МАРАФОНҒА БАЙЛАНЫСТЫ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК БАҒЫТТАРЫ ӨЗГЕРЕДІ

Құрметті Шымкент тұрғындары мен қала қонақтары!

Шымкент марафонына байланысты қаладағы бірқатар көшедегі қозғалысқа өзгеріс енгізілетінін назарларыңызға жеткіземіз.

12 қыркүйек

Сағат 06:00-ден бастап Әл-Фараби алаңына кіретін жолдарда көлік қозғалысы шектеледі.

Осыған байланысты 12 қыркүйектен бастап жол қозғалысы толық қалпына келтірілгенге дейін №56, №69 және №92 автобус бағыттарының қозғалыс сызбасына уақытша өзгерістер енгізіледі.

13 қыркүйек

13:30-ға дейін марафон бағыты бойынша: Әл-Фараби алаңы – Асқаров көшесі – Түркістан көшесі – Қонаев даңғылы – Бәйдібек би көшесі – Арғынбеков көшесінің қиылысына дейін көлік қозғалысы уақытша жабылады.

Осы көшелердегі көлік қозғалысының шектелуіне байланысты, 13 қыркүйектен бастап төмендегі қоғамдық көлік бағыттарының қозғалыс сызбасына уақытша өзгеріс енгізіледі:

№№12, 17, 19, 26, 27, 27А, 34, 42, 45, 45А, 52, 57, 64, 67, 68, 70, 74, 84, 102, 103, 104, 108, 113, 114, 133, 135, 169, 171, 171А, 171Б, 182.

Өзгертілген қозғалыс сызбасы төмендегі схемада көрсетілген.

Жолаушылардан сапар бағытын алдын ала жоспарлап, уақытша өзгерістерді ескеруді және түсіністік танытуды сұраймыз.