ХАБАРЛАНДЫРУ

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары!

Сіздерді 3 және 4 қазан күндері сағат 19:00–20:30 аралығында Шымкент қаласының түрлі мәдени орындарында өтетін «Шымқала кештері» күзгіконцерттік бағдарламасына шақырамыз!

3 қазан:

Этноауыл алаңы – «Шымкент концерт» ұжымы (филарманияның жеке орындаушысы)

Наурыз саябағы – Шымкент қалалық өзбек драма театры

Өтеміс мәдениет үйі – мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру дирекциясы

4 қазан:

City Park саябағы – «Шымкент-Цирк»

Спутник гүлзары – Шымкент қалалық әзіл-сықақ және сатира театры

Қызылжар мәдениет үйі – мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру дирекциясы

Көңілді кеш, әсем әуен және көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын мәдени шарадан қалыс қалмаңыздар!

Кіру – тегін.