ҚАРТТАР КҮНІНДЕ ШЫМКЕНТТІК ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР ТЕГІН КИНО ТАМАШАЛАЙДЫ

Республика бойынша алғаш рет Шымкент қаласының қарияларына ерекше сый жасалады. Қарттар күніне орай мегаполисте зейнеткерлер тегін кино тамашалай алады.

1 қазан күні екі кинотеатр егде жастағы тұрғындарға есігін айқара ашады. «Фиркан-сити» және «Шымкент-плаза» сауда-сауық орталықтарындағы кинотеатрларда қазақ киносының алтын жауһарлары – «Көк серек», «Тақиялы періште», «Менің атым – Қожа» классикалық фильмдері ұсынылмақ.

Осылайша қаланың егде азаматтарына құрмет көрсетіліп, бір сергіп қайтуына жағдай жасалады.

Айта кетейік, Қарттар күніне орай мерекелік шаралар 28 қыркүйек пен 1 қазан аралығында ұйымдастырылмақ.