МАҢЫЗДЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

Шымкент тұрғындары мен қала қонақтарының назарына!

Т.Рысқұлов көшесінде жүргізілетін жол жөндеу жұмыстарына байланысты Ерімбетов көшесінен Жолан батыр көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысы уақытша шектелетінін хабарлаймыз.

Жөндеу мерзімі 11 қыркүйек күні сағат 10:00-ден кешкі сағат 18:00 аралығын қамтиды.

Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтарынан көлік қозғалысының бағытын алдын ала жоспарлап, мүмкіндігінше балама бағыттарды пайдалануды сұраймыз.