UKIMET » публикация №24259
Биыл өңірге 500 мыңға жуық турист келеді деп күтілуде 📌 Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында 2025–2029 жылдарға арналған «Маңғыстау» туристік аймағын дамытудың кешенді жоспары бекітілді. Бұл туралы Үкімет отырысында өңір әкімі Нұрдәулет Қилыбай мәлімдеді. Оның айтуынша 2025 жылы аймаққа 450 мыңға жуық турист келіп, көрсетілген қызметтердің көлемі 20 млрд теңгеден асып, өсім 11% болған. Бүгінде облыста ішкі туризммен айналысатын 22 тіркелген туроператор бар, олар 248 туристік маршрутты қалыптастырған. «2026 жылы халықтың жаппай демалу орындарын абаттандыру аясында 2 жоба жүзеге асырылуда: Ақтау қаласындағы «Солдатский» коммуналдық жағажайы — 874 млн теңге және Ақтау қаласындағы жалпы ұзындығы 4 шақырым болатын жағалауды абаттандыру жобасы — 14 млрд теңге. Аталған жобалар жағажай мен жағалау инфрақұрылымын жақсартып, тұрғындар мен туристер үшін қолайлы әрі қауіпсіз демалыс кеңістігін қалыптастырады», — деп атап өтті Нұрдәулет Қилыбай. Кендірлі курорттық аймағын дамытуға ерекше назар аударылған. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2025 жылы басталған жаңа әуежай құрылысы жүргізілуде. Қазіргі таңда нысанның жалпы дайындық деңгейі 35%-ды құрайды. ➖ Порядка 500 тыс. туристов ожидают в текущем году в Мангистауской области 📌В рамках реализации поручений Главы государства в регионе утвержден Комплексный план развития туристской зоны «Мангистау» на 2025–2029 годы. Об этом на заседании Правительства сообщил аким региона Нурдаулет Килыбай. По его словам, по итогам 2025 года регион уже посетили около 450 тыс. человек, а объем оказанных услуг превысил 20 млрд тенге, показав рост на 11%. На сегодняшний день внутренним туризмом в области занимаются 22 зарегистрированных туроператора, которыми сформировано 248 туристических маршрутов. «В 2026 году в рамках благоустройства мест массового отдыха населения реализуются 2 проекта: коммунальный пляж «Солдатский» в городе Актау на 874 млн тенге и проект благоустройства набережной общей протяженностью 4 км в городе Актау на 14 млрд тенге. Указанные проекты улучшат пляжную и прибрежную инфраструктуру, сформируют удобное и безопасное пространство отдыха для жителей и туристов», — подчеркнул Нурдаулет Килыбай. Особое внимание уделено развитию курортной зоны «Кендерли». По поручению Президента, там ведется строительство нового аэропорта, начатое в 2025 году. На данный момент общая готовность объекта составляет 35%. 📱 @KZgovernment
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























