МАҢЫЗДЫ ХАБАРЛАНДЫРУ
Шымкент тұрғындары мен қала қонақтарының назарына!
Т. Рысқұлов көшесін жөндеу жұмыстарына байланысты Бәйтереков көшесінен Шаяхметов көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысы бір бағытта уақытша шектелетінін хабарлаймыз.
Жөндеу жұмыстарының мерзімі: 2026 жылғы 7 қыркүйектен 8 қыркүйекке дейін.
Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтарынан көлік қозғалысының бағытын алдын ала жоспарлап, мүмкіндігінше балама бағыттарды пайдалануды сұраймыз.