📸 t.me/aqorda_resmi
Aqorda — страница 11
Архив материалов источника Aqorda, страница 11. Более ранние публикации этого издания в ленте Life News. Свежие — на первой странице.
📸 t.me/aqorda_resmi
Мемлекет басшысы Кипр Президенті Никос Христодулидисті І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады 🇰🇿🇨🇾Қасым-Жомарт Тоқаев Кипр Президентінің Қазақстанға алғашқы тарихи сапары екіжақты ынтымақтастықты дамытудың маңызды кезеңі саналатынын атап өтіп, Никос Христодулидистің елдеріміз арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалады. – Мемлекеттеріміздің ынтымағын көздеген ниетіңіз үшін Сізге шынайы ризашылығымды білдіруге рұқсат етіңіз. Қазақстандықтар Сізді айнымас дос әрі халықаралық деңгейдегі беделді мемлекеттік қайраткер ретінде таниды. Белсенді қызметіңіздің арқасында өзара сенім, саяси диалог және ынтымақтастығымыз нығая түсті. Ортақ күш-жігер арқылы қарым-қатынасымызға тың серпін беріп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашамыз деп сенемін. Қазақстан мен Кипр арасындағы ынтымақтастықты дамытуға қосқан елеулі үлесіңізге шексіз құрметтің белгісі ретінде Сізге І дәрежелі «Достық» орденін табыстау жөнінде шешім қабылдадым. Бұл орден атауы айтып тұрғандай, достықты, Қазақстан мен Сіздің еліңіздің арасындағы қарым-қатынастың негізі саналатын сенім мен серіктестік рухын сипаттайды. Жауапты мемлекеттік қызметіңізге табыс тілеймін! Достас Кипр халқының игілігі мен өркендеуі жолында жетістіктерге жете беріңіз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Кипр Президенті жоғары награданы табыстағаны үшін Мемлекет басшысына алғыс айтты. – Марапатты екі ел арасындағы достықтың нышаны ретінде Кипр халқының атынан қабыл аламын. Бұл – мен үшін зор мәртебе. Бүгінгі сапар перспективті салалардағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдету жолындағы ортақ мүдде мен мықты саяси ерік-жігерімізді паш етеді, – деді Никос Христодулидис. t.me/aqorda_resmi
🇨🇾Никос Христодулидис отметил, что его визит в Казахстан является важной вехой в развитии двусторонних отношений – Мы признаем геополитическую важность Центральной Азии и роль Казахстана в мире. Казахстан является стратегическим партнером Европейского союза. Кипр, являясь государством – членом Европейского Союза, может служить надежными воротами на европейский рынок для инвесторов и компаний из Казахстана. Мы предлагаем предсказуемую деловую среду, полностью соответствующую стандартам ЕС. Ключевыми направлениями сотрудничества могут стать информационно-коммуникационные технологии, финтех, инвестиционные фонды, судоходство, туризм, образование, возобновляемая энергетика и инфраструктура. Имеется значительный потенциал для расширения сотрудничества с МФЦА «Астана», который я планирую посетить сегодня, особенно в сфере финансовых услуг и «зеленого» финансирования, – сказал Президент Кипра. 🟦Глава нашего государства считает важным скоординировать усилия правительств для достижения результативной экономической повестки. 🟦В этой связи Касым-Жомарт Токаев предложил разработать Дорожную карту экономического сотрудничества до 2028 года. Он также инициировал создание Межправительственной комиссии по экономическому сотрудничеству и Делового совета, а также проведение регулярных обменов торговыми делегациями. 🟦Стороны также обсудили перспективы укрепления взаимодействия в торговле и инвестициях, транспорте и логистике, цифровых коммуникациях и искусственном интеллекте, финансах. 🟦Отмечен значительный потенциал для расширения связей в сферах культуры, образования, спорта и туризма. t.me/aqorda_resmi
🇨🇾Никос Христодулидис Астанаға сапары екіжақты қарым-қатынасты дамытудың маңызды кезеңі саналатынын жеткізді –Біз Орталық Азия мен Қазақстанның әлемде геосаяси тұрғыдан маңызды рөл атқаратынын білеміз. Қазақстан Еуропа Одағының стратегиялық серіктесі саналады. Кипр – Еуропа Одағына мүше мемлекет ретінде қазақстандық инвесторлар мен компаниялар үшін еуропалық нарыққа шығатын сенімді қақпа. Біз Еуропа Одағы стандарттарына толығымен сай келетін нақты іскерлік ортаны ұсынамыз. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, финтех, инвестициялық қорлар, кеме қатынасы, туризм, білім беру, жаңартылатын энергия және инфрақұрылым екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттарына айнала алады. Бүгін «Астана» халықаралық қаржы орталығына баруды жоспарлап отырмын. Аталған орталықпен әріптестікті, әсіресе қаржы қызметтері мен «жасыл» қаржыландыру салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуде зор әлеует бар, – деді Кипр Президенті. 🟦Мемлекет басшысы нәтижелі экономикалық күн тәртібіне қол жеткізу үшін үкіметтер күшін үйлестіру маңызды деп санайды. 🟦Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев Экономикалық ынтымақтастықтың 2028 жылға дейінгі жол картасын әзірлеуді ұсынды. Президент Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия мен Іскерлік кеңес құру, сондай-ақ сауда делегацияларымен тұрақты алмасу жөнінде бастама көтерді. 🟦Тараптар сауда, инвестиция, көлік-логистика, цифрлық коммуникация, жасанды интеллект және қаржы салаларындағы ықпалдастықты нығайту перспективасын талқылады. 🟦Сонымен қатар мәдениет, білім, спорт және туризм бағыттарындағы байланысты кеңейту мүмкіндігіне назар аударды. t.me/aqorda_resmi
🇰🇿🇨🇾Переговоры Касым-Жомарта Токаева и Никоса Христодулидиса продолжились в расширенном составе с участием делегаций двух стран 🟦Глава нашего государства подчеркнул, что это первый в истории визит Президента Республики Кипр в нашу страну с момента установления дипломатических отношений. – Мы только что провели содержательные переговоры и подтвердили общую приверженность дальнейшему развитию двустороннего сотрудничества. Казахстан готов заключать взаимовыгодные договоренности, поскольку мы высоко ценим традиционные узы дружбы с Вашей страной. Символично, что Ваш визит проходит в период председательства Кипра в Совете Европейского Союза. Мы высоко оцениваем Ваше руководство и желаем успехов на завершающем этапе этой важной миссии. Благодаря Вашим усилиям Кипр внес значительный вклад в укрепление своего международного авторитета. Мы заинтересованы в развитии многогранного партнерства с Кипром. Отношения между нашими странами уверенно развиваются, поддерживаемые регулярными контактами на политическом уровне и по линии дипломатических ведомств. Взаимное открытие посольств в Астане и Никосии создало прочную институциональную основу для более системного и практического взаимодействия. Ваше прибытие на борту первого рейса по маршруту Ларнака – Астана также имеет глубоко символический характер, поскольку означает запуск регулярного прямого авиасообщения между нашими странами. Мы разделяем позицию, что нынешний объем торговли не отражает реальный потенциал наших экономик. Поэтому наша общая задача – перейти от политической воли к конкретным экономическим результатам, – сказал Касым-Жомарт Токаев. 🟦Президент Казахстана сообщил, что вместе с Никосом Христодулидисом прибыла представительная бизнес-делегация, что демонстрирует растущий интерес кипрских компаний к нашей стране. 🟦В этом контексте особое внимание предлагается уделить углублению кооперации в сферах цифровизации и искусственного интеллекта, логистики, финансов, туризма и образования. 🟦По словам Касым-Жомарта Токаева, сегодняшний бизнес-форум и подписание Меморандума о взаимопонимании между торговыми палатами будут способствовать налаживанию прямого диалога между деловыми кругами. – Казахстан приветствует кипрские компании, готовые инвестировать и расширять свое присутствие в нашей стране. Создание благоприятных условий для бизнеса и инвесторов является одним из ключевых приоритетов политики Казахстана. Кипрские компании могут рассчитывать на практическую поддержку со стороны нашего Правительства в реализации инвестиционных проектов. Кроме того, межпарламентские связи формируют устойчивую политико-правовую основу для дальнейшего сближения наших стран, – отметил Президент. t.me/aqorda_resmi
🇰🇿🇨🇾Қасым-Жомарт Тоқаев пен Никос Христодулидистің келіссөзі екі ел делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда жалғасты 🟦Мемлекет басшысы Кипр Республикасының Президенті дипломатиялық қарым-қатынастар орнаған сәттен бері елімізге алғаш рет тарихи сапармен келгенін атап өтті. – Біз жаңа ғана шағын құрамда мазмұнды келіссөз жүргізіп, екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бейіл екенімізді растадық. Қазақстан өзара тиімді келісімдерді бекітуге дайын. Өйткені елдеріміз арасында қалыптасқан достықты құрмет тұтамыз. Сапарыңыздың Кипр Еуропа Одағы Кеңесіне төрағалық етіп жатқан кезеңде өтуі символдық мәнге ие. Осы орайда Сіздің жетекшілігіңізді жоғары бағалаймыз әрі маңызды миссияны табысты аяқтауыңызға тілектеспіз. Сіздің күш-жігеріңіздің арқасында Кипрдің халықаралық аренадағы беделі айтарлықтай арта түсті. Біз Кипрмен сан қырлы серіктестікті дамытуға мүдделіміз. Екі ел арасындағы қарым-қатынас саяси деңгейдегі тұрақты байланыстар және дипломатиялық ведомстволар желісі арқылы сенімді түрде ілгерілеп келеді. Астана мен Никосия қалаларында елшіліктеріміздің ашылуы жүйелі әрі нақты ықпалдастықтың берік институционалдық негізін қалайды. Сіздің Ларнака – Астана бағытындағы алғашқы әуе рейсімен ұшып келуіңіздің символикалық сипаты айрықша. Өйткені бұл екі елді жалғайтын тікелей әуе қатынасының іске қосылғанын көрсетеді. Қазіргі сауда көлемі экономикаларымыздың нақты әлеуетіне толық сай емес екенін түсінеміз. Сондықтан ортақ мақсатымыз – саяси ерік-жігерімізді нақты экономикалық нәтижеге айналдыру, – деді Қазақстан Президенті. 🟦Қасым-Жомарт Тоқаев Никос Христодулидиспен бірге ауқымды бизнес делегация келгеніне тоқталды. Бұл кипрлік компаниялардың елімізге қызығушылығы артып келе жатқанын байқатады. 🟦Осы орайда цифрландыру мен жасанды интеллект, логистика, қаржы, туризм және білім беру салаларындағы кооперацияны кеңейтуге баса мән беру қажет екені айтылды. 🟦Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, бүгінгі бизнес-форум мен Сауда палаталары арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою іскерлік топтардың тікелей диалогын жолға қоюға септігін тигізеді. – Қазақстан кипрлік компаниялардың инвестиция құю және елімізде кәсіп ашу ниетін құптайды. Ел саясатының негізгі басымдықтарының бірі – бизнес пен инвесторларға қолайлы жағдай жасау. Кипр компаниялары инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда Үкіметіміздің нақты қолдауына арқа сүйей алады. Бұдан бөлек, парламентаралық байланыстар елдеріміздің ынтымақтастығына орнықты саяси-құқықтық негіз қалайды, – деді Президент. t.me/aqorda_resmi
Президенты Казахстана и Кипра провели переговоры в узком составе 🇰🇿Касым-Жомарт Токаев: – В 2019 году, будучи министром иностранных дел, Вы посещали Казахстан и заявили, что будете выступать надежным другом и своего рода послом нашей страны в Европейском Союзе. Сегодня можно с уверенностью сказать, что нам удалось добиться значительных результатов. Мы открыли посольства в столицах наших государств. Запущены прямые авиарейсы между двумя странами, а также реализован ряд других важных инициатив. Вместе с тем, считаю, что у нас имеется значительный потенциал для расширения двустороннего взаимодействия. Со своей стороны готов приложить все усилия для дальнейшего развития нашего сотрудничества по широкому спектру направлений. 🇨🇾Никос Христодулидис: – Очень рад, что прибыл в Вашу страну первым прямым рейсом из Кипра в сопровождении представительной бизнес-делегации. У наших стран имеется значительный потенциал. Рассчитываю, что сегодняшние переговоры будут способствовать расширению двустороннего сотрудничества. В то же время я посещаю Казахстан и в ином статусе. В настоящее время моя страна председательствует в Совете Европейского Союза. Учитывая важное значение данного региона, и в особенности Казахстана, я также готов обсудить пути дальнейшего развития взаимодействия между Европейским союзом и Казахстаном. t.me/aqorda_resmi
🇰🇿🇨🇾Қазақстан және Кипр президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді 🇰🇿Қасым-Жомарт Тоқаев: – 2019 жылы Сыртқы істер министрі лауазымын атқарып жүргеніңізде елімізге келіп, Қазақстанның Еуропа Одағындағы сенімді досы әрі қолдаушысы ретінде әрекет ететініңізді мәлімдеген едіңіз. Бүгінде біз айтарлықтай нәтижеге қол жеткіздік деп сеніммен айтуға болады. Мемлекеттеріміздің астаналарында елшіліктерімізді аштық. Екі ел арасында тікелей әуе рейсі іске қосылды, басқа да бірқатар маңызды жоба жүзеге асырылды. Дегенмен екіжақты ықпалдастықты кеңейту үшін әлеуетіміз жеткілікті деп ойлаймын. Өз тарапымнан көптеген бағытта ынтымақтастығымызды одан әрі дамытуға күш салуға дайынмын. 🇨🇾Никос Христодулидис: – Сіздің еліңізге Кипрден тікелей қатынайтын алғашқы рейс арқылы іскерлік делегация өкілдерімен бірге ұшып келгеніме өте қуаныштымын. Елдеріміздің әлеуеті мол. Бүгінгі келіссөздер өзара ынтымақтастықты арттыруға септігін тигізеді деп санаймын. Сондай-ақ Қазақстанға басқа лауазымда келіп отырмын. Қазіргі уақытта еліміз Еуропа Одағы Кеңесіне төрағалық етіп жатыр. Аталған өңірдің маңызын және Қазақстанның ерекшеліктерін ескере отырып, Еуропа Одағы мен Қазақстан арасындағы ықпалдастықты одан әрі ілгерілету жолдарын талқылауға әзірмін. t.me/aqorda_resmi
🇰🇿🇨🇾Во Дворце Независимости состоялась официальная церемония встречи Президента Республики Кипр, прибывшего в нашу страну с официальным визитом В ходе мероприятия Касым-Жомарт Токаев и Никос Христодулидис представили друг другу членов официальных делегаций. Начальник роты почетного караула отдал приветственный рапорт, затем прозвучали гимны Казахстана и Кипра. t.me/aqorda_resmi
📸 t.me/aqorda_resmi
🇰🇿🇨🇾Тәуелсіздік сарайында елімізге ресми сапармен келген Кипр Республикасының Президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті Іс-шара аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Никос Христодулидис бір біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң Қазақстан мен Кипрдің әнұрандары шырқалды. t.me/aqorda_resmi
✍️ Мемлекет басшысының Жарлығымен Ержан Нұрланұлы Жиенбаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды. ✍️ Указом Главы государства Жиенбаев Ержан Нурланович назначен заместителем Руководителя Администрации Президента Республики Казахстан, он освобожден от ранее занимаемой должности. t.me/aqorda_resmi
Live stream finished (7 minutes)
Live stream started
🇰🇿🇨🇾Кипр Президенті Никос Христодулидисті салтанатты қарсы алу рәсімі 📍Астана, Тәуелсіздік сарайы **** 🇰🇿🇨🇾Церемония официальной встречи Президента Кипра Никоса Христодулидиса 📍Дворец Независимости, Астана
✉️Глава государства направил поздравительную телеграмму Президенту Италии 🇰🇿🇮🇹Касым-Жомарт Токаев поздравил Серджо Маттареллу и его соотечественников с национальным праздником – 80-летием Дня Республики. Президент отметил особое значение стратегического партнерства между Казахстаном и Италией, основанного на узах традиционной дружбы и взаимопонимания, и выразил уверенность, что многогранное сотрудничество двух стран будет и впредь поступательно развиваться. Касым-Жомарт Токаев пожелал Серджо Маттарелле успехов в ответственной государственной деятельности, а итальянскому народу – благополучия и процветания. ✉️Кроме того, по случаю национального праздника Глава нашего государства направил поздравительную телеграмму Председателю Совета министров Италии Джордже Мелони. t.me/aqorda_resmi
✉️Мемлекет басшысы Италия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады 🇰🇿🇮🇹Қасым-Жомарт Тоқаев Серджо Маттарелла мен оның отандастарын ұлттық мереке – Республика күнінің 80 жылдығымен құттықтады. Президент Қазақстан мен Италия арасындағы дәстүрлі достық пен өзара түсіністікке негізделген стратегиялық серіктестіктің ерекше маңызын атап өтіп, екі елдің сан қырлы ықпалдастығы алдағы уақытта да қарқынды дами беретініне сенім білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев Серджо Маттарелланың жауапты мемлекеттік қызметіне толайым табыс, ал Италия халқына құт-береке тіледі. ✉️Сонымен қатар Мемлекет басшысы осы елдің ұлттық мерекесіне орай Италия Министрлер Кеңесінің төрағасы Джорджа Мелониге де құттықтау жеделхатын жолдады. t.me/aqorda_resmi
📢 2-4 июня по приглашению Главы государства Касым-Жомарта Токаева Президент Республики Кипр Никос Христодулидис посетит Казахстан с официальным визитом 🇰🇿🇨🇾3 июня в ходе переговоров президенты обсудят перспективы развития двустороннего сотрудничества с акцентом на расширение торгово-экономических, инвестиционных и культурно-гуманитарных связей. Также планируется подписание ряда документов. t.me/aqorda_resmi
📢 2-4 маусым күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Кипр Республикасының Президенті Никос Христодулидис Қазақстанға ресми сапармен келеді 🇰🇿🇨🇾3 маусым күні өтетін келіссөздер барысында президенттер сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланыстарға басымдық беретін екіжақты ынтымақтастықты кеңейту перспективасын талқылайды. Сондай-ақ бірқатар құжатқа қол қою жоспарланған. t.me/aqorda_resmi
Мемлекет басшысының Алматы облысына жұмыс сапары **** Рабочая поездка Главы государства в Алматинскую область 🎦 t.me/aqorda_resmi
Глава государства тепло побеседовал с воспитанниками академии На память о встрече Президент поставил автограф на футбольном мяче.
📸 t.me/aqorda_resmi
Мемлекет басшысы академия өрендерімен жылы рәуіште әңгімелесті Кездесуден естелік ретінде футбол добына қолтаңба қалдырды. t.me/aqorda_resmi
Глава государства посетил футбольную академию «Атлетико де Мадрид Казахстан» ✔️Президент Касым-Жомарт Токаев ознакомился с деятельностью одного из уникальных спортивных проектов региона – футбольной академией международного уровня «Атлетико де Мадрид Казахстан». ✔️Главе государства показали общежитие академии вместимостью до 180 человек. Сейчас здесь проживают и тренируются 116 детей из разных областей нашей страны. ✔️Отбор игроков в академию, в котором приняли участие более 4 тысяч детей со всего Казахстана, осуществлялся испанскими тренерами. Для юных футболистов здесь созданы все условия для полноценного учебного процесса, тренировок и самостоятельной подготовки. ✔️Касым-Жомарту Токаеву также представили планы по развитию академии и расширению спортивной инфраструктуры. Намечено строительство двух открытых футбольных полей с искусственным газоном, крытого манежа на 500 мест и нового здания административно-бытового комплекса. ✔️Как сообщили Президенту, локация для академии, которая подходит для тренировок на выносливость, подобрана с учетом климатических факторов. ✔️Чистый горный воздух и благоприятный климат Талгарского района Алматинской области способствуют быстрому восстановлению детского организма. ✔️Затем Касым-Жомарт Токаев осмотрел футбольное поле, покрытие которого соответствует стандартам ФИФА. В это время на поле юные футболисты отрабатывали технику владения мячом и командное взаимодействие по испанской методике. ✔️В мероприятии также приняли участие посол Испании в Казахстане Луис Франсиско Мартинес Монтес, член совета директоров футбольного клуба «Атлетико Мадрид» Давид Вилья и заместитель директора по делам академии и международного развития футбольного клуба «Атлетико Мадрид» Мария Тереса Кириви. t.me/aqorda_resmi
📸 t.me/aqorda_resmi
📸 t.me/aqorda_resmi
📸 t.me/aqorda_resmi
📸 t.me/aqorda_resmi
Мемлекет басшысы «Атлетико де Мадрид Қазақстан» футбол академиясына барды ✔️Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өңірдегі бірегей спорт жобасы – «Атлетико де Мадрид Қазақстан» халықаралық деңгейдегі футбол академиясының қызметімен танысты. ✔️Мемлекет басшысы академияның 180 балаға арналған жатақханасын аралап көрді. Қазір мұнда еліміздің әр түкпірінен келген 116 бала жаттығады. ✔️Академия ойыншыларын испандық бапкерлер іріктеп, оған Қазақстанның барлық өңірінен 4 мыңнан аса бала қатысты. Орталықта жас футболшылардың толыққанды оқу үдерісіне, жаттығулары мен жеке даярлығына барлық жағдай жасалған. ✔️Қасым-Жомарт Тоқаевқа академияны дамыту және спорттық инфрақұрылымды кеңейту жоспары көрсетілді. Осы орайда жасанды көгалы бар екі ашық футбол алаңын, 500 орындық жабық манеж және әкімшілік-тұрмыстық кешеннің жаңа ғимаратын салу көзделген. ✔️Президентке академия орнын таңдауда балаларды шыңдай түсетін табиғат факторлары ескерілгені айтылды. ✔️Алматы облысының Талғар ауданындағы таудың таза ауасы мен жағымды климат бала ағзасының тез қалпына келуіне септігін тигізеді. ✔️Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев жабындысы FIFA талаптарына сай келетін футбол алаңын көрді, сондай-ақ допты игеру техникасы мен испан әдістемесі бойынша командалық іс-қимыл дағдыларын пысықтауға кіріскен жас футболшылардың жаттығуын тамашалады. ✔️Іс-шараға Испанияның Қазақстандағы елшісі Луис Франсиско Мартинес Монтес, «Атлетико Мадрид» футбол клубы директорлар кеңесінің мүшесі Давид Вилья, аталған клубтың академия істері және халықаралық даму жөніндегі директорының орынбасары Мария Тереса Кириви қатысты. t.me/aqorda_resmi
Архив Aqorda — страница 11
Это 11-я страница архива публикаций источника Aqorda. Свежие материалы в этой подборке — на первой странице. Все источники ленты доступны со главной.





























