UKIMET » публикация №24278
Туризм министрлігі: Almaty SuperSki жобасы заңда көзделген барлық келісу рәсімдерінен өтті Басты назар жобаны уақтылы жүзеге асыруға салынып отыр Almaty SuperSki тау курорты жобасы заңнамада көзделген барлық келісу рәсімдерінен өтті. Бұл туралы Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәлімдеді. «Almaty SuperSki экологиялық сараптаманы, ғылыми талдауды, қоғамдық тыңдауларды қоса алғанда, заңда көзделген барлық келісу рәсімдерінен өтті. Қоршаған ортаға, топыраққа, суға, өсімдіктер мен жануарлар әлеміне, сондай-ақ адам денсаулығына ықтимал салдары зерттелді. Бүгінгі таңда барлық рұқсаттар алынды, сондықтан жобаны уақтылы жүзеге асыруға баса назар аударылуда», — деп атап өтті министр. Сонымен қатар, Kazakh Tourism Development Ltd бас директоры Ержан Еркінбаевтың айтуынша, жобаның коммерциялық бөлігі: қонақ үйлер, орналастыру орындары және туристік инфрақұрылымдар тек жеке инвестициялар есебінен салынатын болады. Бұл мақсаттарға бюджет қаражаты тартылмайды. ➖ Минтуризма: Almaty SuperSki прошел все предусмотренные законом процедуры согласования Акцент - на своевременной реализации проекта Проект горного курорта Almaty SuperSki прошел все предусмотренные законодательством процедуры согласования. Об этом на пресс-конференции по итогам заседания Правительства сообщил министр туризма и спорта Ербол Мырзабосынов. «Almaty SuperSki прошел все предусмотренные законом процедуры согласования, включая экологическую экспертизу, научный анализ, общественные слушания. Изучены возможные последствия для окружающей среды, почвы, воды, растительного и животного мира, также здоровья людей. На сегодняшний день получены уже все разрешения, поэтому основное внимание уделяется своевременной реализации проекта», — отметил министр. В то же время, по информации генерального директора Kazakh Tourism Development LTD Ержана Еркинбаева, коммерческая часть - отели, места размещения и туристская инфраструктура - будет строиться исключительно за счет частных инвестиций. Бюджетные средства на эти цели привлекаться не будут. 📱@KZgovernment
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























