Астанада Р. Қошқарбаев даңғылының бір бөлігі жөндеу жұмысына байланысты жабылады

Астанада 15-20 қыркүйек күндері Р. Қошқарбаев даңғылының Ш. Құдайбердіұлы даңғылы мен Абылай хан даңғылы аралығында салмақ өлшейтін датчиктерді орнатуға арналған асфальтбетон жабынан төсеу жұмысы жүргізіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бұл ретте көлік қозғалысы жолдың бір жағымен екі бағытта ұйымдастырылады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлап, ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды барынша азайту мақсатында тиісті жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады.