«Таза Қазақстан»: Астанада кәсіпорын қызметкерлері индустриялық парк аумағын көгалдандырды

Астанада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында қаланы көгалдандыру жұмысы жалғасып жатыр. Кезекті іс-шара №1 индустриялық парк аумағында өтіп, оған елордалық кәсіпорындардың қызметкерлері қатысты. Оның барысында абаттандыру жұмысы жүргізіліп, 65 ағаш отырғызылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Экологиялық бастамаға «KZ-ПРЕСТИЖ», «Танжер-1», «PolyTech Astana» және «ЛС Групп» кәсіпорындарының ұжымдары қосылды. Қызметкерлер өнеркәсіптік аймақта көгалдандыру жұмысын бірлесіп жүргізіп, қоршаған ортаны жақсартуға өз үлесін қосты.

Кәсіпорындардың осындай экологиялық бастамаларға қатысуы өнеркәсіптік аумақтарды көгалдандырып, абаттандыруға, бизнестің қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруға және елордада жайлы қалалық орта қалыптастыруға ықпал етеді.

#ТазаҚазақстан #экология #TazaChallenge @TazaQazaqstan