ШЫМКЕНТТЕ «КИБЕРҚАУІПСІЗДІК КҮНІ» ФОРУМЫ ӨТЕДІ
Цифрландыру басқармасының ұйымдастыруымен 17 қыркүйек күні ақпараттық қауіпсіздікке арналған «Киберқауіпсіздік күні: цифрлық гигиена және деректерді қорғау технологиялары» қалалық форум-семинары өтеді.
Форум барысында студенттер мен жастарға интернет-алаяқтықтан қорғану, киберқауіптердің алдын алу, жеке деректерді қорғау және цифрлық гигиена туралы пайдалы ақпараттар ұсынылады.
Сонымен қатар қатысушыларды бағалы ұтыстар күтеді:
Негізгі сыйлық – iPhone 16
2 және 3 орындарға – сымсыз құлаққаптар мен смарт-сағаттар
Қосымша сыйлықтар мен ұтыс ойындары.
Сонымен қоса, қатысушыларды фуршет және нетворкинг күтеді.
Форум соңында киберқауіпсіздік бойынша интерактивті онлайн-квиз өткізіліп, үздіктер анықталады.
Өтетін орны: «Көрме» орталығы;
Уақыты – 2026 жылғы 17 қыркүйек, 10:00-17:00
Пайдалы ақпарат, жаңа таныстар, қызықты формат және бағалы сыйлықтар – барлығы бір алаңда!