ҚТЖ PRESS » публикация №13223
✅Ұлттық тасымалдаушы жазда Бурабай бағыты бойынша 144 мыңнан астам жолаушыны тасымалдауды жоспарлап отыр ▶️Жазғы демалыс маусымында ұлттық тасымалдаушы Бурабай курорты бағыты бойынша 144 мыңнан астам жолаушыны тасымалдауды жоспарлап отыр. Табиғаты көркем өңір жыл сайын ішкі туризмнің ең сұранысқа ие бағыттарының бірі ретінде мыңдаған демалушыны қабылдайды. ▶️Жолаушылардың қатынауын қамтамасыз ету мақсатында Бурабай курорты станциясында түрлі санаттағы 10 жолаушылар пойызы аялдайды. Олар курорттық аймақты еліміздің ірі қалаларымен және өңірлерімен байланыстырады. ▶️Бурабай бағыты бойынша келесі пойыздар қатынайды: 1. №47/48 «Нұрлы жол – Атырау» – күнара; 2. №83/84 «Қарағанды – Мәскеу» – аптасына екі рет 3. №105/106 «Алматы – Петропавл» (Talgo) – күнара; 4. №113/114 «Алматы – Қазан» – аптасына бір рет; 5. №139/140 «Павлодар – Пресногорьковская» – күнара 6. №145/146 «Нұрлы жол – Омбы» – аптасына үш рет; 7. №323/627 «Нұрлы жол – Петропавл/Қызылту» – күнара; 8. №887/888 «Нұрлы жол – Бурабай курорты» – аптасына бес рет; 9. №6829/6830 «Сороковая – Көкшетау» – күн сайын; 10. №7507/7508 «Нұрлы жол – Көкшетау» – күн сайын. ▶️Жолаушылар пойыздарына билеттер сатылымы пойыз жөнелтілетін күнге дейін 45 тәулік бұрын ашылады және жөнелтуге 10 минут қалғанда тоқтатылады. Ал қала маңындағы пойыздарға билеттер 10 тәулік бұрын сатылымға шығып, пойыз жөнелгенге дейінгі 10 минутқа дейін қолжетімді болады. ▶️Билеттер ресми bilet.railways.kz сайтында, «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларында, сондай-ақ, билеттерді сатудың мобильді сервистері арқылы қол жетімді. ▶️Қосымша ақпаратты 1433 тегін нөмірі, сондай-ақ, «Жолаушылар тасымалы» АҚ @jolaushylar_tasymaly ресми Instagram-аккаунты арқылы білуге болады. ➖➖➖ ✅Нацперевозчик планирует перевезти более 144 тысяч пассажиров в направлении Курорт-Боровое этим летом ▶️В летний сезон Национальный перевозчик планирует перевезти в направлении Курорт-Боровое более 144 тысяч пассажиров. Популярная курортная зона традиционно остается одним из наиболее востребованных направлений внутреннего туризма, особенно в период летних отпусков. ▶️Для удобства пассажиров на станции Курорт-Боровое предусмотрена остановка десяти пассажирских поездов различных категорий, обеспечивающих транспортное сообщение курортной зоны с крупными городами Казахстана и пригородными регионами. ▶️В направлении Курорт-Боровое курсируют следующие поезда: 1. №47/48 «Нурлы жол – Атырау» — через день; 2. №83/84 «Караганды – Москва» — два раза в неделю; 3. №105/106 «Алматы – Петропавловск» (Тальго) — через день; 4. №113/114 «Алматы – Казань» — один раз в неделю; 5. №139/140 «Павлодар – Пресногорьковская» — через день; 6. №145/146 «Нурлы жол – Омск» — три раза в неделю; 7. №323/627 «Нурлы жол – Петропавловск/Кызылту» — через день; 8. №887/888 «Нурлы жол – Курорт-Боровое» — пять раз в неделю; 9. №6829/6830 «Сороковая – Кокшетау» — ежедневно; 10. №7507/7508 «Нурлы жол – Кокшетау» — ежедневно. ▶️Продажа билетов на пассажирские поезда открывается за 45 суток и завершается за 10 минут до отправления поезда. Билеты на пригородные поезда доступны за 10 суток до отправления и также продаются до 10 минут до начала поездки. ▶️Приобрести билеты можно на официальном сайте, в железнодорожных кассах АО «Пассажирские перевозки», а также через мобильные сервисы продажи билетов. ▶️Дополнительную информацию пассажиры могут получить по бесплатному номеру 1433 и на официальной странице АО «Пассажирские перевозки» в социальных сетях.
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























