Aqorda » публикация №32457
🤝Екі елдің ресми делегация мүшелері мемлекетаралық, үкіметаралық және ведомствоаралық деңгейдегі құжаттармен алмасты: 1. 1995 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасында азаматтық істер жөніндегі құқықтық көмек туралы шартқа өзгеріс енгізу туралы хаттама; 2. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Түркия Республикасы Үкіметі арасындағы мәдени орталықтарды құру, аталған мәдени орталықтардың жұмыс істеуі және қызметі туралы келісім; 3. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Түркия Республикасы Үкіметі арасындағы инвестицияларды ынталандыру және өзара қорғау туралы келісім; 4. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен TAV Holding компаниясы арасындағы инвестициялық келісім; 5. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Түркия Республикасы Мәдениет және туризм министрлігі арасындағы «Абай-Акиф» бірлескен бағдарламасын құру ниеті туралы келісім; 6. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі мен Түркия Республикасы Ұлттық білім министрлігі арасындағы Қазақстан Республикасында «Маариф» Түрік қорының екі мектебін ашу ниеті туралы меморандум; 7. Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасына қарасты «Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны және Түркия Телерадио корпорациясы (ТРТ) арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум; 8. Аурухана құрылысын қаржыландыру жөніндегі ынтымақтастық туралы келісім; 9. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ пен Türkiye Petrolleri Anonim Ortaklığı арасындағы мұнай сервисі қызметтерін көрсету мәселесі бойынша ынтымақтастық туралы келісім; 10. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ пен Türkiye Petrolleri Anonim Ortaklığı арасындағы мұнай-газ жобаларын бірлесіп іске асыру мәселелері бойынша өзара түсіністік туралы меморандум; 11. «Астана» халықаралық қаржы орталығы мен Ыстанбұл қаржы орталығы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум; 12. «АНКА» ұшқышсыз ұшу аппараттарын өндіретін және оларға сервистік қызмет көрсететін бірлескен кәсіпорын құру туралы келісім; ✍️Сонымен қатар Түркия Президентінің мемлекеттік сапары аясында мынадай құжаттарға қол қойылды: 1. Қазақстандық халықаралық даму агенттігі (KazAID) мен Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі (TIKA) арасындағы ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандум; 2. «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасы (Astana International Exchange Ltd.) мен «Ыстанбұл қор биржасы» акционерлік қоғамы (Borsa Istanbul Anonim Şirketi) арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум. t.me/aqorda_resmi





























