ШЫМКЕНТТЕ БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІНДЕ 3 МЫҢНАН АСТАМ ЖҰМЫС ОРНЫ ҰСЫНЫЛДЫ

Шымкентте қыркүйектің соңғы жексенбісінде атап өтілетін Еңбек күніне орай өңіраралық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Іс-шараға қаладағы 100-ден астам мемлекеттік және жекеменшік ұйым, оның ішінде индустриалды аймақтардағы 20 мекеме қатысып, 3 100-ден астам жұмыс орны ұсынылды. Соның 2 мыңға жуығы – тұрақты, 1 100-і – уақытша жұмыс орындары.

Жәрмеңкеге Абай, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау және Павлодар облыстарынан 20-дан астам делегация да қатысты. Өңірлердің өкілдері тұрғындарға жұмысқа орналасу, ерікті түрде қоныс аудару және жұмыспен қамтуды қолдаудың қолданыстағы шаралары бойынша кеңес берді.

Айта кетейік, биыл Шымкентте 31 398 адамды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына тарту жоспарланып, бүгінде 26 412-сі қамтылды.

Сонымен қатар, жоспарланған 9 446 жұмыс орнының 7 732-сі құрылып, тұжырымдама мен даму бағдарламасы аясында жоспарланған 813 адам жұмысқа орналастырылды. Ал жеке бастамалар есебінен 6 919 адамды жұмыспен қамту жоспары толық орындалды.

Сонымен бірге, дағдыларды дамыту бағыты бойынша 4 149 адам қамтылды, соның ішінде 450 адам жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша оқуға жіберілді, тағы 160 азамат тікелей жұмыс орындарында білім алды.

Бұдан бөлек, http://xn--nbek-u4d.kz/ порталы арқылы 3 454 адам онлайн оқытуға қатысты. Кәсіби біліктілікті тану бағыты бойынша 85 азамат оқып шықты.

Сондай-ақ, кәсіпкерлік бастамаларды қолдау жұмыстары жалғасуда. Бүгінде тиісті жұмыспен қамту шараларына 2 726 азамат тартылды. Оның ішінде 2

623 адам «Бастау Бизнес» жобасы аясында білім алды.

Бұдан бөлек, әлеуметтік осал санаттарға жататын азаматтарға 400 АЕК-ке дейінгі мемлекеттік гранттар қарастырылған. Жоспарланған 400 алушының бүгінде 103-іне грант берілді.

Субсидияланатын жұмыс орындарына 3 229 азамат жолданды. Ал «Жастар практикасы» бағдарламасы аясында 1 404 адам жұмысқа орналастырылды. «Қоғамдық жұмыстар» бағдарламасы бойынша 1 479 азамат жұмыспен қамтылды.

Жалпы, биыл тұрақты жұмыс орындарына 11 427 адамды орналастыру жоспарланған. 21 қыркүйектегі жағдай бойынша 8 575 азамат тұрақты жұмысқа орналасты.

Айта кетейік, жәрмеңке жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілер тікелей байланыс орнататын алаңға айналды. Тұрғындар өзекті бос жұмыс орындарымен танысып, кәсіби оқыту, кәсіпкерлік бастамалар және жұмыспен қамту шаралары туралы ақпарат алды.