя Карагандинской области. В нем говорится, что врачи областной больницы спасли четырехлетнего ребенка, пострадавшего в результате происшествия. Родные спасенного малыша отметили исключительную самоотдачу и преданность своему делу медиков. Они искренне благодарят персонал больницы, а также руководителей сферы здравоохранения. Сегодня среди нас находится замечательный специалист, подаривший вторую жизнь маленькому пациенту. Безусловно, труд наших соотечественников, демонстрирующих высочайший профессионализм и талант, заслуживает особого признания. Государство всегда будет поддерживать таких патриотичных и ответственных граждан. Сегодня я подписал Указ о награждении высокими государственными наградами ряда медицинских работников за большой вклад в развитие отечественной медицины и кропотливый труд по охране здоровья населения. Эта награда – дань глубокого уважения народа и признание неоценимых заслуг всего медицинского сообщества. Поздравляю вас!» t.me/aqorda_resmi
⚡️Мемлекет басшысы бала өмірін сақтап қалған дәрігерлердің қажырлы еңбегін үлгі етті «Еліміз сапалы әрі қарқынды түрде өсіп-өркендеуі үшін азаматтарымыздың тәні де, жаны да сау болуға тиіс. Бұл – баршаға белгілі ақиқат. Сіздер осы ізгі мақсат жолында аянбай қызмет етіп жүрсіздер. Қазақта «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген сөз бар. Менің атыма күніне жүздеген хат келіп түседі. Азаматтарымыз өздерінің арыз-шағымын, ұсыныс-тілегін, сондай-ақ жылы лебізін білдіріп жатады. Бүгін Қарағанды облысының тұрғыны жуырда ғана жолдаған бір хатқа тоқталып өткім келеді. Онда оқыс жағдайға тап болған төрт жасар баланы облыстық аурухана дәрігерлерінің аман алып қалғаны жөнінде жазылған. Бүлдіршіннің жақын туыстары медицина мамандарының өз ісіне адалдығын ерекше атап өткен. Аурухана қызметкерлеріне, сондай-ақ денсаулық сақтау саласының басшыларына ризашылығын білдірген. Кішкентай баланың өмірін сақтап қалған білікті маман қазір ортамызда отыр. Кәсіби шеберліктің озық үлгісін көрсетіп жүрген адамдардың қажырлы еңбегі лайықты бағалануға тиіс. Мемлекет осындай отаншыл, адал азаматтарға әрдайым қолдау көрсетеді. Мен бүгін отандық медицинаны дамытуға елеулі үлес қосқаны және халық денсаулығын сақтаудағы қажырлы еңбегі үшін бір топ медицина қызметкеріне жоғары мемлекеттік награда беру туралы Жарлыққа қол қойдым. Бұл марапатты ең алдымен, халықтың дәрігерлер қауымына деген шынайы құрметі, зор алғысы деп қабыл алған жөн. Баршаңызға құтты болсын!» t.me/aqorda_resmi
⚡️Время диагностики сократилось в четыре раза, административные издержки до 40% – Глава государства отметил предварительные результаты применения ИИ и цифровых технологий в медицине «Казахстан начал активно внедрять передовые технологии во все сферы деятельности, включая медицину. Это веление времени. Не будет преувеличением сказать, что эта инициатива придала новый импульс развитию отечественного здравоохранения. Благодаря применению цифровых технологий время диагностики сократилось в четыре раза, уровень выявления злокачественных опухолей увеличился на 30%. Технологии искусственного интеллекта стали помощниками врачам при принятии сложных клинических решений. Сегодня более 1800 медицинских учреждений в стране перешли в цифровой формат. Интеграция информационных систем позволила снизить административные издержки до 40%. Мы непременно продолжим работу в данном направлении». t.me/aqorda_resmi
⚡️Диагностика жасау уақыты төрт есеге қысқарды, әкімшілік жүктеме 40 пайызға дейін төмендеді – Мемлекет басшысы ЖИ мен цифрлық технологияларды медицинада қолданудың алғашқы нәтижелеріне назар аударды «Қазақстан озық технологияларды барлық салаға, соның ішінде медицинаға белсенді түрде енгізе бастады. Бұл – заман талабы. Осы бастама қазіргі таңда отандық денсаулық сақтау саласын дамытуға тың серпін беріп жатыр десек, қате болмайды. Цифрлық технологияның арқасында диагностика жасау уақыты төрт есеге қысқарды. Сондай-ақ қатерлі ісікті анықтау көрсеткіші 30 пайызға артты. Жасанды интеллект дәрігерлерге күрделі клиникалық шешімдерді қабылдауға септігін тигізуде. Бүгінде еліміздегі 1800-ден астам медициналық мекеме цифрлық форматқа көшірілді. Ақпараттық жүйелерді өзара байланыстыру, яғни, интеграциялау арқылы әкімшілік жүктеме 40 пайызға дейін төмендеді. Біз бұл бағыттағы жұмысты міндетті түрде жалғастыра береміз». t.me/aqorda_resmi
⚡️Президент: «Выполнение обязательств в социальной сфере является конституционной обязанностью всех ветвей власти» «Согласно Новой Конституции, Казахстан – это социальное государство, следовательно, выполнение обязательств в социальной сфере является конституционной обязанностью всех ветвей власти и, конечно, Правительства. И данная обязанность успешно выполняется. В прошлом году только из республиканского бюджета на социальные нужды было израсходовано свыше 9 триллионов тенге (или почти 18 миллиардов долларов). Огромная сумма. Конституционной обязанностью является также и реализация Программы гарантированного объема бесплатной медицинской помощи. Это уникальная по своей социальной направленности программа, не имеющая аналогов за рубежом, во всяком случае, с точки зрения количества бесплатных медицинских услуг. И данная программа вписана в нашу Конституцию, это конституционная обязанность. Об этом следует говорить вслух как о реальном достижении нашего государства. А вспомните, какие льготы получают наши женщины после родов: три года декретного отпуска с соответствующими выплатами и сохранением рабочего места. Уникальные условия для рожениц – молодых матерей. Я работал на Западе, в частности, в Швейцарии и изучал данную систему. Там, в Швейцарии и в других западных странах, такой системы не существует. Благодаря динамичному внедрению инноваций, высоким стандартам лечения и выверенному балансу цены и качества услуг, наша страна уверенно утверждается в статусе регионального центра медицинского туризма». t.me/aqorda_resmi
⚡️Президент: «Әлеуметтік саладағы міндеттемелерді орындау биліктің барлық тармағының конституциялық міндеті саналады» «Жаңа Конституцияға сай, Қазақстан – әлеуметтік мемлекет. Сәйкесінше, әлеуметтік саладағы міндеттемелерді орындау биліктің барлық тармағының, соның ішінде Үкіметтің конституциялық міндеті саналады. Бұл міндет табысты орындалуда. Өткен жылы тек республикалық бюджеттен әлеуметтік қажеттіліктерге 9 триллион теңгеден астам қаржы жұмсалды (шамамен 18 миллиард доллар). Бұл – өте қомақты сома. Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі бағдарламасын іске асыру да конституциялық міндеттеме аясына кіреді. Тегін медициналық қызметтерді қамтитын әлеуметтік мақсаттағы бірегей бағдарламаның басқа елдерде баламасы жоқ. Аталған бағдарлама туралы Конституциямызға жазылды, бұл – конституциялық міндет. Мұны мемлекеттің нақты жетістігі ретінде атап айтқан жөн. Нәзік жанды аруларымыз дүниеге перзент әкелгеннен кейін қандай жеңілдіктерге ие болатынын білесіздер: жұмыс орны сақталып, үш жыл декреттік демалысқа шығады, тиісті төлемдер алады. Жас аналарға өте жақсы жағдай жасалып отыр. Мен Батыста, атап айтқанда, Швейцарияда жұмыс істеген кезде осы мәселені зерделедім. Швейцарияда және басқа да Батыс елдерінде мұндай жүйе жоқ. Инновацияларды қарқынды түрде игеру, ем-дом шараларының жоғары стандартына көшу, сондай-ақ баға мен қызмет сапасының теңгерімін сақтау арқылы еліміз медициналық туризмнің өңірлік орталығы ретінде танылып келеді». t.me/aqorda_resmi
⚡️Глава государства приветствовал инициативу о присвоении имен выдающихся деятелей медицины профильным вузам «Одним из признанных субъектов отечественной высшей школы стал «Медицинский университет Астана», успешно развивающий цифровое здравоохранение и биомедицину. С учетом очевидных достижений данного вуза, он, по мнению Правительства, заслуживает присуждения самого высокого статуса – Национального. Поддерживаю данное предложение. Будет также уместно и символично дать столичному университету имя выдающегося ученого и родоначальника отечественной нутрициологии и профилактической медицины, обладателя высшей степени отличия – звания Қазақстанның Еңбек Ері Торегельды Шарманова. Поддерживаю инициативу Правительства и медицинской общественности назвать Карагандинский медицинский университет именем его основателя и многолетнего руководителя Петра Моисеевича Поспелова. В преддверии 125-летнего юбилея этого легендарного организатора знаменитой карагандинской медицинской школы такое решение станет актом подлинной исторической справедливости». t.me/aqorda_resmi
⚡️Мемлекет басшысы салалық жоғары оқу орындарына көрнекті медицина қайраткерлерінің есімін беру туралы бастаманы құптады «Маңдайалды отандық жоғары мектептердің бірі ретінде танылған «Астана медицина университеті» цифрлық денсаулық сақтау мен биомедицинаны табысты дамытып келеді. Үкімет аталған оқу орнының айқын жетістіктерін ескеріп, ол ең жоғары – Ұлттық университет мәртебесін алуға әбден лайық деп санайды. Бұл ұсынысты қолдаймын. Сонымен қатар астаналық университетке көрнекті ғалым, отандық тағамтану ғылымы мен профилактикалық медицинаның негізін салушы, Қазақстанның Еңбек Ері Төрегелді Шармановтың есімін беру орынды болар еді. Мұның символдық мәні де зор. Қарағанды медициналық университетіне осы оқу орнының негізін қалаған әрі оны ұзақ жылдар бойы басқарған Петр Моисеевич Поспеловтің атын беру туралы Үкімет пен медициналық қоғамдастықтың бастамасын қолдаймын. Белгілі Қарағанды медицина мектебінің бастауында тұрған әйгілі тұлғаның 125 жылдығы қарсаңында мұндай шешімнің қабылдануы – тарихи әділеттілік». t.me/aqorda_resmi
Архив Aqorda — страница 4
Это 4-я страница архива публикаций источника Aqorda. Свежие материалы в этой подборке — на первой странице. Все источники ленты доступны со главной.





























