ҚАЛА ТАЗАЛЫҒЫ – ОРТАҚ ІС

19 қыркүйек – Дүниежүзілік тазалық күні халықаралық экологиялық акциясы және «Таза Қазақстан» жобасы аясында А. Асқаров атындағы Дендросаябақта тазалық жұмыстары жүргізілуде.

Экологиялық акцияға қаланың 200-ге жуық белсенді жасы қатысып, Дендросаябақ аумағын тазалау, абаттандыру және көріктендіру жұмыстарына атсалысуда.

Жастардың белсенділігі олардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін және қоғамдық бастамаларға деген азаматтық белсенділігін көрсетеді.

«Таза Қазақстан» – қоршаған ортаны таза ұстауға ғана емес, қоғамда ортақ жауапкершілік пен азаматтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама.

#WorldCleanupDay #ТазаҚазақстан #ӨзіңненБаста